Пашинян: «Армян халқы үшін ауыр шешім қабылдадым»

Пашинян: «Армян халқы үшін ауыр шешім қабылдадым»

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты 10 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғанын айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Қымбатты отандастар, әпкелер мен бауырлар. Мен өзім үшін және бәріміз үшін өте ауыр шешім қабылдадым. Мен Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты сағат 01:00-де аяқтау туралы мәлімдемеге қол қойдым. Жарияланған мәлімдеменің мәтіні мен үшін және халқымыз үшін ауыр», - деп жазды Пашинян.

Армения үкіметінің басшысы мұндай шешімге қалай келгенін де түсіндірді.

«Мұндай шешімді әскери жағдайды талдап және бәрінен жақсы білетін адамдардың бағасына қарап қабылдадым. Сондай-ақ ол осы жағдайдағы ең дұрыс шешім деген сенімге негізделді. Жақын күндері бұл шешім туралы толық айтып беремін.

Бұл - жеңіс емес, бірақ өздеріңіз жеңілдік деп мойындамағанша, жеңіліс те болмайды. Біз ешқашан өзімізді жеңілдік деп мойындамаймыз және бұл жаңа ұлттық бірігу мен өрлеу дәуірінің басталуы болу керек. 

Бізге болашағымызды жоспарлау және өткендегі қателікті қайталамау үшін тәуелсіздік жылдарымызды саралауымыз керек», - деді Н. Пашинян.  

Никол Пашинян отанын қорғауға жанын салған барша армениялықтардың алдында басын иетінін айтты.

«Мен осы соғыста зардап шеккен барша жанның алдында тіземді бүгемін. Отанымызды қорғаған және жанын қиған барлық әскер, офицер, генерал, еріктілер алдында бас иемін. Олар Арцахтағы армяндарды жанкештілікпен қорғады. Біз соңына дейін күрестік. Және біз жеңеміз. Арцах орнында. Жасасын Армения! Арцах жасасын!» - делінген Пашинянның үндеуінде.

Осы мәлімдемелерден кейін Арменияда тәртіпсіздік басталды. Ереванда наразылық білдірушілер үкімет үйіне басып кірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...