АҚТАУДАҒЫ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР БАҚ СЫНАЙДЫ

АҚТАУДАҒЫ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР БАҚ СЫНАЙДЫ

23-27 қазан аралығында Ақтауда ТжКБ ұйымдарының педагогтері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілуде. Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау, тәжірибе алмасу мақсатында өтіп жатқан шараға Түркістан облысынан «Сән технологиясы», «Цифрлық модельдеу» құзіреттіліктері бойынша Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің арнайы пән оқытушысы, «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша Түркістан көпсалалы техникалық колледжінің шебері Сапаралы Қымбат және «Аспаз ісі» құзыреттілігінен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Серикбаева Салтанат қатысуда.
Айта кететін, алдыңғы айда өткен Республикалық педагогтер съезіне Мемлекет басшысыда қатысқан болатын. Республикалық педагогтер съезін ашқан Президент әуелі білім беру саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
– Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал ұстаз болу – қастерлі міндет. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Менің бастамаммен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Кейінгі төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Бір сөзбен айтқанда, ең алдымен білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, жаңа дәуірде мектептің жағдайы мем­лекеттің дамуына тікелей ық­пал етеді. Ал мектептің қан­дай болмағы ұстазға байланыс­ты. Бүгінде педагогика сала­сы ғылымның ең маңызды тар­ма­ғының біріне айналды. Сон­дықтан бұл салаға түбегейлі жаңа көз­қарас қажет. Заманауи техно­ло­гияның көмегімен білім беру жү­йесін жедел әрі тиімді жаң­ғыр­туға болады. «Білім сала­сын ең үздік халықаралық стан­дарт­тарға сай дамыту керек. Мұғалім­дер­дің қажырлы еңбегі және оқушы­лардың дарыны мен талабы нақты жемісін беріп келеді. Өрендеріміз ширек ғасырда әлемнің ең беделді пән олимпиадаларынан 12 мыңға жуық медаль иеленді. Бұл – Израиль, Түркия, Канада сияқты білім сапасы жоғары мемлекеттермен шамалас көрсеткіш. Осының бәрі – педагогтердің табанды ең­бектенгенінің жемісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тағы бір маңызды міндет – қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою. Ауыл балаларының білім алу мүмкіндігі шектеулі екені баршаға мәлім. Бұған қажетті құрал-жабдықтың және білікті педагогтердің тапшылығы себеп болып отыр. Ауылдағы білім ошақтарының тең жартысы – шағын мектептер. Онда барлық пәннің мұғалімі бола бермейді. Бір сыныпта әртүрлі жастағы балалар оқиды. Мұның бәрі – жылдар бойы қордаланған түйт­кілдер. Оның көбі жұрттың жаппай қалаға көшуіне байланыс­ты туындады.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы — осы бағыттағы игі бастамалардың бірі деп білемін. Бұл — сапалы білім беру ісін жетілдіруге мемлекет тарапынан жасалған оң қадам. Жалпы қай қоғамда болмасын ұстаздың орны ерекше. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде мұғалім мамандығының мәртебесі өсіп, ұстаздар қауымының алаңсыз жұмыс істеуіне бар жағдай қарастырылуда.
Республикалық шеберлік чемпионатына қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...