КЕЛЕСТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЛЕСТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданы №29 жалпы орта мектебінің базасында «10-11 сынып курсы үшін күрделі тақырыптарды игеруде информатика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Семинар «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Информатика пәнінің мұғалімдері бас қосқан жиынға облыстық орталықтың әдіскері Дінмұхаммед Саипов арнайы қатысып, семинарға оң бағасын берді.
Мақсат – мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, сындарлы көзқарас қалыптастыру, олардың құзіреттілігін арттыру, оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу дағдыларын дамыту.
Семинарда «Google диск бұлттық сервисін қолдану. Практикалық жұмыстар», IT Startup, Обьектілердің 3D модельдері. Жоба құру», «Жасанды интеллект пен ақпараттық коммуникациялық технологияларын ҰБТ - да тиімді қолдану» сияқты т.б. тақырыптарда ашық сабақтар мен коучингтер өткізілді.
Семинарға облысымыздың білім беру ұйымдарынан 80-ге жуық педагог қатысты.
Айта кететiн, Облыста 1400-ден аса мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етуде. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ. Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады. Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «Balabagsha.snation» жүйесімен 2019 жылдан бастап толық автоматтандырылған. Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi-рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Мамандардың мәліметінше облысымызда биылғы оқу жылына жалпы 237905 дана оқулықтар сатып алынған. Оның ішінен 2-сынып балалары оқулықтармен жүз пайыз қамтамасыз етілді. Оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес, 7-сынып үшін «Физика», «Химия», «Биология» қостілді оқулықтары және 5-11 сыныптар үшін «Абайтану» оқулықтары, инклюзивті сыныптардың 8-9 сыныптары 121617 дана оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерімен толықтырылды. Сонымен қатар, қалада оқушылар санының ерекше қарқынмен өсуін ескере отырып, мектеп қоры 116288 дана жетіспейтін оқулықтармен толықтырылып, ескілері жаңартылған.
Түркістан облысы республикада білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан 1-орында. Салаға 2023 жылға 597,5 млрд. теңге қаржы бөлінген. Соңғы үш жылда облыста балабақша кезегінде тұрғандарға қаржы бөлінбеген. Биыл орын тапшылықты жою мақсатында жаңадан 8,5 мың орынбөлінді. Жалпы облыстағы балабақшаға бөлінген қаржы 102 млрд. теңгеге жетті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын дамытудың жеті негізгі бағытын айқындап берді. Алғашқысы ұстаздардың біліктілігін арттыру. Сондай-ақ, балалардың заманға сай озық білім алуын қамтамасыз ету. Мектептегі орын тапшылығын жою және білім ошақтарындағы қауіпсіздік. Қала мен ауылдағы білім сапасын теңестіру, саланы цифрландыру және соңғысы озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру. Президент қазір қызу талқыланып жатқан бірқатар проблемаларға да тоқталды.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...