Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласының білім бөлімі күрделі жөндеуден өткізу үшін 7 мектептің (No20 Р.Исетов, No22 Б.Момышұлы, No31 Абай, No7 С.Ерубаев, No26 Әйтеке би, No17 Ататүрік, No9 Некрасов) және 4 балабақшаның (“Айгөлек”, “Айгүл”, “Арай” және “Гүлдер” бөбекжай балабақша) құжаттарын әзірлеуде.
Білім алу – адамзат баласының қол жеткізген ақыл, парасаттың түбірі. Білім алу арқылы ғана ақ пен қараны ажыратып, ненің дұрыс немесе бұрыс екендігін сезіне аламыз. Дана бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша қалдырған рухани мұралары ұшан теңіз. Әлемнің екінші ұстазы болған әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқариден бастап, бермен қарай қазақ ақын-жырауларының керемет туындыларымен жалғасып, Алаш зиялыларының ақиқатымен ұласып, өзіндік бір білім беру формасы қалыптасқан болатын.
Әрбір мектептің құрылыс материалдары қатаң бақыланады және арнайы стандарт бекітіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы №28 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған көрмеге арнайы барып, «Жайлы мектеп» жобасына қолданылатын құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарының жобаларымен танысқан болатын.
Жалпы, өңірдегі 63 мектепке екі орындық 25100 парта, 50200 орындық, ұстаздарға арналған 2470 үстел, 2550 кресло, лаборанттарға арналған 3012 үстел, 6034 орындық алу жоспарланған. Шкафтар, асханаға қажетті үстелдер мен орындықтар, тақталар, кеңсе орындықтары және өзге де жиһаздар қажет. Осы қажеттілікті өтеу үшін Түркістан облысы әкімдігінің осы салаға жауапты басқармалары облыстағы және республиканың өзге өңірлеріндегі отандық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, алдын ала меморандумдар жасамақ. Бұл бағаның қымбаттауының алдын алуға да мүмкіндік береді. Қажетті жиһаз көлемі ауқымды болуына байланысты Түркістан облысында жиһаз шығаратын кәсіпорын ашылуда.
«Жайлы мектеп» бойынша салынатын 63 мектептің 29-ының құрылысы биыл басталып, 2024 жылы аяқталады. Ал қалған 34 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады. Құрылысы биыл басталатын мектептерге жауапты директорлар бекітіліп, олар құрылысты соңына дейін қадағалайды. Барлық мектеп салынатын орындар анықталып, жері бөлінген. Аталған ауқымды құрылысқа байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі алгоритм жасалды. Алгоритмге сәйкес облыс көлемінде арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының өкілдері, басқарма басшылары, депутаттар, білім саласы және инфрақұрылымға қатысты мекеме өкілдері енгізілді. Жұмысшы топтың отырысы айына кемінде 1 рет өткізіліп, өзекті мәселелер талқылануда. Әрбір білім ұясының құрылысы қатаң бақылауға алынған.
Инфрақұрылымы, инженерлік жүйелері, жері, суы мен газы, электр жүйесі, жалпы әрбір өзекті мәселесін шешу жолдары жоспарланып, нақты жұмыс жүріп жатыр. Оқушылардың саны зерделеніп, қауіпсіздігі де басты назарға алынған.
Еске саларлық, Қазақбаев көшесі бойындағы «Нұр» интеллектуалды мектебі аумағына саябақ құрылысын жүргізуге қатысты көтерілген мәселе бойынша, бүгінде эскиздік жоба мен сметалық құжат әзірленіп, бюджеттік ұсыным жолданғаны айтылды.
Алдыңғы жылдың көрсеткіші бойынша Түркістан қаласында мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары саны – 34, ал жеке мектеп – 26. Жалпы оқушы саны – 50 841.
2 ауысымда 30 мектеп болса, 3 ауысымда 4 мектепте оқиды:
1) Қазыбек би атындағы №14 ЖОМ;
2) М.Жұмабаев атындағы №15 ЖОМ;
3) Изатуллаев атындағы ЖОМ;
4) №23 ЖОМ. Олардың 21– мемлекеттік болса, 87 – жеке меншік.
Жалпы балабақшадағы балалар саны – 15 144.
Сонымен қатар қаламызда, мектептен тыс 7 мекемелелер бар.
Үйірмелерге қатысатын оқушы саны – 4 556, Қазіргі таңда қалада күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 11 мектептер бар.
3 аусымға өту қауіпі бар мектептер:
1) Хамза №2 мектебі орын тапшылығы 183,
2) Ж.Жабаев №11 орын тапшылығы 151,
3) Н.Төреқұлов №8 мектебі орын тапшылығы.
2022 жылы – 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21).
2022 жылы – 1 жеке мектеп салынуда «Бірлік» м/а.
