Түркістан – жан-жақты бағытта дамитын, болашағы жарқын қала. Бүгінгі таңда шаһардың 220 мыңнан астам тұрғыны бар. Қала халқының саны 2035 жылы 350 мыңға, ал 2050 жылы 500 мыңға жетеді деп болжануда. Түркістанды дамыту бойынша барлық жоспарлар тұрғындар санының өсуі ескеріле-есептеле жасалған. Бұл орайда қала аумағы ұлғайып, 25 000 гектарға жеткізілмек. Жаңа құрылыстардың сәулет стилі жергілікті ұлттық салт-дәстүрге сүйенетін болады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сайк кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. Бес жылда олардың саны 184 мыңға жетті. Бес жылда шығарылған өнім көлемі 11 есеге дейін өсіп, 1 трлн. теңгеден асты. 2018 жылы шығарылған өнім көлемі 130,9 млрд. теңге болатын.
Бес жылда облысқа салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 422 млрд. теңгеге 133 инвестициялық жоба іске асырылып, 9 347 жұмыс орны құрылды, – деді Дархан Сатыбалды.
Биыл инвестиция тұрақты өсуде. Өсім қарқыны бойынша өңір республикада алдыңғы орында (5 айда 196,1 млрд. тг.). Түркістан облысында бес жылға арналған 368 инвестициялық жоба жоспарланды. Құны 2,8 трлн. теңге болатын жобалар арқылы 18,5 мың жұмыс орны ашылады. 2023 жылы 48 жоба іске қосылып, 1168 адам жұмыспен қамтылды.
Түркістан қаласын дамыту, өңірді өркендету бастамасы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің өсуіне ықпал етті. Бес жылда инвестиция көлемі 3 есеге артып, облыс экономикасына жалпы 3 трлн. теңгедей инвестиция тартылды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі (1,8 трлн.тг. үлесі 64%). Бес жылда облысқа салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 422 млрд. теңгеге 133 инвестициялық жоба іске асырылып, 9347 жұмыс орны құрылды. Биыл инвестиция тұрақты өсуде. Облыс бес айда 196, 1 млрд. теңге инвестиция тартып, өсім қарқыны бойынша республикада алдыңғы орында тұр.
Түркістан облысында білім саласына қатысты бірнеше өзекті мәселе шешіліп жатыр. Облыста бес жылда жаңа 86 мектеп салынды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Ол ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында білім саласына баса көңіл бөлініп жатқанына тоқталды.
Өңір басшысының айтуынша, облыста білім беру саласында 2511 ұйым қызмет көрсетеді. 1 372 мектепке дейінгі ұйымда 155 мың бала тәрбиеленуде. 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 98%-ды құрайды. Облыста жалпы 1000 мектепте (мемлекеттік – 907, жеке – 93) 515 мың оқушы білім алады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы 34 мектептің құрылысы аяқталды (бюджет – 21, жеке инвестиция – 13). 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында қазір 33 мектеп салынуда. Оның ішінде, «Білім инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы биыл 9 мектептің құрылысы жүруде. Биыл 20 мектепті пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен 3 жылда 63 мектеп салынады.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, 894 мемлекеттік мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Осы арқылы бейнебақылау, турникет, қоршау, дабыл түймесі орнатылады. Арнайы күзет қызметімен қамтылады. 1-4 сыныптағы оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Түркістан-Су» МКК ұйымдастыруымен 2023 жылға арналған жұмыстар бойынша баспасөз туры өткен болатын. Аталған кездесуге Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ақтілеу Балғабекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары Бекахмет Абусейтов, Ғалымжан Худияров және аталмыш мекеменің директоры, қалалық мәслихат депутаты Ақниет Асылов пен БАҚ өкілдері қатысты. Баспасөз турының негізгі мақсаты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 1-қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелерді басшылыққа ала отырып, инвестициялық бағдарламаның орындалуы, кәсіпорын объектілерін қайта жаңарту, активтерін жетілдіруді көздеді.
