КЕЛЕС: ОҚУШЫ ҚЫЗ ЗААНЕНДІК ЕШКІ СҮТІНІҢ МАҢЫЗЫН ЗЕРТТЕУДЕ

КЕЛЕС: ОҚУШЫ ҚЫЗ ЗААНЕНДІК ЕШКІ СҮТІНІҢ МАҢЫЗЫН ЗЕРТТЕУДЕ

Келес ауданындағы №60 Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мекембай Балнұр заанендік ешкі сүтінің маңызын зерттеуде.
Жас ғалым “Қапланбек” агротехникалык колледжінің ветеринария бөлімінің зертханасында «Сүт анализаторы ЛАКТАН 1-4 М» кіші аппаратында ана сүті мен ешкі сүтінің салыстырмалылық құрамын талдады. Талдау барысында ана сүтінің майлылык кұрамы ешкі сүтінен кем болғаны анықталды. Аталған зертханалық жұмысты жүргізуге колледждің аға оқытушы Ибрагим Аширбеков көмектескен.
Аталған аппарат арқылы ана сүті мен ешкі сүтіндегі судың, майдың және минералдар мен аминқышқылдардың құрамы анықталды дейді жас ғалымның жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Байжигитова Кундызай. Сонымен қатар биология пәнінің мұғалімі ешкі сүтінің пайдалы екендігін айтады.
- Заанин ешкісі сүтті келеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Практикалық маңызы зерттеу жұмысы барысында алынған мәліметтерді халқымыздың салт-дәстүрін танып білуде және әр түрлі аурулардың алдын-алуға, күнделікті өмірде денсаулықты нығайтуға пайдалануға болады. Оның құрамындағы май оңай сіңімді, әрі адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамында кальций мен фосфор минералдық заттарының мол болуы балалардың сүйектерінің қалыптасуы үшін өте пайдалы. Оны әртүрлі өкпе, суық тию ауруларын емдеу үшін қолданады, сондай-ақ ешкі сүті гепатиттен, асқазан жарасынан, астмадан және басқада аурулардан қорғайды. Ешкі сүтінің құрамында В, В2, С және А дәрумендері бар,-дейді оқушының жетекшісі.
Айта кету керек, жас ғалым өз зерттеуін Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Өміржан Раянмен бірге жүргізген. Жалпы Қазақстанда ешкі өсіру енді дамып келе жатқан салалардың бірі. Сондықтан бұл сала әлі толық зерттеуді қажет етеді.
Еске саларлық, қыркүйек айында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау мәселесі қаралған болатын.
Отырысты ашқан Үкімет басшысы күні кеше ғана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 2023 жылға арналған Жаһандық инновациялық индексті жарияланғанын атап өтті. Ол ғылымға, білім беру жүйесіне және инфрақұрылымға қатысты 80-ге жуық көрсеткішті қамтиды.
«Қазақстан Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия аймағы бойынша үздік 3 инновациялық экономиканың қатарына енді. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктері еліміздің халықаралық аренадағы позицияларын жақсарту үшін ғалымдарға қажетті жағдай жасау және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыруы керек», — деді Әлихан Смайылов.
Ведомство басшысы Саясат Нұрбек халықаралық тәжірибені, атап айтқанда, Еуропалық Одақ елдері, Канада, Австралия, Малайзия, Испания және басқа да мемлекеттерді, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда белгіленген стратегиялық міндеттерді ескере отырып, алдағы жылдарға арналған ғылымды дамытудың алты басым бағыты әзірленгенін айтты. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты жеке қарастырылатын болады.
Бұл тізімге «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану», «Энергия, озық материалдар және көлік», «Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар», «Елдің зияткерлік әлеуеті», «Өмір және денсаулық туралы ғылым» және «Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» бағыттары енді. Өз кезегінде, бағыттардың әрқайсысы 8-ден 18-ге дейінгі бөліктерден тұрады.
Жалпы, белгіленген басымдықтар шеңберінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақ сапасын сақтау, энергетикалық қауіпсіздікті (соның ішінде жылу энергиясын) қамтамасыз ету, парниктік газдар шығарындыларын азайту және жаңартылатын көздерді дамыту мәселелеріне назар аударылады.
Сонымен қатар құрылыс, машина жасау, өнеркәсіп, көлік технологиялары, робототехника, жасанды интеллект, жаңа материалдар жасау, телекоммуникация, медицина, фармацевтика, мал шаруашылығы, егіншілік, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеу және сақтау, тамақ өнімдерін өндіру және т.б. салаларында зерттеулерді қолдау жоспарланып отыр. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер де қарастырылған.
Талқылау және дауыс беру нәтижелері бойынша Жоғары ғылыми-техникалық комиссия аталған тәсілдерді мақұлдады.
Сонымен қатар жиында 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттар бойынша қаржыландыру көлемін бөлу және ғылыми-техникалық міндеттерді жүзеге асыру мәселелері қаралған болатын.
Айта кететін, Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өткен еді:
– Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе, қа­зіргі озық техноло­гия дәуірінде ғы­лым­сыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойын­ша сайлау алдындағы бағдар­ла­мада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғы­л­ымды дамыту – мемлекет саясатын­да­ғы ең маңызды бағыттың бірі. Өкініш­ке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған бас­а назар аударылған жоқ. Соған бай­ла­нысты шешімін таппай жатқан мә­се­лелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деу­ге болады. Біз өркениетті ел боламыз де­сек, осы олқылықтың орнын толты­руы­мыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ғылым мен техноло­гия­ның өте қарқынды дамып жатқанына тоқ­талды. Оның ай­туынша, ғылым сала­сы қаржы айналымы мил­лиардтаған дол­ларды құрайтын алып ин­дус­трияға ай­налды. Технологиялық ірі кор­пора­ция­­лардың құны триллион долларға жет­кен. Ней­рожелі және жасанды ин­тел­лект революциялық үдерістерге бас­тау болып жатыр.
– Бір сөзбен айтсақ, заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейім­делуіміз керек. Әйтпесе, өркениет даңғы­лынан қалып қоюымыз мүмкін. Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу. Бұл мақсат, әрине, өте күрделі, оны жақсы түсінуіміз керек. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Жалпы, біз алдымызға қол жеткізе алмайтын тым асқақ мақсаттар қоймауымыз керек, бірақ ғылыми жетіс­тіктерге жету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Қазақстан үйренетін емес, үйрететін, тұтынатын емес, өндіретін мемлекетке айналуға тиіс. Бұл міндет бос сөз күйінде қалмауы керек. Ол үшін біз әр­дайым батыл қимылдап, бір қадам алда жүруіміз қажет. Жұмысты дұрыс үйлестіре ал­сақ, бұл шаруа біздің қолымыздан келетіні анық, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамытудың жаңа үлгісіне сәйкес, Ұлттық ғылым академиясының рөлі ерек­ше болатынын айтты. Жақында Ғылым академиясына Президент жанындағы ор­ган мәртебесі берілді. Оны қаржыландыру мәселесі шешілді. Академиктерге өмір бойы стипендия төленетін болды. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің әріп­тестігіне негізделуге тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, осы тәсіл әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүм­кіндік береді. Бұл Әділетті Қазақстанды құру жолындағы стратегиялық бағдары­мызға толық сай келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...