ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТҮРКІСТАН ӨҢІРІН КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУҒА МҮМКІНДІК МОЛ»

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТҮРКІСТАН ӨҢІРІН КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУҒА МҮМКІНДІК МОЛ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесу тұрақты түрде өтеді. Бұл жолы Түркістан қаласында бизнесін дамытуға ниет білдірген Алматы, Қарағанды облыстарынан арнайы келген кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ туризм, агроөнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 50-ге жуық кәсіпкер жиналды. Мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, ұсыныстарды тыңдады. Бизнес өкілдері қордаланған мәселелері мен жаңа ұсыныстарын айтты. Кездесу еркін форматта өтті.
«Түркістан – туризм қаласы» болса, кейінгі бөлігі «Түркістан қолайлы өмір үшін» деп аталады. Стратегиялық жоспардың алғашқы бөлігі көне қала аумағындағы құрылыс нысандарының қала тұрғындарының мәдени әлеуметтік өмірінің дамуына бағытталған. Ал, жаңа ықшам аудандар әр түрлі бизнес орталықтар, өнеркәсіп орындары және сауда үйлерімен толықтырылатын болады. Бұл,қаланың мәдени әлеуетін көтеру үшін адами капиталдың орны ерекше екенін көрсетеді. Осыған сәйкес көне қала аумағындағы жаңадан бой көтеріп жатқан музейлер, өнер орталықтары, театрлар, мәдениет үйі, ғылыми орталықтар және шығыстық үлгіде салынып жатқан әлеуметтік нысандар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруы тиіс. Бұл қазіргі таңда қала құрылысының басты басымдықтарының бірі болып отыр.
Мемлекет басшысы кейінгі жылдары болған оң өзгерістерді атап өтті. Президенттің дерегіне сәйкес, Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артқан. 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынған. Сонымен қатар шаһар жасыл-желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарған. Тұрғындарды ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады. 2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келген. Кейінгі үш жылда аймақтағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласы 1,5 есе өскен. Облыста 64 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған. Мемлекет басшысы елімізде «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын айтып, оның халық саны көп оңтүстіктің тұрғындарын жұмыс күші аз өңірлерге қоныстандыруға арналған жоба екенін түсіндірді.
Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуына жол ашпады. Халық шаруашылығының бұл саласын дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, әсіресе, ауыр индустрия, халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсер етті. Экономиканың тұрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді.
– Кәсіпкерлердің жеке бастамасына барынша қолдау көрсету қажет. Біз мемлекет пен бизнес арасында жаңа қарым-қатынас орнатып, тиімді диалогтың негізгі арнасына айналуымыз керек. Түркістан өңірін кәсіпкерлік орталығына айналдыруға мүмкіндік мол. Біз өз тарапымыздан зауыт, өндіріс орны, жұмыс орнын ашуға ниет білдірген кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетеміз. Инфрақұрылым, жер, құжаттандыру және өзге де түйткілдер бойынша көмек беру мәселесін талқылауға дайынбыз. Облысты дамытудың басым бағыты – кәсіпкерлікті дамыту. Осылай ғана елдің әл-ауқатын, өңірдің экономикалық әлеуетін көтере аламыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Кездесуде бизес өкілдері жаңа ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, көкөніс өнімін сақтайтын қойма иелері жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын жаңа 3 көкөніс қоймасын салуға дайын. Қаражаттың 20%-ын өз қаражаты есебінен, 80%-ын несие ретінде қарастыруды сұрайды.
Құрылысқа қажетті қоспаларын өндірумен айналысатын инвестор өндірістік аймақтан тағы да жер учаскесі және қолдау қаражатын қарастырып берген жағдайда кәсіпорын салуға дайын екенін жеткізді. Зауыт Түркістан қаласындағы «Түркістан» индустриалды аймағында орналасқан. Ал полипропилен және термо қаптар, көкөністерге арналған тор, полиэтилен өндіретін цех басшысы бизнесін дамытуды көздейді. Ол үшін осы жобаны облыс орталығында жүзеге асыруға қолдау сұрады.
