БАСТЫ МАҚСАТТАР: САПАЛЫ АУЫЗ СУ, АБАТТАНДЫРУ, ИНФРАСТРУКТУРАНЫ ЖАҚСАРТУ

Қала әкімшілігінің алдына қойылған міндеттердің бастыларының қатарына тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту, кәріздік жүйені жаңғырту және жол сапасын жақсарту болып табылады. Қазіргі таңда Түркістан қаласында 41528 абонент ішінде ауыз сумен 41100 абонент, яғни 98,9% қамтамасыз етілген. Су алу көздері Біресек және Мырғалымсай су жинау резервуарларына 72 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде.
2023 жылы 4 нысанның құрылысын аяқтау көзделуде (Мақтазауыт, 1-2 м/а, Яссы ж/е Шауғар, Жаңадан қоныстанған аумақтар, Яссы Шауғар – 10 178 абонент). Жоба құны 5 323,8 млн.теңге.
Нәтижесінде, жыл қорытындысымен қалалықтарды сапалы ауыз сумен қамту деңгейін 99,5 пайызға жеткізу көзделуде.
Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе 12297 абонент қамтылған. Түркістан қаласында сарқынды су желісі — 127,25 км, оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48,2 км құрайды. Түркістан қаласында — 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты жұмыс істейді. Оның қуаттылығы 20000 м³/тәул. Қалада – 38220 абоненттің 12 297 ішінде 17 КНС пен КОС 2014 жылы іске қосылған. Сарқынды су тазалау абоненті сарқынды су желісіне қосылған – 32,2 % құрайды. Оның ғимараты тәулігіне 4,5 — 5 мың куб кәріз суын тазартуда.
Сарқынды су тазалау ғимаратында биотазалау ғимаратын толық жұмыс атқару үшін тәулігіне кемінде 10 мың куб кәріз суы келуі қажет. 10 мың куб су тазалау ғимаратына кәріз суының келмеу себебі қала аумағы кварталішілік абоненттік желімен қамтамасыз етілмеген. Жүргізілген сарқынды су желілерінің басым бөлігі магистралдық құбырлар. Осыған орай, қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік қосылымдармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 14 жобаны іске асыру көзделген.
Қазіргі таңда, 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 3 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылады. Ал 5 нысан республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95%, ал 2023 жылдың соңына дейін 36,3% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады.
2022 жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 316,1 шақырымға жетіп 37,4 % құраған болатын.
2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен 845 шақырым құрайтын жолдың 399,2 (47,2%) асфальт жол, 445,8 (52,8%) шақырым құрайтын жолдары бар.
2021 жылы жалпы құны 19,2 млрд.теңгені құрайтын 4 нысанның құрылысы басталған болатын. Олар, Ә.Жангелдин көшесі, І.Қожабаев көшесі, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол және Қалаби көшесі. Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол, веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі. Халықпен кездесу барысында Бекзат мөлтек ауданында темір жол үстінен жаяу жүргіншілер көпірін салуды сұраған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталуда.
Қала аумағында 2023 жылы ауқымды 73 мәдени іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты ақындар айтысы, Түркістан облысының құрылғанына бес жыл толуына байланысты салтанатты концерттік бағдарлама, қала күніне орай, «Түркістан-бақ мекенім» мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Сонымен қатар, қалада мәдениет үйі болмау есебінен 2022 жылы жалпы сомасы 1,7 млрд.теңгені құрайтын 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды.
Спорт саласындағы индикаторлық көрсеткіштерге келетін болсақ, 2022 жылдың қорытындысымен барлық көрсеткіштер орындалды.
Ағымдағы жылы қалада ірі спорттық іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, әуесқой футбол лига ойындары, Б.Саттарханов атындағы бокстан республикалық турнир, «Turkistan Marathon-2023» Халықаралық марафон өткізілді. Сонымен қатар, 2023 жылы қазан айында жалпы сомасы 767,4 млн.теңгені құрайтын 2050 орындық стадионның ашылу салтанаты өтті.