Сондай-ақ, инвестициялық бағдарламаны іске асырудан алған нәтижелерді халықпен бөлісу, тарифтерден алынатын қаражатты мақсатты қолдану туралы тұтынушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды. Естеріңізге сала кетейік, Президент «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында:
— Инфрақұрылымның әбден тозуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Индустрияландыру қарқынын да тежейді. Яғни, инфрақұрылымды жаңғыртпасақ, жаңа экономикалық үлгіге көшу мүмкін емес. Үкімет жаңа инфрақұрылымдық жоспарда осы саладағы барлық түйткілді ашық көрсетіп, оны шешу жолдарын анықтауға тиіс. Су электр станцияларын дамыту мәселесі назардан тыс қалмайды. Электр қуатымен, жылумен және сумен қамтамасыз ету – технологиялық тұрғыдан алғанда тығыз байланысқан біртұтас жүйе. Оған экономиканың аса маңызды жеке саласы ретінде қараған абзал. Осы салаға қатысты қазіргі ұстаным негізінен өзектілігін жоғалтты. Енді жаңа шешімдер керек, — деген болатын. Осыған орай, пресс-тур барысында сарқынды су айдау станциясы мен тозығы жеткен ауыз су жүйесін ауыстыру жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Дәлірек айтсақ, «Түркістан-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорының орынбасары Сейілбек Дайрабай мекеме жұмысымен таныстырды. Атқарылатын ағымдағы жұмыстардың жоспарымен бөлісіп, арнайы сарқынды су айдау станциясына алып барды. Ондағы мамандардың қызметімен танысқан қалалық мәлихат дептутаттары мен БАҚ өкілдері тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды.
Бүгінгі таңда өңірде орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендердің жалпы саны 720-ға жетіп, қамту деңгейі 86,4% құрады (2 025 мың адам немесе 95,6%). Биыл 18 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры салынады, 12 елді мекеннің тозығы жеткен су жүйелері жаңартылады. 465 елді мекенге газ жүргізіліп, қамту деңгейі 56% құрады (1 537,6 мың адам немесе 72,6%). Биыл 68 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 57 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады.
«Түркістан» еркін экономикалық аймағын құру қаланың дамуына тың серпін берді. 1 938 гектар аумақта орналасқан экономикалық аймақта көптеген жаңа нысандар, тұрғын үй мен қонақ үй кешендері, сондай-ақ өндіріс орындары ашылады. Тұжырымдамаға сәйкес, халық санының өсуіне байланысты 3 жо¬балық кезең қабылданды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жос¬парына сәйкес, 2022 жылға дейінгі аралықта 170 инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленеді. Бірқатар ұлттық компаниялар, бизнес өкілдері мен шетелдердік инвесторлар әлеуметтік-мәдени маңызы бар 16 нысандарды салуда. Сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар және облыс әкімдіктері 13 құрылыс нысанын салу қолға алынды. Нәтижесінде, қысқа мерзім ішінде Түркістан танымастай өзгеріп, теңдесі жоқ шаһарға айналмақ.
Жалпы аумағы 1350 гектарды алып жатқан бұл аумақ қаланың әкімшілік және әскерлік орталығына айналады. Онда облыстық әкімдіктің, басқармалар мен департаменттердің ғимаратының құрылысы басталып, Медиа және Сауда орталықтары мен көптеген заманауи әрі ыңғайлы тұрғын үй кешендерінің, Оқушылар сарайы мен спорт, мәдени кешендерінің, «Конгресс Холл» мен әлеуметтік нысандардың іргетасы қаланды. Ерекше жобалардың қатарында 7000 орындық стадионды, бассейіні бар спорт кешенін және Астана алаңын атап өтуге болады. Инвесторлардың назарына жаңа тұрғын үй және қонақ үй кешендері, білім беру және фитнес орталықтары, сауда-ойын сауық кешендері мен бизнес орталықтардың құрылысы ұсынылады. Бұлардың әрқайсысы жоғары сұранысқа ие болатын, қайтарымы мол жоба ретінде бағалануда.
Түркістан еркін экономикалық аймағының құрамындағы өндірістік субаймақтың инвестициялық әлеуеті мол. Мұнда жалпы құны 37 миллиард теңгені құрайтын 15 әлеуетті инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.
Жалпы аумағы 400 гектарды құрайтын бұл аймақта ірі өндірістік жобалар негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.
