ТҮРКІСТАНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 127 шақырым сарқынды су жүйесі мен 27 дана КНС бар. Шаһардағы сарқынды су тазалау имараттары тәулігіне 4,5- 5 мың куб кәріз суын тазартады.
Түркістан қаласын толықтай кәріз жүйесімен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны баршаға аян. Жыл басынан бері қала аумағында аталған жұмыстар бойынша жоспар жасалып, жұмыстар айтарлықтай нәтиже беруде.
Тұрғындардың талап-тілегін орындау мақсаты да сапалы жүргізіледі деген сенім бар. Түркістандықтардың жіті бақылауындағы бұл жұмыстар бойынша жауапты мамандар да тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалап жатқандарын жеткізді.
Орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші - 32,2 пайыз (13 601 абонент).
Қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік қосылымдармен қамтамасыз ету мақсатында арнайы 14 жоба әзірленген.
Айта кетейік, сарқынды сумен қамтамасыз ету жүйелері бойынша қалада сарқынды су желісі — 127,25 шақырымды құрап отыр. Оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48.2 км құраған. Сондай-ақ, 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты /КОС/ жұмыс істеп келеді. Оның қуаттылығы тәулігіне — 20000 м³. Жыл сайын «Жаңа қала», «Отырар» шағын аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары толықтай іске асып келеді. Қазіргі таңда қаладағы 7 нысанда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, «Тұран – 2», «Отырар – 2», «Яссы – Ыждыхат» шағын аудандары, «Бекзат» және «Бірлік» секторларында және «Ортақ» мөлтек аудандарында, сонымен қатар 5 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 4 нысанға жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Аталған жұмыстар аяқталғанда қаланың кәрізбен қамтылған бөлігін көбейту жоспарлануда. Нәтижесінде, 34 177 абонентке кәріз жүйесі қолжетімді болады. Естеріңізге сала кетейік, бұл көрсеткіш 2022 жылы 32% болған еді. Жауапты мамандар жұмыстардың биылға жоспарланған межесін толығымен орындауға күш салып жатқандықтарын айтады. Жоспарлы жұмыстар нәтижесінде аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 90%-ға дейін кәріз жүйесімен қамтылады. Ал биылғы межеге сәйкес, жылдың соңына дейін шырайлы шаһар 40% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады. Дәлірек айтсақ, кәріз жүйесі жұмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға артады. Бұл қайырымды қала тұрғындарының қауіпсіз және салауатты өмір сүруіне арналған ауқымды жұмыстар деуге болады.
Қаламыздағы мөлтекаудандардағы кәріз жүйесі жұмыстарының жай-күйін Түркістан қаласы әкімдігінің Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің сектор меңгерушісі Смадияр Сабировтан сұраған болатынбыз. Айтуынша, қала бойынша жүргізілген сарқынды су желілерінің басым бөлігі магистралдық құбырлар болғандықтан, қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік қосылымдармен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Жерасты суларының салдарынан қаламызда толық кәріз жүйелеріне арнап 15 жоба жасалған. Оның 11-і орындалып, 7 нысан бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.
Сонымен қатар, кәріз жүйесі жұмыстары барысындағы мердігерлердің немқұрайлы жұмыстарына тұрғындардың шағымын жеткізген болатынбыз. Жауапты мамандар бұл олқылықтардың орны толтырылатын болатынын жеткізді. Мамандардың айтуынша, қазірге дейін 5 мердігерге шара қолданылып, бақылау басқармасына берілген. Қазіргі таңда сәйкессіздіктер анықталған мердігерлерге акт толтырылып, заң аясында шара жасалады. Қалалар мен ірі елді мекендерде кәріз суының қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына айтарлықтай зияны бары жасырын емес. Алдағы уақытта қаланың әр нүктесінде жүргізіліп жатқан кәріз құбырларын сапалы әрі қауіпсіз орнату басшылар мен жауапты бөлімнің жіті бақылауында болмақ.
