Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жыл ішінде Сауран секторының тұрғындарымен түрлі деңгейде 15 кездесу өткізді. Көтерілген 177 мәселенің 168-і бүгінде шешімін тапты.
АТАП АЙТСАҚ:
І-ІІ мөлтек ауданда орналасқан негізгі көшелерге жарықшам бағаналары қойылып, жарық берілді. Тұйық көшелерді жарықтандыру жоспарға енгізілді.
Көктем көшесі және Б.Майлин көшесінің 3 тұйығына 3 жаңа трансформатор орнатылып, Баянауыл аймағындағы Ұлы Дала көшесінде электр бағаналары ауыстырылды.
“ТГЖД” аумағында, Тәуке хан көшесі бойында, Тыныштыкулов, І-ІІ мөлтек ауданында, Кенесары көшесінде және Мақтазауыт аумағында 70 көшеге ауыз су жүйесі тартылды.
Қаланың жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайған. Ал, халық саны 165,4 мың адамнан 220 мыңнан аса адамға жеткен. Бұл жайында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім еткен болатын. Шаһар басшысы ағымдағы жылғы көрсеткіш бойынша қарт қаламыздағы 42 014 абоненттің 41 552-сі ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілгенін айтып, жыл соңына дейін таза тіршілік нәріне қол жеткізгендерді 100 пайыздық көрсеткішке жеткізу көзделіп отырғанын мәлімдеген еді. Жылдық жоспарға сәйкес, 2023 жылы 4 нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде. Олардың қатарына «Сауран» ықшам ауданындағы «Мақтазауыт», №1 және №2 аймақтары, «Яссы» мен «Шауғар» ықшам аудандары кіреді.
Түркістанды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын су алу көздері Біресек және Мырғалымсай су жинау резервуарлары. Қала тіршілігі үшін аталған аса маңызды нысандарда 72 000 шаршы метр су жиналып, халыққа беріліп келеді. Резервуарлардағы таза суды елге жеткізу күн тәртібіндегі елеулі мәселелер тізбегінен түспек емес. Атқарылған жұмыстардың көптігімен қоса, облыс орталығына қоныс аударып, күн санап артып келе жатқан халық саны да естен шықпауы керек. Демек, атқарылар жұмыстардың да бір сәтке толастамасы анық.
Халық әлеуетінің артуына инфрақұрылымның тұрақтануы аса маңызды. 2021 жылы Шобанақ пен Әкімшілік-іскерлік орталығы су жинау резервуарлары арқылы тұрғындарды 82,5 пайыз таза сумен қамтамасыз еткенін еске алса, қала басшылығының бүгінгі көрсеткіштері жүйелі жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі деуге толықтай негіз бар.
Ауызсу мәселесі Түркістан қаласына ғана тән қиындық емес. Бұл республикалық деңгейде шешімін шегелеп, мәселесі май шаммен қаралуы тиіс болып тұрған жұмыс. Сөзіміздің дәлелі ретінде ағымдағы жылдың мамыр айында өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың ескертпесін келтіре кетсек болады. Ол, 2025 жылға дейін елдегі барлық қалалар мен ауылдар 100 пайыз ауызсумен қамтамасыз етілуі керектігін айтқан.
Түркістан қаласындағы су мәселелері бойынша жауапты «Түркістан Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қала аумағындағы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есеп беріп, тұрғындардың 24 сағат бойы үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етіліп отырғанын айтты. Таза тіршілік нәрі бүгінгі таңда Шобанақ елді мекені жанындағы қоймаға су жиналып, Түркістанға жеткізілетін көрінеді. Жалпы қала ішіндегі су құбырлары бір мың жеті жүз сегіз мың метрді құрайды.
Сауран тұрғын алабындағы су жиналатын жерлерге 17 дренаж орнатылды.
ІІ-шағын ауданында, Төле би көшесі, Ж.Қыдыр көшесіндегі көпқабатты 84-ші үйдің ауласы, Өтемісұлы, Кенесары көшелері абаттандырылды.
