ШАХАРДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСI ҚАНАҒАТТАНДЫРАРЛЫҚ

ШАХАРДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСI ҚАНАҒАТТАНДЫРАРЛЫҚ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің жыл басынан бері тұрғындармен кездесу нәтижесімен инфрақұрылым саласы бойынша 253 тапсырма берілген болатын. Тапсырмалар орындалу кестесіне қойылғалы 225 тапсырма жүзеге асып үлгерді.
Оның ішінде:
Сауран секторындағы № 7 және №9 үйлер алдына суару жүйелері тартылып, №16 үйдің кәріз жүйесіне тазаланды. М.Өтемісұлы көшесіне қоқыс жәшіктері қойылып, балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.
Сондай-ақ, тұрғындар сұранысы бойынша №22 көше мен Б.Майлин көшесінде тазалық жұмыстары бақылауға алынды.
Ж.Қыдыр көшесіндегі №83, №84 тұрғын үйлердің ауласындағы ауыз су құбырлары жаңартылып, Балақаев көшесі №49/3 тұрғын үйдің жертөлесіндегі кәріз жүйелері қалпына келтірілді.
Баянауыл елдімекенінде кәріз жүйесінің құрылысы басталды.
Тұран мөлтек ауданындағы электр желісі жаңартылып, жаңа трансформатор қойылды. Және Көктем мөлтек ауданы трансформатормен қамтылды.
Саққорған көшесі мен Баққоныс көшесіне, Алғабас және Үржар көшесінің қиылысына балалар ойын алаңшасы салынды.
Одан бөлек, Н.Төреқұлов мектебі алаңында балалар ойын алаңшасы бой көтеруде.
Т.Бокин көшесіндегі көппәтерлі үйлер ауласындағы абаттандыру жұмыстарының 90% жұмысы жасалып үлгерді.
Тапсырмалардың жүйелі орындалуы қала әкімінің бақылауында. Бүгінде қалған тапсырмалар бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылдың қорытындысымен 319 млрд. теңгені құрады. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2022 жылы 21,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Жыл басынан бері қаңтар-наурыз айында 6,2 млрд. теңгенiң өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 3,2 % құрады. Өткен жылы қалаға 304,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Биыл инвестиция көлемі 348,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған. Қалада «TURKISTAN» индустриалды аймағы жұмыс істейді. Қазіргі таңда онда 19 жоба орналасқан. 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.
Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Әр ауданның мүмкіндігіне қарай салалар дамыған. Индустриалды аймақта инвесторларға көрсетілетін жеңілдіктер көп. «Индустриалды аймақ – өңірдегі барлық кәсіпорындарды бір аумаққа жинап, кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, бизнесін дамытуға тікелей жұмыс жасайтын орталық. Мұнда әр кәсіпкер, дайын инфрақұрылымға өзі кәсіп ашып, дамыту арқылы ие болады. Оған қоса су, газ, жарық т.б. инфрақұрылымдар зауытқа дейін жеткізіліп отырады. Одан өзге, дайын өндіріс алаңдары (Brownfield) арқылы зауыт салып, уақыт жоғалтпай өндірісін бастап кетуге мүмкіндік бар.
Айта кетейік, Түркістан қаласындағы дайын екі өндіріс алаңының бірі, қазақ-қытай бірлестігі аясында ашылады деп күтілуде. Аталған өндіріс алаңында шұлық шығарылады. Сондай-ақ ерлер костюмін тігу де жоспарлануда. Қытайлық әріптестер жиын барысында ірі жүк көліктерінің бөлшектерін жасау, телефон қуаттағыш, құлаққап және үш дөңгелекті скутер, мотоцикл шығару бойынша ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге, бірлескен жобалар санын арттырып, тәжірибемен бөлісу және нәтижесінде жұмыс орындар санын көбейту мәселесі де қозғалды.
2027 жылға дейін аймақ экономикасына 300-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру есебінен шамамен 6,7 млрд. АҚШ доллары көлемінде жеке инвестиция тарту жоспарланған. Қазақстан тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігі қамтамасыз етілетін Еуразиялық экономикалық одақтың (халқы-200 млн.адам) мүшесі. Бұл тұста Түркістан облысында бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар, оларды іске асыруға қазақстандық және қытайлық компаниялар тартылуы мүмкін. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының ҚХР-мен тауар айналымы – 135 млн. АҚШ долл. (экспорт – 84 млн. АҚШ долл., импорт – 51 млн. АҚШ долл.).