3D темір торлар жасау цехының өкілі де өз ұсынысын айтты. Жылына 180-300 тонна өнім шығаратын зауытқа қолдау көрсетілсе, «Түркістан» индустриалды аймағынан цех ашпақ. Темір және ағаш есік шығару цехының басшысы да кәсіпорнын кеңейту туралы ұсыныс айтты. Сонымен бірге ағаш өнімдерін өңдеу цехының басшылығы да жаңа цех ашпақ. Олар жалпы құны 0,4 млрд. теңгені құрайтын ағаш өңдеу цехын салуға ниеттеніп отыр. Қаржының 20%-ын өз қаражаты есебінен, 80%-ын несие ретінде қарастыру жөнінде өтініш айтты.
Altyn Samuryk «ұшатын театрының» ғажабын сөзбен сипаттап жеткізу тіпті қиын. Кешен ұйымдастырушылары бұл жобаны 8D соңғы технологиясымен жарақталған Орталық Азиядағы бірегей театр деп бағалайды. Арнайы креслоға отырған соң-ақ алтын самұрық сізді көне тарих тереңіне тартып әкетеді. Байырғы тарихи шаһарларды аралатып, одан заманауи Нұр-Сұлтан шаһарының төбесімен ұшырып, соңында түрік дүниесінің темірқазығына айналған Түркістан қаласына қайтып алып келеді. Кешендегі шоуларды ұйымдастыру және дамыту бойынша жетекші Алексей Храменковтың айтуынша, аттар шоуы қойылатын «Арена» сарайы 1500 орынға лайықталып салынған. Қазақстандағы ең үлкен LED экран да осы жерде қойылған. Аттар жаттығуды осы кешен ішінде жасайды. Барлығы да шетелден алдырылған жануарлар. Атқорадағы ат саны – 18. Аттар қойылымының жобасын франциялық каскадер және бапкер Марио Люраши жасап берген. Қазір Nomad каскадерлер тобы айналысады. Көз тартар кешен құрылысына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдау көрсеткен. Жоба құны – 87 млрд теңге.
Айта кететін, «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасының инфрақұрылымын салу жұмысы жүргізілуде. Бұл жоба туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП-50-іне енгізілген.
Туризм саласын дамытуға бағытталған жұмыстар нәтижесінде өңірдің туристік әлеуеті күшейді. Нысандар пайдалануға беріліп, инфрақұрылымы жақсарды. 2022 жылдың 5 айының қорытындысымен Түркістан қаласына бір күндік келушілер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 30 мыңдай адамға артып, 297 мың адамға жетіп отыр.
Туристерге қолайлы болу үшін кешен аумағында бірнеше электрокар жұмыс істейді. Әзірге «Керуен Сарай» кешенін толыққанды коммерциялық жоба деп атау қиын. Десе де Алексей Храменков жобаның тартымдылығын арттыру үшін жоспарымыз көп дейді. Өйткені Түркістандағы әулие-әмбиелердің басына тәу ету үшін келетін адам саны біршама. Енді соларды туристік нысандар мен жобаларға сәтті тарта білу қажет. Қазір қыс маусымы болғандықтан келушілердің қарасы қалың емес. Ал биыл жаз кезінде судағы шоуды көрудің өзіне сағатына 13 мың адам жиылған.