Түркістан облысына биыл бес жыл. Осы аталған бес жыл ішінде қала мен облыс төңірегінде бірқатар мардымды істер атқарылды. Атап айтар болсақ, Түркістан облысына қарасты дерлік барлық аймақтарда абаттандыру, көгалдандыру шаралары жүйелі атқарылып келеді. Осыдан бірнеше уақыт бұрын облыс орталығында 4 миллионнан аса көшет отырғызу жұмыстары 2023 жылға дейін жалғасады деген болатын. Түркістан қаласының экологиялық ахуалын тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен апта сайын сенбілік өтетіні белгілі. Осы орайда облыс орталығы 32 секторға бөлініп, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүруде. Кезекті сенбілік өткізуге облыстық Қоғамдық даму басқармасы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен үкіметтік емес ұйымдар және ерікті жастар бастама көтерген болатын.
Көгалдандыру жобасына сәйкес, биыл 180 мың түп көшет егу жоспарланып, бүгінгі күнге 130 мың данасы егілді. Облыс орталығын көркейту жұмыстары ары қарай да жалғасын таппақ. Жоспарға сәйкес, 2020 жылы қала ішіне 250 мың түп түрлі көшеттер егіледі. Қала сыртынан құрылатын Жасыл белдеуге 2019 — 2022 жылдары 7700 га аумаққа 3,5 млн түп, оның ішінде 2019 жылы 2300 гектарға 628 мың дана, 2020 жылы 2400 гектарға 1 млн дана, 2021-2022 жылдары 3000 гектарға 1,9 млн дана түп әртүрлі көшет егу жоспарланып, бұл игі іс облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүктелген. Жасыл белдеу құрылатын аумақтың 572 гектарына көктемде 160 мың көшет егілді. Қалған 1428 га аумаққа қазіргі күнде 468 мың түп әртүрлі көшет (қарағай, қарағаш, айлант, калифорния терегі, жиде, өрік, алма, алша, клен, т.б ) егу жұмыстары басталды.
Түркістан қаласын көгалдандыру, абаттандыру, тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған дейін Облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға қаладағы жасыл аймақты күту жұмыстарында қолданылатын құрал-жабдықтар мен арнайы техникалар таныстырылды. Түркістанда күтіп-баптау нысандарының көлемі былтырғыдан 100 гектарға артқан. Сондай-ақ, 258 нысанды күтуге қосымша тағы 50 техника алынды. Қазіргі таңда облыс орталығының жасыл желегінде 25 түрлі 200 дана техника қолданылады. Қалада 318 гектарға орналасқан 32 саябақ, 59 гектарда орналасқан 32 гүлзар, жалпы күтіп-бапталатын 258 нысан бар. Көгал аумағы 2 620 000 шаршы метрге, ағаш 925 507-ге, бұталар 370 856-ға жетті. Облыс әкіміне күту жұмыстарының ерекшеліктері мен технологиясы, күтіп-баптауда қолданылатын химиялық жəне органикалық тыңайтқыштар мен препараттар, оларды қолдану əдіс-тəсілдері баяндалды.
Қазіргі таңда қаланың 626 гектар аумағын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Бүгінде шаһарда 32 саябақ, 49 сквер, 127 гектарға созылған 16 жасыл алаң бар. Халық игілігі үшін жасалған демалыс орындарындағы ағаштар, өсімдіктер мен гүлдердің күтімінде озық техникалар қолданылуда. Атап айтқанда ағаш тәждерін реттеуге гидробиіктеткіш көліктер, бұталарды кескіш, ауа компрессоры, су шашқыш көлік, орылған шөптерді жинауға арналған кабиналы және кабинасыз моторелдер күші жұмылдырылған. Одан бөлек моторлы көгал орғыштар, көгал тракторлары, көгалды аэрациялау машиналары да қала көркі үшін жұмыс істейді. Бұл ретте ағаштар мен көгалдардың күтіміне тыңайтқыш шашуға арналған арнайы машиналар, аспалы құрылғылар мен шаңсорғыштардың септігі мол.
Қаланың көркеюі үшін ең әуелі тазалықтың болғаны абзал. Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында Таза ауыл атты экологиялық сенбілік жиі өткізіледі.
Түркістан теміржол вокзалы аумағын абаттандыру жұмыстары бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды. Жарықтандыру мәселесі де маңызды. Сонымен қатар отырыста қаланың рухани және мәдени орталығында қойылатын ортағасырлық тас мүсіндер бойынша бірқатар ұсыныстар талқыланды.
Сауран секторында балаларға арналған 5 ойын алаңшасы, футбол алаңдары жасақталып, қолданыстағы бірқатар алаңша жаңартылды.
Сауран тұрғын секторында 156 көшенің 45-не асфальт төселген, биыл 16 көшеге тас төселді, 12 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды.
Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, №7 қоғамдық көлік маршруты Мақтазауыт аумағына дейін созылып, арақашықтық уақыты жиіледі. Жыл ішінде жаңа 6 аялдама орнатылды.
Жол жөндеу мамандары бүгінде Түркістан қаласындағы жалпы ұзындығы 3,8 шақырым Ә.Жангелдин көшесін жөндеуге кірісіп кетті. Яғни, «КХ-84 Түркістан-Балтакөл трассасы мен Б.Майлин көшесінің аралығындағы Жангелдин көшесінің бойындағы автожолды реконструкциялау» нысанында қазіргі таңда қарқынды түрде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласы Ә.Жангелдин көшесі Отырар ауданынан кіре беріс бағытта орналасқан, Қызылорда бағытына тікелей шығуға болатын жол болып табылады. Қызылорда бағытын Отырар ауданына тікелей қосатын автокөлік жолы болып саналады. Ә.Жангелдин көшесімен көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін жағдайда күтіп ұсталуы үшін және жол жағдайларына байланысты жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында, реконструкциялау жұмыстарын жүргізу облыстық бюджеттен трансферт арқылы қаржыландырылуда.
Түркістан қаласы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, автокөліктер легінің көп жүретін қаланың ішкі негізгі көшелерінің бірі болып саналатын Түркістан қаласы Ә.Жангелдин көшесіне қайта құру жұмыстары жүргізілсе көлік қозғалысы реттеледі және жол көлік оқиғасы азаяды деп күтілуде.
Ұзындығы 3,8 шақырым көшенің қазіргі таңда, 2,7 шақырымына жобаға сәйкес жол негізі әзірленіп, 2 қабат асфальт жабындысы төселді. Қалған аумағына мердігер тарапынан толығымен суағар науалар орнату, аяқ жол мен вело жолдар жиектастарын орнату, жол негізін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Амандық болса, құрылыс 2023 жылдың соңына дейін іске асырылады деп болжануда.
Айта кетейік, автожолды реконструкциялау жұмыстарына тапсырыс беруші Түркістан қаласы әкімдігінің «ЖК және АЖ бөлімі» мемлекеттік мекемесі; мердігер «Отау-Строй» ЖШС; авторлық қадағалаушы «СК РАОЛ» ЖШС; техникалық қадағалаушы «КазСтройИнжиниринг» ЖШС.
Жолдың ұзындығы – 3,8 шақырым. Санаты – жалпықалалық магистралды 4 жолақты жол. Жоба құны – 3 064,2 млн.тг. Игерілгені – 1 161,5 млн.тг. Қажетті қаржы – 1 902,6 млн.тг.
Қазіргі таңда Түркістан қаласы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің жауапты мамандары аталған нысандардың құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын, сапасын қадағалау мақсатында мердігер, авторлық және техникалық қадағалаушы мекемелердің басшылары мен жауапты мамандардың қатысуымен аталған жұмыстарды жиі аралап, тиісінше және уақытылы орындалуын жіті қадағалауда.
Айта кететін, биыл облыс орталығында көпқабатты 66 үйдің (4295 пәтер) құрылысы жүріп, оның 59-ы (3377 пәтер) жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. 7 үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі, жеке инвестиция есебінен көпқабатты 46 үй салынуда.
Шаһар басшысы қала әкімдігі тарапынан құрылыс сапасына қатысты көтерілген мәселелер бойынша мердігерлерге 89 ескерту берілгенін, сотқа 82 хат жолданып, 8 мердігерге айыппұл салынғанын, облыстық сәулеттік-құрылыстық бақылау мекемесіне 22 ұсыныс хат жолданғанын атап өтті. Жұмысын толық аяқтамаған компанияларды жосықсыз деп танығанымен мәселе шешілмейтінін ескере келе, көпқабатты кей үйлердің кемшіліктерін демеушілер арқылы шешу қолға алынғанын жеткізді.
Қалада кәріз жүйесімен қамту бойынша 7 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 3-уі биыл аяқталады. Сондай-ақ, 5 нысанның жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу басталды.
ІІ-мөлтек ауданында және Балақаев көшесіндегі көпқабатты үйлерге заңсыз салынған қосалқы құрылыстардың бірқатары бұзылып, реттелді.
І-ІІ мөлтек аудандарында заңсыз тұрған 140 дүңгіршек алынып, 8 әлеуметтік дүкен салынды.