Осындай салауатты өмір салтын ұстану нәтижесінде 2023 жылдың 9 айында қала аумағында құқықбұзушылық саны – 554 құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен 26,6% төмендегені байқалды.
— Биыл киелі шаһарымызға облыс орталығы мәртебесі берілгеніне бес жыл. Бұл уақыт аралығында Түркістан құрылыс алаңына айналып, көз алдымызда түрленгеніне осындағы баршаңыз куәсіздер. Рухани астанамызда туризм әлеуетін арттыру бағытында тиянақты тірліктер атқарылды. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде жұмыстар әлі де жалғасуда. Елдегі соңғы өзгерістер ендігі тірліктер мен жоспарларды белгілеп, жаңару, даму мен өркендеу бағытын айқындады. Мемлекет Басшысының бастамасымен Түркістан ендігі кезекте Рухани Астана мәртебесінде өз дамуын жалғастырады және біз сіздермен бірге осы жарқын күндердің куәсі боламыз деп сенемін»,-дейді Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков.
Осы өзгерістердің бел ортасында жүрген түркістандықтар үшін де мол мүмкіндіктер ашылды. Қала дамуы жаңа екпін алды. Ендеше, әрбір қала тұрғыны сүйікті шаһарымыздың қарыштап дамуына сүбелі үлес қосады деген ойдамыз.
Қала әкімшілігінің алдына қойылған міндеттердің бастыларының қатарына тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту, кәріздік жүйені жаңғырту және жол сапасын жақсарту болып табылады. Қазіргі таңда Түркістан қаласында 41528 абонент ішінде ауыз сумен 41100 абонент, яғни 98,9% қамтамасыз етілген. Су алу көздері Біресек және Мырғалымсай су жинау резервуарларына 72 000 м3 су жиналып, халыққа берілуде.
2023 жылы 4 нысанның құрылысын аяқтау көзделуде (Мақтазауыт, 1-2 м/а, Яссы ж/е Шауғар, Жаңадан қоныстанған аумақтар, Яссы Шауғар – 10 178 абонент). Жоба құны 5 323,8 млн.теңге.
Нәтижесінде, жыл қорытындысымен қалалықтарды сапалы ауыз сумен қамту деңгейін 99,5 пайызға жеткізу көзделуде.
Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2% немесе 12297 абонент қамтылған. Түркістан қаласында сарқынды су желісі — 127,25 км, оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48,2 км құрайды. Түркістан қаласында — 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты жұмыс істейді. Оның қуаттылығы 20000 м³/тәул. Қалада – 38220 абоненттің 12 297 ішінде 17 КНС пен КОС 2014 жылы іске қосылған. Сарқынды су тазалау абоненті сарқынды су желісіне қосылған – 32,2 % құрайды. Оның ғимараты тәулігіне 4,5 — 5 мың куб кәріз суын тазартуда.
Сарқынды су тазалау ғимаратында биотазалау ғимаратын толық жұмыс атқару үшін тәулігіне кемінде 10 мың куб кәріз суы келуі қажет. 10 мың куб су тазалау ғимаратына кәріз суының келмеу себебі қала аумағы кварталішілік абоненттік желімен қамтамасыз етілмеген. Жүргізілген сарқынды су желілерінің басым бөлігі магистралдық құбырлар. Осыған орай, қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік қосылымдармен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 14 жобаны іске асыру көзделген.
Қазіргі таңда, 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 3 нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылады. Ал 5 нысан республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 95%, ал 2023 жылдың соңына дейін 36,3% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады.
2022 жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 316,1 шақырымға жетіп 37,4 % құраған болатын.
2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен 845 шақырым құрайтын жолдың 399,2 (47,2%) асфальт жол, 445,8 (52,8%) шақырым құрайтын жолдары бар.
2021 жылы жалпы құны 19,2 млрд.теңгені құрайтын 4 нысанның құрылысы басталған болатын. Олар, Ә.Жангелдин көшесі, І.Қожабаев көшесі, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол және Қалаби көшесі. Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол, веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі. Халықпен кездесу барысында Бекзат мөлтек ауданында темір жол үстінен жаяу жүргіншілер көпірін салуды сұраған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...