Артық суды жаңа жоба бойынша салынатын темірбетон құбырмен өткізу арқылы мәдени орталықтағы кәріз жүйесіндегі орын алған мәселе шешімін табады. Темірбетон құбырды 1,6 шақырымға жүргізу көзделген.
«Яссы» мөлтек ауданындағы Ыждыхат тұрғын алабын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының І кезеңі бойынша 76 шақырымға құбыр жүргізілген. Кезекті аралау барысында облыс әкіміне ІІ кезең жобасы ұсынылды.
Құрылыс алаңы 63 шақырымға жоспарланып, нақты 43,6 шақырымы орындалған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 7480 тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылады деп күтілуде. Жобаны тапсыру 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Қала аумағында орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% не 12 мыңнан астам абонент қамтылған. Қуаттылығы тәулігіне 20 000 М3 сарқынды су тазарту имараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4 500-5 000 М3, 27 дана КНС, 127 шақырым сарқынды су құбырлары қолданыста.
2023 жылға өтпелі жалпы 7 нысанның құрылысы жүргізілуде. Биыл кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 36,3 %-ға жетеді деп күтілуде. 5 нысан (20 244 абонент) бойынша құжаттар қаржыландыруға ұсынылған. 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 95 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Ал сарқынды сумен қамтамасыз ету жүйелері бойынша қалада сарқынды су желісі — 127,25 км, оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48.2 км құраған. Сондай-ақ, 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты /КОС/ жұмыс істеп келеді. Оның қуаттылығы тәулігіне — 20000 м³. Жыл сайын «Жаңа қала», «Отырар» шағын аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары толықтай іске асып келеді. Қазіргі таңда қаладағы 7 нысанда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, «Тұран – 2», «Отырар – 2», «Яссы – Ыждыхат» шағын аудандары, «Бекзат» және «Бірлік» секторларында және «Ортақ» мөлтек аудандарында, сонымен қатар 5 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 4 нысанға жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Аталған жұмыстар аяқталғанда қаланың кәрізбен қамтылған бөлігін көбейту жоспарлануда. Нәтижесінде, 34 177 абонентке кәріз жүйесі қолжетімді болады. Естеріңізге сала кетейік, бұл көрсеткіш 2022 жылы 32% болған еді. Жауапты мамандар жұмыстардың биылға жоспарланған межесін толығымен орындауға күш салып жатқандықтарын айтады.
Қалалар мен ірі елді мекендерде кәріз суының қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына тигізетін зияны аз емес. Соңғы кезде қаланың қазылған қалдық су шұңқырларынан шыққан иіс тұрғындар тарапынан айтылатын арыз-шағымға себеп болуда. Алдағы уақытта қаланың әр нүктесінде жүргізіліп жатқан кәріз құбырларын сапалы әрі қауіпсіз орнату басшылар мен жауапты бөлімнің жіті бақылауында болмақ. Жоғарыда атап өткендей, биылғы жоспарлы жұмыстар нәтижесінде аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 90%-ға дейін кәріз жүйесімен қамтылады. Ал биылғы жылдың соңына дейін шырайлы шаһар 40% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады. Дәлірек айтсақ, кәріз жүйесі жұмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға артады. Бұл қайырымды қала тұрғындарының қауіпсіз және салауатты өмір сүруіне арналған ауқымды жұмыстар деуге болады. Күннен-күнге түрленіп жатқан шаһарымызда кәріз жүйелері бойынша көңіл толарлықтай нәтижелер болады деген үміттеміз.
Жоба аясында 3 нысандағы жүріп жатқан құрылыс жыл соңына дейін аяқталып, қолданысқа берілсе, 4 нысанда құрылыс басталуда. 3 нысан биыл республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Қалған жобалар келесі жылдарға өтпелі.
Аталған жобалар толыққанды жүзеге асқанда шаһар 95 пайыз кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...