Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жббм базасында «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: ізденіс, тәжірибе шеберханасы» тақырыбында аудандық форум өткізілді. Форумға бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды дайындық сынып тәрбиешілері қатысты.
Аталған іс-шара барысында «Болашаққа қосар үлесіңді өлше» атты көрме көрсетіліп, «Бастауыш сыныпта жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама оқылды.
Форумды аудандық білім бөлімінің бас маманы Е.Есиркепов, ӘК меңгерушісі А.Шерова және әдіскер М.Амирова сөз сөйлеп, ашып берді.
Мақсат - бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңалықтарымен бөлісу, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату және педагог әлеуетін дамыту.
Форум соңында облыс, республика көлемінде жетістікке жеткен мұғалімдерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір мен ғылым, оқушылар мен мұғалім еңбегі, сіз бен біздің қалай өзгеріске ұшырайтынымызды қайта ой елегінен өткізуді мұғалімнен талап ететін уақыт. Осы мәселелер қазіргі өзгермелі қоғамда полимәдениетті, көп ұлтты әрі поликонфессионалды кеңістікке араласуға дайын, қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Соның ішінде сапалы білім алу мәселесінің мәні артуда. Оны жаңа сапаға көтеру – қоғамдық мәселеге айналуда.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесі міндеттерінің бірі: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» – деп көрсетілген. Ал бұл міндеттерді жүзеге асырудың шарттары ретінде: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу сияқты ауқымды мәселелер алынған.
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді.
Сонымен қатар, биылғы ақпан айында Білім беру ұйымдарының өткізу режимі бойынша Үлгілік ереженің жаңа жобасы әзірленді.
Мәселен, 2020 жылмен салыстырғанда:
- бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету – 2,5 есеге;
- жедел басқару орталықтарына қосылу – 11 есеге;
- лицензияланған күзетпен қамту – 7 есеге;
- дабыл түймесін орнату – 21 есеге артқан.
Сонымен қатар 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бейнебақылау жүйелерімен білім мекемелері 100% қамтылған, әкімдіктер оларды Нұсқаулықтың жаңа талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуде. Ал жедел басқару орталықтарына 6 мыңға жуық білім ошақтары қосылған. Лицензияланған күзетпен 2 мыңға жуық, дабыл түймелерімен 2400-ден аса білім беру нысандары қамтылған.
Бұл жұмысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірқатар өңірлер 2023 жылдың қыркүйегіне дейін толық аяқтауы қажет.
Оқу процесін басқаруды цифрландыру мақсатында республика бойынша 7 мың мектепте электрондық журналдар мен күнделіктерді жүргізу, бағалау, үй тапсырмасын беру, жоспар қалыптастыру және қашықтан оқыту сияқты негізгі қызметтерді қамтитын білім беру платформалары (Kundelik, Білімал, EDUS және т. б.) енгізілді. Сонымен қатар бұл платформалардың оқушылар мен ұстаздарға арналған мобильді қосымшалары, аналитикалық бақылау тақталары, мектептегі ас мәзірі және онлайн біліктілікті арттыру курстары секілді қосымша қызметтері іске қосылған.
Қазіргі таңда оқулықтардың 79% цифрлық форматқа көшіріліп, мемлекеттік сараптамадан өтті және оқулықтар тізіміне кірді. Цифрлық оқулықтарды әзірлеуге еліміздің 11 баспасы тартылды. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтердің пайдалануы үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді және осы жылы оларды оқыту жоспарланды. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған.
Электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылады. Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды. 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.
Айта кететін, 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды, ол есеп беру көлемін қысқартуды, жалпы еңбек жүктемесін азайтуды және оқытушылар құрамының еңбек жағдайын жақсартуды көздейді. Мәселен, 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектеп, колледж және балабақша педагогтарының жалақысы жыл сайын 25% - ға артып келеді. "Педагог мәртебесі туралы" заңмен бірге оқытушылар қосымша әлеуметтік кепілдіктерге ие болды және өздеріне тән емес қызметтерден ресми түрде босатылды.
Қазақстан Үкіметі білім беру саласында озық тәжірибелермен алмасу үшін халықаралық ұйымдармен және шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатты. Бұл қатынастар білім беру реформаларын қолдау және Қазақстандағы білім беру секторының жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Мұғалімдердің еңбек жағдайлары мен жалақысын жақсарту үшін түрлі қадамдар жасалды. Мұғалімдердің жалақысы көтерілді, олар үшін жақсы еңбек жағдайын жасау және мұғалім мамандығының жалпы мәртебесін көтеру қарастырылды. Бұл шаралардың мақсаты - білім беру саласына жоғары білікті оқытушыларды тарту және олардың оқушыларға сапалы білім беруін қамтамасыз ету.
Жалпы цифрландырудың арқасында түлектердің құзыреттілік үлгісі, сондай-ақ білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік және техникалық талаптар түбегейлі қайта құрылды, бұл одан әрі дамудың негізін қалады.