ТҮРКІСТАНДА 4 МЫҢ ТОННА КӨКӨНІС САҚТАЙТЫН ЗАМАНАУИ ҚОЙМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА 4 МЫҢ ТОННА КӨКӨНІС САҚТАЙТЫН ЗАМАНАУИ ҚОЙМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласына кіреберіс тұстағы өндіріс аймағында көкөніс сақтайтын заманауи қойманың капсуласы салынды. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.
Жобаның бастамашысы әрі жүзеге асырушы – «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Жобаның серіктесі – «М-Адал» ЖШС. 1 гектар аумақта орналасқан қойманың көлемі – 3264 шаршы метр. Құрылысы қолға алынған қойма 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында ел игілігіне тапсырылады. Сауран ауданы аумағындағы бұл қоймада жылына 4 мың тонна көкөніс сақталады. 35 адам жұмыспен қамтылады.
Қоймада ірі 9 камера бар. Оның 4 камерасының әрбіріне 500 тоннадан жалпы 2 мың тонна картоп сақталса, екі камерасына 500 тоннадан, жалпы 1000 тонна пияз сақталмақ. Сонымен бірге 250 тонна сәбіз, қырыққабат сақтайтын камералары да іске қосылады деп жоспарланған. Ал 500 тонна көкөніс құрғақ қоймада орналастырылады.
Аталған аумақта Серік Жұманғаринге облыста өндіріс саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Биыл өңірде өнеркәсіп өнім көлемі 681 млрд. теңгені құрады (4,7 пайызға артты). Өңдеу өнеркәсібінде биыл жалпы құны 30 млрд. теңгені құрайтын 20 жобаны іске асырып, 594 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жыл басынан 12 жоба іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды.
Айта кететін, биыл облыс орталығында көпқабатты 66 үйдің (4295 пәтер) құрылысы жүріп, оның 59-ы (3377 пәтер) жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. 7 үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі, жеке инвестиция есебінен көпқабатты 46 үй салынуда.
аһар басшысы қала әкімдігі тарапынан құрылыс сапасына қатысты көтерілген мәселелер бойынша мердігерлерге 89 ескерту берілгенін, сотқа 82 хат жолданып, 8 мердігерге айыппұл салынғанын, облыстық сәулеттік-құрылыстық бақылау мекемесіне 22 ұсыныс хат жолданғанын атап өтті. Жұмысын толық аяқтамаған компанияларды жосықсыз деп танығанымен мәселе шешілмейтінін ескере келе, көпқабатты кей үйлердің кемшіліктерін демеушілер арқылы шешу қолға алынғанын жеткізді.
- Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес техникалық қадағалаушы және авторлық бақылаушы мекемелердің жұмысы бұдан былай терең зерделеніп, оларға талап күшейеді, - деді Зұлпыхар Сансызбайұлы өз кезегінде.
Қалада кәріз жүйесімен қамту бойынша 7 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 3-уі биыл аяқталады. Сондай-ақ, 5 нысанның жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу басталды.
- Кәріз жүйесінің құрылысы аяқталмай жол салуды тежеп отырмыз. Қазіргі таңда қалалықтардың жайлылығы үшін жолдарға тас төсеп, амалдаудамыз. Ал, кәріз жүйесі жүріп өткен көшелерге асфальт жоспарлы салынып келеді. Жол құрылыстарын Ұлттық сапа орталығы арқылы тесеруді қолға алдық, - дей келе Нұрбол Әбдісаттарұлы тұрғындармен кездесу барысында бұл уақытша келеңсіздіктер жөнінде түсіндірме шаралары тұрақты жүргізілетінін мәлімдеді.
Облыстық басқарма басшылары жол-көлік қатынасы, сәулет пен жобалау, құрылыс пен абаттандыру, энергетика салалары бойынша бірлесе атқаратын жұмыстар жайын баяндап, ұсыныстарын ортаға салды.