Облыстағы Turkistan арнайы эко­номикалық және индуст­риал­ды аймақтарында жалпы құны 553,6 миллиард теңге болатын 80 инвес­ти­циялық жобаны іске асыру жос­пар­ланған. 2025 жылға дейін маңызды жо­ба­ларды іске асыру нәтижесінде өңір эко­номикасына 2 триллион теңгеден ас­там инвестиция бағытталатын бо­ла­ды. ҚҰРЫЛЫС Құрылыс жұмыстарының көлемі 322,9 млрд теңгеге жетіп, 2020 жыл­мен салыстырғанда 4,1 пайызға арт­қан. Енді 2025 жылға дейін құрылыс жұ­мыстарының көлемін 439,3 млрд тең­геге жеткізу көзделуде. Жалпы, соңғы үш жылда Түр­кі­стан қаласында 536 жоба іс­ке асып, оның 251-і пайдалануға тап­­­сырыл­ған. Халықты баспанамен қам­та­ма­сыз ету ең басты қажетті­лік­­тің бірі десек, Түркістан қала­сын­да 4 жылда жалпы 337 көпқабатты тұр­ғын үйдің құрылысы жүргізіліп жа­тыр (15 411 пәтер, 1 001,1 мың шар­шы метр). 2019-2021 жылдары 113 көпқабатты тұрғын үй пай­да­лану­ға берілді (5 433 пәтер, 342,9 мың шаршы метр). Бүгінде жаңа қаланы ауызсумен қам­тамасыз ету де жақсы жол­ға қойылып келеді. Нақтырақ айт­сақ, Түркістан қаласында ауызсу құ­бырларын қайта жаңғырту мақ­са­тында бірнеше нысанның құрылыс жұ­мыстары (7-шағынаудан, Хлоп­за­вод, Ремзавод, бірінші және екінші Яс­сы-Шавғар, Теміржол) қатар жүр­гізіліп жатыр. Нәтижесінде, қосымша 7 500 жеке тұрғын сапалы ауызсу құ­бырымен қамтылатын болады. Кәріз жүйесімен 30,5 пайызға қам­­тылған. Оның аумағын қам­тамасыз ету мақсатында осы жы­лы 6 нысанның құрылысы жүргізіліп жа­тыр. 2 нысан құрылысы жыл соңы­на дейін аяқталады.
Туризм саласы соңғы уақытта Түркістан өңірінде қарқынды дамып, тұрғындардың туристерге сапалы қызмет көрсетіп, олжаға кенелуіне мол мүмкіндік бар екенін дәлелдеуде. Себебі Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету жергілікті биліктің күн тәртібіндегі басты талаптарының бірі болып отыр яғни, туризмді өңірдің негізгі драйверлерінің бірі ретінде дамыту назарда тұр.
Аймақта «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасының инфрақұрылымын салу жұмысы жүргізілуде. Бұл жоба туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП-50-іне енгізілген.
Туризм саласын дамытуға бағытталған жұмыстар нәтижесінде өңірдің туристік әлеуеті күшейді. Нысандар пайдалануға беріліп, инфрақұрылымы жақсарды.
Түркістан қаласын дамытудың Бас жоспарында қала тұрғындарының саны 2050 жылға қарай 500 мың адамды құрайтынын көрсетеді. Бұл қаланың жан-жақты кеңейіп, тұрғын үйлердің көбеюін қамтамасыз ету мәселесін туындатады. Осыған орай жоспарда Түркістан қаласының тұрғын жай қорын кеңейту қарастырылған.
Мысалы, 2019 жылғы көрсеткіш бойынша Түркістан қаласындағы тұрғын жайдың 92,2%-ы бір қабатты үйлер болған. Бұл 3,3 млн. шаршы метрді құрады. Аталмыш Жоспар бойынша 2035 жылға қарай тұрғын үй қорын 9,3 млн. шаршы метрге дейін көбейту бекітілген. Оның басым бөлігі көп қабатты үйлерден тұратын болады. Сонымен қатар, мектеп, балабақша және емхана сынды әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды өсетіні жоспарланған. Бұл қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге оңтайлы жағдай жасайтын болады. Қорытындылай келе, Түркістан қаласында орналасқан әлеуметтік нысандардың басты мақсаты қала халқының өмірін қолайлы ету, қазіргі заманауи трендтерге сай етіп ұйымдастыру болып табылады. Ал, ескі Түркістандағы әртүрлі кезеңде салынған тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар өз тарихын айшықтай
беретін болады.
Кездесуде осы және өзге де өтініштер, мәселелер айтылды. Ұсыныстар бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүреді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...