Еске саларлық, шілде айында Түркістан облысына Қытайдың тарихи әрі экономикалық орталықтарының бірі, өндірісі дамыған Чжэнчжоу қаласынан делегация келген болатын. Түркістан облысынның әкімі Дархан Сатыбалды делегацияны қабылдап, Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Ху Цянмен келіссөздер жүргізді. Өңір басшысы Түркістан қаласының қазақ және түркі әлемі тарихындағы маңызына тоқталып, экономикалық әлеуетімен таныстырды. Инвестиция тартуға, өндіріс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді.
– Түркістан облысы үлкен инвестициялық, сондай-ақ туристік әлеуетке ие. Облыс арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен қатар сауданы дамытудың мүмкіндігі өте зор. Біріншіден, жеңіл өнеркәсіп саласында жіп, мата және кілем өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі жоғары. Сондай-ақ пластикалық ойыншықтар, ыдыстар, автомобиль жасау, электроника, цифрлық технологиялар және бұйымдар өндірісін дамытуда үлкен әлеует бар. Индустриалды және «Turkistan» арнайы экономикалық аймағында инвесторларға дайын инфрақұрылымы ұсынылады. Екіншіден, агроөнеркәсіптік кешені саласында мүмкіндігіміз өте жоғары. Туризм саласында да саяхатшыларды қызықтырар орындар көп. 2018 жылдан бастап облысқа шамамен 5,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Біз өз тарапымыздан қытайлық компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамалары бойынша әріптестік орнатуға дайынбыз. Ең бастысы, өңірімізде еңбекқор халық бар, – деді Дархан Сатыбалды.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының Қытайдағы аялдамасы біздің қаладан басталады. Аймағымыздан батысқа қарай жүк көліктері тауар толтырып кеткенімен, бос қайтып жатады. Біз осы олқылықты жойғымыз келеді. Сауданы дамытып, бізге қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін және өзге де қажетті тауарларды алуға мүдделіміз, – деді ол.
Дархан Сатыбалды екіжақты байланысты нығайту, жобаларды жүзеге асыру, ІТ саласында тәжірибе алмасу, Түркістандағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелер бойынша әріптестік орнатуға дайын екенін айтты.
Еске салар болсақ, осы кездесу соңында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Ху Цян Түркістан мен Чжэнчжоу қалалары арасындағы әріптестікті, байланысты нығайту жөніндегі Меморандумға қол қойды.
Платформаның мақсаты – тауардың бағасын арзандату, сапасын арттыру және алып-сатарлар санын азайту.
Осы мақсатта Түркістанда екі ел өндірушілерінің көрмесі өтіп жатыр. Аймаққа инвестиция тартып, жергілікті өнімдерді экспортқа шығаруды мақсат еткен іс-шарада жалпы саны 60-қа жуық тауар өндірушінің өнімдері қойылды.
Атап айтқанда, киім, аяқ киім, ыдыстар, текстиль өнімдері, электр машиналары, күннен қорғайтын өнімдер, электр скутерлері және Түркістан облысы бойынша тамақ, жиһаз, химия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, қолөнер шеберлерінің туындылары қойылды.
Түркістан өңірінде бірнеше бағыттарда өңіраралық кооперацияны дамытудың жоғары әлеуеті бар. Біріншіден, өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі мол.
Сонымен қатар пластмассадан жасалған бұйымдар пластикалық ойыншықтар, пластикалық ыдыстар, автомобиль жасау, электроника, цифрлық технологиялар және т.б. өндірісін дамытуға болады. Екіншіден, агроөнеркәсіп кешені саласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ел көшбасшыларының бірі екені белгілі. Ірі қара және ұсақ мүйізді мал басы (5,9 млн), ет экспортының көлемі (80%), сондай-ақ жеміс-жидек экспорты (26%) бойынша үнемі алдыңғы қатарда. Бүгінгі таңда өңірде дәнді, жеміс-көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімдерін терең өңдеу басым бағытқа ие.
Түркістан облысының негізгі инвестициялық кешендері – дайын инфрақұрылымы бар индустриалды аймақтар мен қатысушыларына түрлі салық жеңілдіктерін беретін «Түркістан» арнайы экономикалық аймағы. Арнайы экономикалақ аймақ шамамен 4000 га аумақта орналасқан және 6 қосалқы аймақтан тұрады, олар: тарихи-мәдени орталық (862 га), әкімшілік-іскерлік орталық (1580 га), 3 өнеркәсіптік аймақ (365 га – Оранғай, 180 га – Түркістан, 35 га – Кентау) және әуежай (967 га).
Үшіншіден, туризмді дамыту – облыс экономикасының басым бағыттарының бірі. Мәселен, соңғы 3 жылда облыста туризмге құйылған инвестиция көлемі шамамен 600 млн. АҚШ долларын құрап, жыл сайын шет мемлекеттерден туристер ағынының артуы байқалады.
Сапар барысында Қытай делегациясы «Turkistan» индустриалды аймағы мен арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...