КЕЛЕС: КЕЛЕСТЕ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЛЕС: КЕЛЕСТЕ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданының білім бөлімі мен Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2023 жылдың 19-20 қазанында «Шағын жинақты мектептермен серіктестік аясында білім сапасын арттырудың проблемалары мен жаңашыл әдістәсілдері» тақырыбындағы республикалық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты мамандандырылған мектеп тәжірибесі негізінде серіктес шағын жинақты білім мекемелерінде білім сапасын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдермен алмасу болып табылады.
Республикалық шара аясында «Оқушыларды ғылым жарыстарына дайындау тәсілдері» тақырыбында TEDX, педагогтың дамуы мен жетілуінің жаңа мүмкіндіктерін талқылауға арналған дөңгелек үстел, ауыл мектебінің қазіргі жағдайы, мәселелері мен шешу жолдарын анықтау мақсатында телекөпір,
желілік қоғамдастық аясында мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы, «Көмектаймс» жобасын шағын жинақты мектептер жүйесімен үйлестіру үшін арнайы Case study, «Ауылым-алтын бесігім» зияткерлік сайысы сияқты бірнеше тақырыптың алаңдар ұйымдастырылды. Жиында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою мәселелері де сөз болды.
Семинарға еліміздің әр аймағынан жиналған 140-қа жуық мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының ғалымдары да қатысты
Айта кететін, жалпы облыст бойынша 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі 14 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 5 мектептің жұмысы келер жылға өтпелі. Облыс басшысы оқу жылына дейін тапсырылуға тиіс мектептердің құрылысын, жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
– Білім саласына биыл бюджеттен 597 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде, мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 4 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған. Оқу орындарын жаңа оқу жылына дайындауға қаражат жеткілікті. Аудандарда кездесу өткізгенде мектеп мәселесі жиі көтеріледі. Мысалы, Сайрам және Сарыағаш ауданында құрылыс жұмыстары созылған. Нәтиже болмаған соң өзім баруға мәжбүр болдым. Сарыағаш ауданындағы №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарының созылуына орай жауапты мердігер мен жұмысына салғырт қараған тұлғаларды анықтап, заң аясында жауапкершілікке тартуды ұсынамын, – деген болатын облыс әкімі.
ҚР Үкіметінің тапсырмасымен аудан, қалалардың әкімдіктеріне мемлекеттік білім беру ұйымдарын әкімшілік-экономикалық қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Ал оқу-тәрбие процесін қаржыландыру, облыстық білім басқармасында болады,– деді облыс әкімінің орынбасары.
Дайындықтың негізгі міндеттерінің бірі, білім беру ұйымдарын оқулықпен қамтамасыз ету. Биыл оқулықтарды сатып алуға 5,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, облыстық білім басқармасымен 13 баспадан 1 млн. 192 мың дана оқулық алуға тапсырыс берілген. 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда 5 баспадағы оқулықтар тасымалдануда, 31 тамызға дейін қалған баспадағы оқулықтар толығымен жеткізіледі.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыста жекеменшік білім беру мекемелерінің желісін арттыу бойынша нақты шаралар қабылданады. Өңірдегі бизнес өкілдерін білім саласына инвестиция құюға шақыру жұмыстары жүрзіліп жатыр. Мемлекет әр бала үшін жекеменшік мектептерді қаржыландырады. Мәселен, алдағы оқу жылында осы 110 жекеменшік мектептегі 30 мыңға жуық оқушы үшін орта есеппен 20,7 млрд. теңге (бір балаға 686,9 мың теңге) қаржы бөлінеді.
Қазіргі таңда облыста 9 үш ауысымды, 8 апатты мектеп болса, ал, оқушы орынының тапшылығы 30 мың орынды құрайды. Мемлекет жоспарына сәйкес аталған мәселені 2025 жылға дейін шешу жоспарланған. Жаңа оқу жылының басталуында облыста 17 жекеменшік мектеп (жалпы көлемі 5 мыңнан астам орындық) пайдалануға беріледі. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ды құрап, онда 30 мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Ал жыл соңына дейін тағы 7 жекеменшік мектеп ашылуы жоспарланған.
Облыс колледждеріне биылғы жылға кәсіптік білім алуға ниетті жастар үшін колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі артты. Республикалық бюджеттен қаралған 15 300 грант 43 колледж арқылы толық игерілді. Өткен жылмен салыстырғанда колледж студенттері 4 мыңға көбейді. Мамандық түріне қарай бір студентке бюджеттен бөлінетін жылдық оқу құны 850 мың теңге мен 1 млн. теңге аралығында. Биыл гранттарды орналастыруда ашықтық қағидаты қатаң сақталды. Оқуға ниетті жастармен тек білім саласының қызметкерлері ғана емес облыстағы Жастар ресурстық орталықтары да тығыз жұмыс жүргізген. Қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 22 мыңнан 32 мыңға, ал 2024 жылдан бастап 42 мыңға артады.
Биыл облыстағы 50 184 әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасы мен оқу құралдары мемлекет және демеушілер есебінен алып беріледі. Қазіргі таңда 41 734 балаға көмек берілді. Оның ішінде мемлекет тарапынан 32 312 балаға 40 567 теңгеден қаралып, ата-аналарының шоттарына қаржылай аударым жасалса, демеушілер есебінен 9 422 балаға түрлі көмектер берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...