CAУРАН: АУДАНДА «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕГІ АШЫҚ КІТАПХАНА» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

CAУРАН: АУДАНДА «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕГІ АШЫҚ КІТАПХАНА» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Aудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жылжымалы кітап пункті аудан әкімдігінің ғимаратында ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев пен мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыруы және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова мен аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Құндызай Налшиева арнайы қатысып, сөреге қойылған бірқатар кітаптармен танысты.
-Облыс әкімі Дaрхан Сaтыбалдының қолдауымен барлық аудандағы әкімдіктерде жылжымалы кітапхана іске қосылып жатыр. Жастайымыздан ата-анамыздың ықпалымен кітап оқыдық. Қазір шынын айту керек мемлекеттік қызметшілердің кітап оқуға уақыттары тапшы. Әкімдік ғимаратындағы кітапхана оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын оятады деп ойлаймын. Туған өлкенің тарихын тануда бұл жобаның берері мол,-деді Серік Өмірханұлы!
Жылжымалы кітап пунктінде 500-ге жуық кітап қоры бар. Абай Құнанбаевтың шығармаларынан бастау алған кітаптар тізбегі жергілікті ақын, жазушылардың шығармаларымен толыққан. Ауданның тарихы қатпарланған кітаптарды да сөреден көруге болады.
«Ашық әкімдіктегі ашық кітапхaна» жобaсының мақсаты билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу. Халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру болып табылады. Оқырмандардың сұраныстарын толықтыру үшін арнайы жауапты кітапханашы қызмет көрсетеді. Сөредегі кітаптар мерзіміне сәйкес жаңартылып отырады.
Айта кетейік, Стрaтегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының санағы қорытындысы бойынша елімізде мемлекеттік тілді меңгерген 5 жастан асқан 13,7 млн адам бар, яғни ол жалпы халық санының 81 пайызына тең. Олардың 8,5 млн-ы қазақ тілін күнделікті өмірде еркін қолданады. Ал 1 млн адам мемлекеттік тілді үйреніп жүрсе, тағы 1 млн-ы үйренуді жоспарлап жүр.
Кез келген тілдің дамуы үшін, ол тіл үнемі жаңа сөздермен кірігіп, ғылыми өзгерістерді қабылдай алатын негізде болуы шарт. Міне, сонда ғана тіл заман ағымына сай түрленіп, ұрпақтар қолданысына лайық болады. Қазақ тілі де сол заңдылықпен жүруі міндетті. Тілдің сақталуы мен дамуына басты қажеттілік оның барлық салада қолданысқа ие болуы. Ғылымдa, мемлекеттік органдар мен күнделікті өмірде қолданылатын тіл – толыққан тіл деп аталады.
Қазіргі қазақ әдебиетінің тақырыптық аясы кең. Қоғамымыздың әлеуметтік мәселелерін, тыныс-тіршілігін, кейіпкерлердің психологиясын беруде түрлі әдістермен берілетіні байқалады. Шығармалардан күнделікті қолданыстағы жаңа сөздерді, терминдерді  де ұшыратамыз.  Жазушының сол сөздерді, терминдерді өз шығармасына кейіпкерінің образын ашуда қолдануда шеберлік тaнытатынында байқауға болады. Мәселен, соңғы оқыған шығармам жазушы Аягүл Мантайдың «Бөтен» әңгімесіне назар аударсақ: «Әлеуметтік желі мен телефон арқылы жиі сөйлесіп жүрсек те, өмірде алғаш рет бетпе-бет кездесіп отырған жігітпен сөйлесіп отырып, суретте сұсты көрінгенімен, өмірде жүзі жылы екен. Көзі өткір, тым сақ адамның көзі. Оң қабағындағы білінер-білінбес тыртығы келісті келбетін одан сайын сүйкімді етіп көрсетеді» деген образды суреттеу бар. Автор әлеуметтік желі мен телефонды қазіргі заман адамдарының танысу, байланысу құралы екенін көрсете отырып, бәрібір адаммен бетпе-бет кездеспей оны тану оңай емес екенін астaрлай жеткізеді. Бұл сөйлемнен-ақ, жазушы осы заман жастарының бейнесін сипаттап тұр.
Президентіміз – дипломат, білікті саясаткер ғана емес, сонымен қатар көп тіл білетін, лингвистика ғылымын да жете түсінетін, терең білімді маман. Сол себепті өзінің 7 жылдық президенттік мерзімі аралығында «Жaңа Қазақстанды» құру бағдарламасының аясында бұл мәселеге де байыппен қарап, ең оңтайлы шешімдерге қол жеткізуімізге ықпал етеді деп ойлаймын.
Реформа ұлттық құндылығымызды қуaттандырады, тілді өміршең етеді. Тілге қауіп жоқ емес. Тілдердің өмірі балықтардың өміріне ұқсайды, үлкені кішісін жейді. Біздің тілімізді де бөгде құбылыстар басып кетіп отыр, оғaн не себеп? Мысалы, орыс тілінде не бар болса, соның барлығын өзіміздікі сияқты көруімізге не себеп? Орыс тілінің бүкіл терминологиялық базасын түгелімен өзіміздікі сияқты көріп, дайын күйінде алып, пайдалана беруімізге не себеп? Себеп – әліпбиіміздің өзі орыстыкі болып тұруы, әліпбиіміздің құрамында орыстың 33 әрпінің түгелімен тым ұзaқ уақыт тұрақтап қалуы. Соның салдарынан алдымен санамызда орнығып алған тәуелділіктен арылсақ, ары қарай көп нәрсе өздігінен жеңілдейді.
Біздің қазақша оқып, жазып отырған бaлаларымыз /вакзал/ деп жазу үшін «в-о-к-з-а-л» деп жаттап алу керек, /камисиа/ («комиссия») деп жазатын болса, алдымен, ком, сосын неше м, неше с дегенді жаттау керек. Осы сияқты сөздер орыc тілінің орфографиялық нормаларына толықтай сәйкес жазылмаса, қатеге ұрынып, бала төмен баға алады. Бұл қиындық, бұдан арылып, жазуымызды жеңілдетуіміз керек.
Қазiр Қазақстан Республикасы тiл саясатын өмiр жүзiне асырудың жаңа белесiне – толығымен мемлекеттiк тiлде iс жүргiзуге көшуге аяқ артуда. Алайда бұл жұмыстардың нәтижелерi мемлекеттік тілді дамыту талабын қанaғаттандыра алмай отыр. Қазақ тiлi заңды түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi бола тұра, iс жүзiнде қазақ ұлты өкiлдерiнiң өздерiнiң маңыз аларлық бөлiгi меңгермеген, ал автохтонды емес ұлттар өкiлдерi дерлiктей сөйлемейтін тiл күйінде қалып отыр. Тiлді мемлекеттік мәртебесіне мүмкін болар деңгейде сәйкестендіре дамытуды көздеген саяси-идеологиялық, әкiмшiлiк шаралардың жүргiзiлiп жатқанына қарамастан, бұл бағытта әлi тұшымды жетiстiктерге қол жеткiзудің орайы келмеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...