Түркістанды дамыту – ортақ мәселе екенін тілге тиек еткен Зұлпыхар Сансызбайұлы облыс тарапынан қажетті қолдау жан-жақты көрсетілетінін айтты.
Жалпы, Түркістан қаласындағы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында құрылыс материалдарын шығаратын ірі тораптық зауыт құрылысының капсула салу рәсімі өтті.
«BAS POLIMER» компаниясы қолға алған жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгені құрайтын өндіріс орнында жылына 15 000 тонна полимерлі құбырлар мен пластмассадан жасалған бұйымдар және тамшылатып суаруға арналған таспалар жасалады. Жаңа жобаның іске қосылуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек.
Шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өз сөзінде бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығын айта келе, жаңа кәсіпорын іске қосылғанда импортқа тәуелділік азайып, отандық өнімнің үлесі артатынын атап өтті. Өңір басшысы Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанына тоқталып, өндірісті дамытуға, жұмыссыздықты азайтуға бағытталған жобаларды бірлесіп атқаруға дайын екенін жеткізді.
– Өңдеу өнеркәсібін дамыту – біздің басты бағыттарымыздың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облысымыздың өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін және қала тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын ашуға үлесін қосатын «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыт құрылысы басталғалы тұр. Түркістан облысында кәсіпкерлікті, өндірісті дамытуға зор мүмкіндік бар. Жұмыс күші де, инвесторларға арналған қолдау да жеткілікті. Жаңа кәсіпорын отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді деп сенемін, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында іргетасы қаланған компанияның құрылысы келер жылы аяқталады деп күтілуде. Осы арқылы бастапқыда 100-ге жуық түркістандық тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Өндіріс толықтай автоматтандырылған. Жұмыс барысында қоршаған ортаға шаң-тозаң, зиянды қалдықтар бөлінбейді. Өйткені зауытта шаңды фильтрлеу жүйесі орнатылады. Сұраныс пен өндіріс қуаттылығына сай жұмысшылар саны артуы мүмкін.
Зауыттың өнімдері Қазақстаннан бөлек көршілес мемлекеттерге де экспортталады.
Oблыc oрталығы aтaнғанына не бәрі 5 жыл бoлca да бұл қаланың өзге қалалардан ешқандай кемшілігі жоқ десек те болады. Иә, біз киелі мeкeн Түркістады cөз қылудамыз. Түркістан қaлacы еліміздің ең көне шaһaрлaрының бірі де бірeгeйі. Бұл қaлaдa қaзaқтың caлты мен дәстүрі caқтaлып қана қoймaй, әлі де дәріптeлyдe. Көне мен кeлeшeк көпірі aтaнғaн бұл қaлaдa бірнeшe ғимaрaттaр бой көтеріп үлгерді. Нақтырақ aйтap болсақ, Түркістан қалacының әкімшілік-іcкepлік орталығында 2020 жылдaн бeрі 89 көпқабатты үйдің құpылыcы бacтaлғaн. Ол 360,6 мың шapшы мeтpді құpaйтын жалпы caны 5 мың 649 пәтер. Міне, соның 2020 жылы 336 пәтepі яғни 7 үй ипотекалық жолмен пайдалануға бepілген. 2021 жылы дәл ocындай 29 үйде 1 мың 921 пәтер кілті өз иелepіне тaбыcталды. Aл, 2022 жылы 53 тұpғын үйде 3 мың 392 пәтep құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 49 үйде 3 мың 155 пәтер пайдалануға бepілген. Бүгінгі күні Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 15 мың 707 aзaмaт тұpғын үйге мұқтаж peтінде тіркeліп тұр. Oның ішінде әлсіз топтағы – 6381, көп балалы отбacы – 4249, бюджeттік қызмeткep – 4874, тұл жетім және жалғыз бacпaнacы aпaтты деп танылған – 201 азамат бap. Жоғарыда айтып өткендей бұл тұpғын үйлeрдің caлынyымeн қатap өз иелepі де мемлекеттік кeзeкпeн кілті тaбыcтaлып, тұрғындapды қуанышқа бөлеп жaтыp.
