ЖАС МАМАНДАР КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН КӨТЕРУДЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ЖАС МАМАНДАР КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН КӨТЕРУДЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Бүгін Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "Еңбекші" жалпы білім беретін мектебінде “Бүгінгі жас маман - ертеңгі білікті ұстаз” тақырыбында ағылшын тілі пәнінен аудандық оқу әдістемелік семинары өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Құралбаева және аудан мектептерінің жас мамандары қатысты.
Мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәні сабағында инновациялық әдіс-тәсілдері тиімді қолдана білу шеберлігін арттыру.
Іс-шара барысында “Мектептегі мұғалім көшбасшылығы-жас ұрпақ болашағының негізін қалайды”, ”The use of information technology in the independent study of a foreign language by students”, «Earth and our planet on it.Word formation-ing/ed Adjectives”, “Ағылшын тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін тиімді қолдану”, “Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерінің тиімділігі” атты тақырыптарда сабақтар өткізілді.
Семинар соңында жас мамандар кәсіби құзіреттіліктерін көтеруде және оқыту барысында кері байланыс жасап, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруде тәжірибе алмасты.
Кез-келген мемлекет білімді жастарымен мақтана алады. Қоғамның қозғаушы күші де сол жастар. Ал, өсер ұрпаққа тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру бүгінгі «Жаңа Қазақстанның» ұзақ жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы. Ендеше, осыдан төрт жыл бұрын ғана облыс мәртебесін алған Түркістанда бүгінгі таңда 33 білім ошағы бар. Онда мыңдаған балалар білім алумен бірге кәсіби біліктіліктерін де жетілдіруде. Бұл мақсатта ұстаздардың мәртебесінің көтеріліп, өз дәрежесінде қызметін сапалы атқаруына жағдай жасау. Жасыратыны жоқ, күні кешеге дейін мұғалімдердің дені қағазбастылықтан арылмай, күнделік толтырумен, қоғамдық һәм саяси науқандарға белсене қатысып, өз міндетін ақсатып алды.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесі міндеттерінің бірі: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» – деп көрсетілген. Ал бұл міндеттерді жүзеге асырудың шарттары ретінде: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу сияқты ауқымды мәселелер алынған.
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді.
Айта кететін, 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды, ол есеп беру көлемін қысқартуды, жалпы еңбек жүктемесін азайтуды және оқытушылар құрамының еңбек жағдайын жақсартуды көздейді. Мәселен, 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектеп, колледж және балабақша педагогтарының жалақысы жыл сайын 25% - ға артып келеді. "Педагог мәртебесі туралы" заңмен бірге оқытушылар қосымша әлеуметтік кепілдіктерге ие болды және өздеріне тән емес қызметтерден ресми түрде босатылды.
Ұстаз мамандығының беделін арттыру мақсатында елімізде бірнеше мәрте қадамдар жасалып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты нақты тапсырмалар жүктеген болатын. 2020 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңы қолданысқа енгізілді. 21 баптан тұратын заңда ҚР педагогтің ерекше мәртебесі танылады, оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.
Ұстаз мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі саналады. Тәуелсіз еліміздің жас жеткіншектеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісі ең алдымен мектептегі мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне байланысты. Мұғалім беделінің төмендеуіне әсер ететін объективті және субъективті факторлар болатыны белгілі.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында мұғалімдерді қоғамдық жұмыстарға тартуды тоқтатуды тапсырды. Сонымен қатар мұғалімдерге еңбекақы төлеу жүйесі қайта қаралатынын мәлімдеді. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру мәселесін ерекше айтты. Бұл заң мұғалімнің құқықтық жағдайын, әлеуметтік-экономикалық жағынан қорғалуын құқықтық тұрғыда реттейтін болады. Сонымен бірге мұғалімнің қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі де нақты айқындалатыны белгілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...