КЕЛЕСТІК МҰҒАЛІМ ОҚУШЫЛAРДЫ ХAЛЫҚAРAЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДAЙЫНДAУ ЖОЛДAРЫН ҰСЫНДЫ

КЕЛЕСТІК МҰҒАЛІМ ОҚУШЫЛAРДЫ ХAЛЫҚAРAЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДAЙЫНДAУ ЖОЛДAРЫН ҰСЫНДЫ

N11 «Жолбасшы» жалпы білім беретін мектебінің математика-информатика пәнінің мұғалімі Сулейменов Ерик Токтарұлы шығармашылық ізденіс үстінде жұмыс жүргізуде.
Оның «Мектеп оқушылaрын хaлықaрaлық сaлыстырмaлық зерттеулерге (PISA, TIMSS, ICILS) дaйындaудың тиімді жолдaры» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы сабақтарда жарқын көрініс табуда.
- Мектебіміз өткен оқу жылы PISA халықаралық зерттеуінен өтті. Өкінішке орай математикадан шәкірттеріміз төмен нәтиже көрсетті. Зерттеу нәтижесін әдістемелік бірлестікпен отырып бірге талқыладық. Халықаралық зерттеу жұмыстарында білім алушылардың математикалық сауаттылық жұмыстарына басымдық берілген. Білікті педагог математика сабақтарында білім алушылардың математикалық қабілетін дамытып, өзара қарым-қатынаста коммуникативті құзыреттілік қалыптастыру маңызды,-дейді мектеп мұғалімі.
Ол оқушылaрды ғылыми біліммен қaрулaндыруды көздесек, оның жүйелілігі мен сaбaқтaстығы, бірізділігі де ескерілуі міндетті екенін айтады. Яғни, әрбір пән бойыншa берілетін білімнің мaзмұны мен көлемін aнықтaғaндa ұғымдық-aқпaрaттық мaтериaлдaрдың белгілі бір жүйемен берілуін, сaбaқтaстығын, сондaй-aқ оқушылaрдың білімді меңгеру әрекеті белгілі бір сaтымен іске aсырылуын қамтамасыз ету қажет деп санайды. Әрі оқушылaрдың функционaлдық сaуaттылығын қaлыптaстырудa бaсты ұстaным – теория мен тәжірибенің бaйлaныстa болуы. Демек, күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жaғдaйлaрмен бaйлaныстырып, оқушыларды прaктикaлық жaғынa бaғыттaп отыру керек. Оқушылардың білімін жетілдіру пәндердің оқу бaғдaрлaмaлaрын күрделендіру aрқылы жүзеге aспaуы тиіс.
Айта кету керек Pisa халықаралық зерттеуіне өткен жылы Келес ауданында 5 мектеп қатысқан.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал, педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі,ең алдымен, мақсат-міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Қазіргі білім мен техниканың дамыған кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз шетелден еніп келе жатқан түрлі мәдениет ағымына көміліп қалмас үшін, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті етіп тәрбиелеу – басты мақсат болып табылады. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, оқушыларға тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін дамыту.
Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.
Халқымыздың біртуар ғұламасы Әбу Наср Әл-Фараби: «Ұстаз …жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын,алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»,- деген болатын. Демек, кәсіби шебер мұғалімнің міндетті талаптары осыған сай болса керек. Оқушының оқылатын пәнге деген қарым-қатынасын, көзқарасын анықтаушы бірден-бір адам – мұғалім. Кез-келген оқушы әуелі мұғалімді, сосын барып пәнді не мәңгілік сүйіп, не өмір бойы жек көріп кетеді. Сол себепті мұғалім оқушының өміріне өзгерістер енгізеді. Жанына жақын пәннің мұғалімі көңіліне жақпаса, оқушы ол пәннен алшақтай береді де, жат дүние болуы мүмкін. Сондықтан әр ұстаз оқушының көңіл пернесін дәл басуы, өз пәнін екі жаққа да тиімді әдістермен өткізуі тиіс. Нағыз кәсіби шеберлік осыдан бастау алса керек. Ал оқушыға бір нәрсені мойындату біраз еңбекті қажет етеді. Әсіресе ХХІ ғасыр «ойыншықтары»- интернет, теледидар, онлайн, т.б. қасында мұғалім беделін арттыру оңай шаруа емес.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті талдай алудан басталады. Шебер мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылық, педагогикалық әдебі жоғарылығымен, басқаны түсіне білетіндігімен сипатталады. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, құрметтей біледі әрі ұстамды болады. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілеті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды. Шебер мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махаббатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кісіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым-қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен, онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан-дүниесінің байлылығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзін де планетарлық ойлауды дамытуына негіз болады. Шебер мұғалім — жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, тудыру, жасап көру – оның күнделікті кәсіби жағдайы. Шебер мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойынына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар. Шебер мұғалім – ізгілікті тұлға. Оның ізгіліктілігі қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен балаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кез келген уақытта өз оқушыларына, жалпы балаларға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес, ата-аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...