ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДА «АРМАНДА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДА «АРМАНДА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Арманда» Халықаралық форумы өтті. Форумның мақсаты - білім беру, отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани және әлеуметтік дамуы бойынша салауатты пікірталас алаңын құру.
Жоба жетекшісі психология ғылымдарының кандидаты, белгілі медиаменеджер Арман Давлетияров бұл жиынның жастарға берері мол деп есептейді. Форумда тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, сахна төріне шыққан айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов сөз өнерінің құдіретіне тоқталып, еркін сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың тәсілдерімен бөлісті. Форумды қорытындылаған белгілі дінтанушы, елге «Нұрлан имам» атымен танымал Нұрлан Байжігітұлы қазақ салт-дәстүрлері, ұлттық құндылықтар жөнінде насихат айтып, көпшіліктің түрлі сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар, қазан-желтоқсан айлары аралығында форумға қатысушылар өңірлердегі балалар және қарттар үйлеріне, сондай-ақ басқа да әлеуметтік мекемелерге барады. Сондай-ақ, студенттермен және аз қамтылған отбасылармен кездеседі.
Форум еліміздің Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Көкшетау, Петропавл, Семей, Өскемен, Қостанай, Жезқазған, Талдықорған сынды 17 қаласында өтеді.
Айта кететін, өңірде мың мектепте 500 мыңнан астам оқушы білім алуда. Олардың 121-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Түркістан қаласының аумағында 42 мың оқушыны қамтитын 34 мектеп бар. 7 мектеп ескірген.
Жалпы облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі 14 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 5 мектептің жұмысы келер жылға өтпелі.
Биыл оқулықтарды сатып алуға 5,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, облыстық білім басқармасымен 13 баспадан 1 млн. 192 мың дана оқулық алуға тапсырыс берілген. 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда 5 баспадағы оқулықтар тасымалдануда, 31 тамызға дейін қалған баспадағы оқулықтар толығымен жеткізіледі.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыста жекеменшік білім беру мекемелерінің желісін арттыу бойынша нақты шаралар қабылданады. Өңірдегі бизнес өкілдерін білім саласына инвестиция құюға шақыру жұмыстары жүрзіліп жатыр. Мемлекет әр бала үшін жекеменшік мектептерді қаржыландырады. Мәселен, алдағы оқу жылында осы 110 жекеменшік мектептегі 30 мыңға жуық оқушы үшін орта есеппен 20,7 млрд. теңге (бір балаға 686,9 мың теңге) қаржы бөлінеді.
Қазіргі таңда облыста 9 үш ауысымды, 8 апатты мектеп болса, ал, оқушы орынының тапшылығы 30 мың орынды құрайды. Мемлекет жоспарына сәйкес аталған мәселені 2025 жылға дейін шешу жоспарланған. Жаңа оқу жылының басталуында облыста 17 жекеменшік мектеп (жалпы көлемі 5 мыңнан астам орындық) пайдалануға беріледі. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ды құрап, онда 30 мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Ал жыл соңына дейін тағы 7 жекеменшік мектеп ашылуы жоспарланған.
Облыс колледждеріне биылғы жылға кәсіптік білім алуға ниетті жастар үшін колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі артты. Республикалық бюджеттен қаралған 15 300 грант 43 колледж арқылы толық игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда колледж студенттері 4 мыңға көбейді. Мамандық түріне қарай бір студентке бюджеттен бөлінетін жылдық оқу құны 850 мың теңге мен 1 млн. теңге аралығында. Биыл гранттарды орналастыруда ашықтық қағидаты қатаң сақталды. Оқуға ниетті жастармен тек білім саласының қызметкерлері ғана емес облыстағы Жастар ресурстық орталықтары да тығыз жұмыс жүргізген. Қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 22 мыңнан 32 мыңға, ал 2024 жылдан бастап 42 мыңға артады.
Биыл облыстағы 50 184 әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасы мен оқу құралдары мемлекет және демеушілер есебінен алып беріледі. Қазіргі таңда 41 734 балаға көмек берілді. Оның ішінде мемлекет тарапынан 32 312 балаға 40 567 теңгеден қаралып, ата-аналарының шоттарына қаржылай аударым жасалса, демеушілер есебінен 9 422 балаға түрлі көмектер берілді.
Ескере кететін, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы бойынша Түркістан облысында 86 мектеп салу жоспарланған. Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте қаралған «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды таяуда салаға жауапты басшылардың басын қосып, нақты тапсырмалар берді. Жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу, педагогтермен қамту және уақытында құрылысын аяқтау сынды тапсырмалар міндеттелді. Осы арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою жоспарға қойылған.
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында осы мақсатта 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи пән кабинеттерімен, зертханалармен толық қамтамасыз етіледі. Түркістан облысында 900, 1200 және 2000 оқушы орындық мектептер салу жоспарланған. Бекітілген 86 мектепте 60 мыңнан астам баланың білім алуына барлық мүмкіндік жасалады. Жобаның мақсаты – қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі, бірыңғай стандарттағы жабдықталған мектептер салу. Оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру.Түркістан облысында жалпы 983 (оның ішінде 75 жекеменшік) мектеп бар. Соңғы жылдары 83 жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал қазір 59 мектеп салынып жатыр.
Сонымен қатар, облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 95% пайызды құрайды. Биыл бірқатар білім ошақтарында қазандықты жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы, мемлекеттік білім беру ұйымдары орталықтандырылған, газ, сұйық отын және қатты отынмен жылытылады.
Облыста 1 275 білім беру мекемесінің ішінде 1274 білім беру ұйымының жылыту жүйелеріне гидравликалық сығымдаудан өткізілді. Білім беру ұйымдарын қатты отынмен жылыту пештерін табиғи газға ауыстыру жоспарлануда. Яғни, ол 5,5%-ға артып, 84 білім беру мекемесі, оның ішінде 6 балабақша, 77 мектеп және бір колледж қосылатын болады. 580 білім беру нысандарына қажетті 120,8 мың тонна көмір сатып алу бойынша жеңімпаздар анықталып, келісімшарт жасалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...