– Құрылыс материалдарын өндіру
– Дайын металл өнімдерін шығару
– Және металл емес дайын минералды өнімдерді өндіру
Бұдан бөлек, өндірістік субаймақтағы жобаларға 181 миллиард теңгеден астам инвестицияны құюға дайын 9 ірі инвестор тартылуда.
Әсіресе электр энергиясын өндіруге қажетті құрал-жабдықтарды шығару бағытында бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Әр жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Қала экономикасы үшін айрықша маңызға ие инвестициялық алаң – Түркістан индустриалдық аймағы. Бастапқыда 40 гектар жерді құраған индустриалдық аймақтың аумағы кейін 7 есеге ұлғайып, бүгінгі таңда 350 гектарды құрап отыр.
Аталған аймаққа 1 миллиард 40 млн. теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп әрбір жоба темір жол тұйығымен байланыстырылған. «Түркістан» индустриалдық аймағын дамытуда әлемнің ең үздік тәжірибесін енгізуге басымдық беріліп отыр.
Аймақты дамыту стратегиясына сәйкес, мұндағы жобалар негізінен бес бағытта жүзеге асырылатын болады.
Олар – Машина жасау саласы, Электр энергиясын шығаратын құрал-жабдықтар өндіру, Химия өнеркәсібі, Өңдеу өнеркәсібі мен Жиһаз жасау. Бұл бағыттардың әрқайсысы бойынша қазірдің өзінде сәтті жобалар бар.
Бұдан бөлек көптеген ілеспе бағыттар бойынша да нарықта сұранысқа ие тауар түрлерін шығару жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда Түркістан индустриалдық аймағында 8 жоба толық жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін және 2 жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастайды деп күтілуде.
Түркістан қаласының аумағында туризм және агроөнеркәсіп бағыттарында бәсекеге қабілетті жобаларды дамытуға толық мүмкіндік бар. Туризм – шаһар экономикасының негізін құрайтын салалардың бірі болатындықтан, қонақтарға қызмет көрсету саласы, қонақ үй бизнесі өркендей түспек. Бұл тұрғыда инвесторлардың қызығушылығын туғызатын жобалар аз емес.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласында да айтарлықтай мүмкіндіктер бар. Ал Түркістан қаласының тиімді географиялық орналасуы зор логистикалық мүмкіндіктерді беретіні атап өткен жөн. Сарапшылардың пайымдауынша, қысқа мерзім ішінде Түркістан еліміздегі ең ірі сауда-логистикалық орталықтардың біріне айналуға қауқарлы.
Қала басшылығы өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру, көлік инфрақұрылымын басқару мәселесіне ерекше назар аударуда.
Осы мақсатта сауда-логистикалық орталығын салуға жалпы алаңы 20 гектар жер телімі бөлінді. Алдағы уақытта осы орталықт жобалық құны 4 млрд. 792 млн. теңгені құрайтын 10 жоба орналастыру жоспарлануда.
Түркістан үшін аса маңызды жобалардың қатарына заманауи әуежайдың құрылысын атап өтуге болады. Түркиялық ірі инвестордың қатысуымен жүзеге асырылатын бұл жоба қаланың халықаралық маңызы мен мүмкіндіктері еселей түсетіні сөзсіз. «Ақылды қала» бағытында қолға алынған Смарт сити жобасының да инвестициялық әлеуеті зор.
Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің өндірістік дамуын қамтамасыз етіп, экономикасын алға сүйрейтін негізгі күш – индустриалдық аймақтар екені талас тудырмайды. Әлемнің дамыған елдері осы жолмен жүріп өтсе, қазір дамушыл елдер де индустриалдық аймақтарды дамытуға айрықша мән беріп отыр.
Қорыта айтқанда, Түркістан көптеген сала бойынша инвесторлар үшін мол мүмкіндіктерді ұсынуда. Сәтті жобалардың мультипликативті әсері басқа да салаларға оң әсерін тигізіп, шетелдік инвесторлар үшін тартымды аймаққа айналдыратыны талас тудырмайды. Түркі әлемінің рухани орталығы мен ірі туристік аймақ ретіндегі даму жолына түскен Түркістан – инвесторлар үшін көрінген жаңа көкжиек болатыны сөзсіз.