ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРПIН

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРПIН

Қыркүйек айында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау мәселесі қаралған болатын.
Үкімет басшысы күні кеше ғана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 2023 жылға арналған Жаһандық инновациялық индексті жарияланғанын атап өтті. Ол ғылымға, білім беру жүйесіне және инфрақұрылымға қатысты 80-ге жуық көрсеткішті қамтиды.
Еуропалық Одақ елдері, Канада, Австралия, Малайзия, Испания және басқа да мемлекеттерді, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда белгіленген стратегиялық міндеттерді ескере отырып, алдағы жылдарға арналған ғылымды дамытудың алты басым бағыты әзірленгенін айтты. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты жеке қарастырылатын болады.
Жалпы, белгіленген басымдықтар шеңберінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақ сапасын сақтау, энергетикалық қауіпсіздікті (соның ішінде жылу энергиясын) қамтамасыз ету, парниктік газдар шығарындыларын азайту және жаңартылатын көздерді дамыту мәселелеріне назар аударылады.
Сонымен қатар құрылыс, машина жасау, өнеркәсіп, көлік технологиялары, робототехника, жасанды интеллект, жаңа материалдар жасау, телекоммуникация, медицина, фармацевтика, мал шаруашылығы, егіншілік, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеу және сақтау, тамақ өнімдерін өндіру және т.б. салаларында зерттеулерді қолдау жоспарланып отыр. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер де қарастырылған.
Бұл тізімге «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану», «Энергия, озық материалдар және көлік», «Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар», «Елдің зияткерлік әлеуеті», «Өмір және денсаулық туралы ғылым» және «Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» бағыттары енді. Өз кезегінде, бағыттардың әрқайсысы 8-ден 18-ге дейінгі бөліктерден тұрады.
Айта кететін, Түркістан облысында жастар арасында IT технологиялар мен робототехниканы дамыту мақсатында Алматының "DOSTI" инновациялық орталығы "Dosti Түркістан" Түркістан филиалының көмегімен "мобильді робототехника" бағыты бойынша бойынша жолдастық чемпионат өткізді.
Бұл чемпионаттың негізгі мақсаты - Түркістан облысында өндірістік база құру үшін жастарды тартып қала инфрақұрылымын жаңғырту. Сондай-ақ жас ұрпақтың IT әзірлемелерге қызығушылығын арттырып кадр резервін дамыту.
Чемпионатқа "мобильді робототехника" бағыты бойынша Алматы және Шымкент қалалары, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Түркістан облысы және Шығыс Қазақстан облысының World Skills өңірлік чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты. Ал "электроника" бағыты бойынша Алматы қаласы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Маңғыстау облысы және Түркістан облысының World Skills өңірлік чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты
Түркістан облысы, Келес ауданындағы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназияның 9-сынып оқушылары Шалдыбаева Ұлмекен мен Аманбай Нұрсила қоқыс жинайтын робот құрастырды. Жас зерттеушілердің «Қоқыс жинайтын робот» тақырыбындағы зерттеу жұмысын жазу барысында оқушылар бұл саланың өзекті мәселелерін терең зерттеген.
Олардың осы тақырыптағы ғылыми ізденісі «Оқушылардың аудандық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар» конкурсында жоғары бағаланды. Қыздардың ғылыми жетекшісі Аягөз Жораевнаның айтуы бойынша, ғылыми жобаның мақсаты - робот техникасының негіздерін, қолдану салаларын, олардың түрлерін, мүмкіндіктерін зерттеу.
- Бүгінде роботтар - қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Олар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларға еніп үлгерді, әсіресе өндіріс орындарында көбірек пайдаланылады. Оқушылар жеке тәжірибе арқылы роботтың жұмыс жасау принциптерін бақылады. Жас зерттеушілер бұл жобамен бірнеше жылдан бері айналысып келеді,- дейді информатика пәнінің мұғалімі.
Жастардың жүргізген сауалнамасы бойынша көптеген балалар Lego конструкторымен ойнағанды ұнатады. Жас зерттеушілер болашақта компьютерлік IT технологияларды меңгеру, программист мамандығын меңгергісі келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқaев өз Жолдaуында ғылым саласын дамыту туралы бірқатар тапсырма берді. Ол тапсырмалар мен бастамаларды құзырлы министрлік жүзеге асыруды қолға алған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқaев өзінің сайлауaлды бағдарламасында ғылым елдің бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін жаңа өндіріс технологияларына бағытталатынын айтты. Осы тұрғыдa ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың мaңыздылығын атап өткен жөн. Сәтті коммерциялaндыру қосылған құнды aрттыруға, бизнестің және тұтacтай алғанда елдің бәcекеге қaбілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру есебінен технологиялық серпіліске кедергі келтіретін: ғалымдардың бизнес-құзыреттерінің болмауы, ғылым мен бизнестің әлсіз байланыстары, жеке қаржыландыруды іздеу проблемасы, өндіріске отандық инновацияларды енгізудің төмен деңгейі сияқты бірқатар негізгі проблеманы анықтады. Соның нәтижесінде өңірлерде өтініштер санының азаю үрдісі байқалатыны белгілі болды.
2021 жылы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған авторлардың және өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдардың тізіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ратбай Мырзақұлов кірді.
Еске салар болсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Пре­зи­дент жа­нындағы Ғылым және тех­но­логиялар жө­ніндегі Ұлттық кеңес­тің алғашқы оты­рысын өткізген болатын. Жиын­да еліміздің ғылыми-техни­калық саясатының алдағы басым­дықтары айқындалды. Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.
"Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе, қа­зіргі озық техноло­гия дәуірінде ғы­лым­сыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойын­ша сайлау алдындағы бағдар­ла­мада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғы­л­ымды дамыту – мемлекет саясатын­да­ғы ең маңызды бағыттың бірі. Өкініш­ке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған бас­а назар аударылған жоқ. Соған бай­ла­нысты шешімін таппай жатқан мә­се­лелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деу­ге болады. Біз өркениетті ел боламыз де­сек, осы олқылықтың орнын толты­руы­мыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ғылым мен техноло­гия­ның өте қарқынды дамып жатқанына тоқ­талды. Оның ай­туынша, ғылым сала­сы қаржы айналымы мил­лиардтаған дол­ларды құрайтын алып ин­дус­трияға ай­налды. Технологиялық ірі кор­пора­ция­­лардың құны триллион долларға жет­кен. Ней­рожелі және жасанды ин­тел­лект революциялық үдерістерге бас­тау болып жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...