Вена орталығында лаңкестік шабуыл болып, салдарынан кем дегенде 7 адам қайтыс болды. Оқиға орын алысымен Вена полициясының Twitter-аккаунтында арнайы операцияның жүргізіліп жатқаны туралы жазылды.
Тәртіп сақшылары жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын терезелерге жақындамауға шақырып, куәгерлерден оқиға орнынан әлеуметтік желілерге фотосуреттер мен видеолар орналастырмауды сұрады.
Австрия астанасының тұрғындары террористің шабуыл жасағанын видеоға түсіріп үлгерген.
Қазіргі уақытта 7 адамның қаза тапқаны белгілі. APA агенттігі Австрияның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, шабуылдаушылардың бірі атылып, екіншісі қашып кетті деп мәлімдеді.
Австрияның ішкі істер министрі Карл Нехаммер оқиғаны террористік шабуыл деп атады, деп хабарлайды Reuters.
Карл Нехаммер тағы да шабуылдың болуы мүмкін екенін ескертті. Австрияның ішкі істер министрі бірнеше қылмыскердің қала орталығында екенін айтты.