Алдағы уақытта 9 мемлекеттік мектеп салу жоспарлануда:
2023 жылы – 2 мектеп РБ (Әмір Темір 300, Баянауыл 600 орындық)
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 7 мектеп салынады. (ӘІО 3 мектеп 6000, Яссы м/а 2 мектеп 2100, Отырар м/а 1 мектеп 1200, Бекзат 1 мектеп 1200 орындық).
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 7 мектеп салынады. Әкімшілік іскерлік орталықта – жалпы 6000 орындық 3 мектеп, Яссы мөлтекауданында жалпы 2100 орындық 2 мектеп, Отырар мөлтекауданында 1200 орындық 1 мектеп, Бекзат мөлтекауданында 1200 орындық 1 мектеп.
Түркістан қаласындағы мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары саны – 34, ал жеке мектеп – 26. Жалпы оқушы саны – 50 841. 2 ауысымда 30 мектеп болса, 3 ауысымда 4 мектепте оқиды: 1) Қазыбек би атындағы №14 ЖОМ, 2) М.Жұмабаев атындағы №15 ЖОМ, 3) Изатуллаев атындағы ЖОМ, 4) №23 ЖОМ.3 аусымға өту қауіпі бар мектептер: Хамза №2 мектебі орын тапшылығы 183, Ж.Жабаев №11 орын тапшылығы 151, Н.Төреқұлов №8 мектебі орын тапшылығы 2022 жылы – 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21).
2022 жылы – 1 жеке мектеп салынуда «Бірлік» м/а. Алдағы уақытта 9 мемлекеттік мектеп салу жоспарлануда: 2023 жылы – 2 мектеп РБ (Әмір Темір 300, Баянауыл 600 орындық).
Сонымен қатар, Түркістан қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған мектептердің саны 31-ге жетті. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Ендігі кезекте меншік иесіне қарамай барлық мектепте берілетін білім мен тәрбие бірдей болуы қажет. Себебі, олардың барлығында оқып жатқан өз балаларымыз. Бұл туралы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған мектептердің басшыларымен өткен жиналыста айтылды.
Басқосуға Түркістан қалалық Білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы мен қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев қатысты.
Жиналыстың кіріспе сөзін алған Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова бүгінде Түркістан қаласы бойынша білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, оның ішінде жеке мектептердің алатын орны, оларға жүктелетін міндеттерді атап өтті.
Ал, бөлімнің бас маманы Гүлмира Құлбайымбетова «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тақырыбында сөз қозғап, білім мекемелерінде тәрбие ісін жетілдіру бағытын түсіндірді.
Сонымен қатар, бекітілген бірыңғай мектеп формасымен таныстырды.
Өз кезегінде сөз алған Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Дәулетханұлы жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, ата-аналармен, жайсыз отбасылармен жұмыс, мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы терең сөз қозғап, балаларымыздың білімімен қатар тәрбиесіне де аса мән беру қажеттігін айтты.
Білім беру әдістемесінде биылғы жаңа оқу жылында орын алған өзгерістер де баршылық. Бұл туралы әдістемелік кабинет меңгерушісі Маржан Жансейтқызы Қорғанбекова жасаған баяндама барысында таныстырды.
Маржан Жансейтқызы 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстырып, ондағы басты ерекшеліктерді атап өтті. Ал, әдіскер Нұркен Абубакиров Ұлттық бірыңғай білім деректер қоры (НОБД), «Bilim Land» платформасы, «Bilimсlass» электронды журналының жүргізілуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жасады.
Жиналысты қорытындылаған Оразкүл Шайхықызы жаңа оқу жылының басталғанын ескере отырып, өскелең ұрпақтың білім сапасын арттыру бағытында бөліммен бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Айта кететін, тұрғындардың өтініші негізінде ағымдағы жылы қала аумағында 15 жерге спорт және балалар ойын алаңшасын және 10 жерге тек ойын алаңшасын салуға бюджеттен қаржы қаралып, мердігермен келісім шарт түзілген. И.Байзақ көшесінде ойын алаңшасын салу бойынша ұсыныс түскен, алайда көше бойында бос жер телімі болмағандықтан Яссы тұрғын алабындағы №24 мектепке ойын алаңшасы салынды, Көккөл көшесіне де алаңша салу жоспарлануда. Айта кетерлігі 2022 жылы Яссы тұрғын алабына қарасты Аралбай, Саққорған көшелерінде ойын алаңшаларының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. С.Болыс көшесіне ойын алаңшасын салуға орны бекітіліп, құрылысын бастау тамыз айына жоспарланды.
Ал, қалалық құрылыс бөлімі демеушілер арқылы 6 балабақшаның жобалау-сметалық құжаттарын дайындауды бастап кетті.
Нұрбол Әбдісаттарұлы мәселенің өзектілігіне баса назар аударып, келесі жылға үлгеру үшін құжаттардың кешіктірілмей дайындалуын жеке бақылауында ұстап келеді.