Түркістан қаласында тұрғындар жайлылығы үшін жасақталған балалар ойын алаңшасының жалпы саны - 70-ке жуықтады.
Өткен жылдың қорытындысымен шаһар 10 балалар ойын алаңшасы және стридворкаудпен толыққан болатын.
Биыл жылға 15 нысанда балалар ойын алаңшасын стридворкауд және футбол алаңшасымен бірге жасақтау қарастырылса, қазіргі таңда нақты 10 нысанның құрылысы қарқын алды.
Бүгінде аталған жоба аясында жүйелі құрылыс жұмыстары жүруде.
Атап айтқанда, А. Байқоңыр, Самал, Қобыз көшелерінде балалар ойын алаңшасы мен стридворкауд жасақталып, жанына футбол алаңшасы да салынды.
Сонымен қатар, Ы. Дүйсенбаев, Құлан, Б. Майлин, Д.Нысанбаев көшелері мен №8 мектебі аумағынан ойын алаңшалары мен стридворкаудтар бой көтерді.
Одан бөлек, тұрғындар сұранысына сәйкес, №9 Некрасов, №16, №26,№24 мектептері және С.Рахимов мектебі аумағында футбол алаңшасының белгіленіп, құрылыс жұмыстарының 80% жүзеге асып үлгерді.
Жалпы, қала аумағындағы алаңшалар тұрақты түрде зерделеніп отырады. Нысандарға жауапты мердігер бір жылдық кепілдік береді.
Бір жылдан соң, зақымдалған балалар ойын алаңшасы немесе стридворкаудтар әкімдік тарапынан қайта қалпына келтіріледі.
Соңғы зерделеу нәтижесінде жөндеуді қажет ететін бірнеше алаңша анықталған болатын.
Атап айтқанда, 2019 жылы қабылданған Жәңгір хан көшесіндегі алаңша, Т.Рысқұлов, Қорқыт ата, Гауһар ана, Б.Майлин көшелері мен Шәуілдір тас жолы аумағында және І-ІІ мөлтек аудандары ауласында жасақталған 4 балалар ойын алаңшалары мен спорт ойын алаңшалары бөлім тарапынан жөнделіп, жаңартылуда.
Өткен жылғы көрсеткіштер бойынша Түркістан қаласында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шқ. (39,5 %) құраған болатын.
2023 жылы аталған көрсеткіштерге едәуір өзгеріс енді.
Жыл басынан бергі орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде асфальт жолдың үлесі - 399,34 шқ (47,2%), тас жолдың үлесі- 445,6 шқ (52,8%) жеткен.
Көрсеткіштер бойынша, 48 көше орташа жөндеуден өтіп, Ә.Жангелдин, І.Қожабаев, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол мен Қалаби көшесіне күрделі жөндеу жалғасуда.
Одан бөлек, Теміржол вокзалы және Түрік ауылы аумағында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.
Сондай-ақ, тұрғындар жайлылығын қамту үшін биыл 43 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жоспарланған болатын.
Қазіргі таңда, 38 көшеде жаяу жүргінші жолы салынды. Аталған жұмыстардың дені әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерде жүзеге асты.
Жыл басынан бері, шаһарда 78 шақырымды құрайтын 79 көшеге тас төселді.
Қоғамдық көліктер қатынасы бойынша тұрғындар сұранысына сәйкес бірқатар бағыттарға өзгерістер енгізілді. Соңғы бес жылда облыс орталығына жалпы 134 жаңа автобус әкелінген.
Сиымдылығы жоғары жаңа автобустар №1, 1а, 2а, 6, 10, 14, 15, 17, 18, 20, 30, 5, 5а бағыттарында іске қосылып, қосымша №16 бағыт жұмысын бастады.
2023 жылы шаһардағы жарықшаммен қамтылған көшелер үлесін 86 пайыздан асыру жоспарланып, биыл 184 көшеге жарықшам орнатылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...