Ел тұрғындарының толықтай ауызсумен қамтамасыз етілуі кезек күттірмейтін мәселе екені белгілі. Осы орайда, облыс орталығы атанғанына 5 жыл толған Түркістан қаласындағы жасалынып жатқан жұмыстар да көзге қуаныш, көңілге жұбаныш болып келеді. Себебі, аздаған уақыт ішінде ауқымы кең қиындықтың шешілуі жолға қойылып, тұрғындардың тұрақты судан таршылық көрмеуі үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Биылғы жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу басты міндет екенін айтқан болатын қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауда баса назар аударылған мәселелердің бірі Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуы. Мемлекет басшысы су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс екендігіне айрықша назар аудартты. Ол өз сөзінде су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет екендігін және оған тиімді тәсілдер ұсыну қажет деді. Сонымен қатар, ескірген инфрақұрылымдардың орнына жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы екендігін айтты.
«Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын жоғары тарифпен төлеуі керек. Бір сөзбен айтсақ, суды барынша үнемдеуіміз қажет. Оған қоса судың «көлеңкелі» нарығы түбірімен жойылуға тиіс. Халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған». Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте Түркістан қаласында қосымша 35 су ұңғымасы жұмыс жасауда. Биылғы жылы ауыз сумен қамту көрсеткішін 99,5%- ға жеткізу жоспарланған. Аталған жоспар аясында бүгінде 4 нысанының құрылысы жүзеге асуда. «Мақта зауыт», «1-2 мөлтек аудандар» «Иассы» және «Шауғар» мөлтек аудандарындағы ескірген ауыз су құбырлары жаңартылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде 10 178 абонентке су жеткізу сапасы жақсарады.
Түркістан қаласының 98,9% (41 100 абонент) сапалы ауыз сумен қамтылған. Шаһарға ауыз су Кентау қаласындағы Біресек (1590 м3/сағ) су кен орнынан басталып, Мырғалымсай ( 3200 м3) су кен орнынан тартылуда.
Сағатына 5 000 м3 қуатпен Шобанақ елді мекеніндегі 40 000 м3-лі су резервуарына және әкімшілік – іскерлік орталығындағы 16 000 м3 қуатты су резервуарына жиналып, халыққа жеткізілуде.
Қосымша 35 су ұңғымасы жұмыс жасауда.
Биылғы жылы ауыз сумен қамту көрсеткішін 99,5%- ға жеткізу жоспарланған. Аталған жоспар аясында бүгінде 4 нысанының құрылысы жүзеге асуда.
«Мақта зауыт», «1-2 мөлтек аудандар» «Иассы» және «Шауғар» мөлтек аудандарындағы ескірген ауыз су құбырлары жаңартылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде 10 178 абонентке су жеткізу сапасы жақсарады.
Сонымен қатар, Сауран секторындағы № 7 және №9 үйлер алдына суару жүйелері тартылып, №16 үйдің кәріз жүйесіне тазаланды. М.Өтемісұлы көшесіне қоқыс жәшіктері қойылып, балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.
Сондай-ақ, тұрғындар сұранысы бойынша №22 көше мен Б.Майлин көшесінде тазалық жұмыстары бақылауға алынды.
Ж.Қыдыр көшесіндегі №83, №84 тұрғын үйлердің ауласындағы ауыз су құбырлары жаңартылып, Балақаев көшесі №49/3 тұрғын үйдің жертөлесіндегі кәріз жүйелері қалпына келтірілді.
Баянауыл елдімекенінде кәріз жүйесінің құрылысы басталды.
Тұран мөлтек ауданындағы электр желісі жаңартылып, жаңа трансформатор қойылды. Және Көктем мөлтек ауданы трансформатормен қамтылды.
Саққорған көшесі мен Баққоныс көшесіне, Алғабас және Үржар көшесінің қиылысына балалар ойын алаңшасы салынды.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен маусым айында өткен кездесуінің нәтижесінде инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне 43 тапсырма берілген болатын. Тапсырмалардың барлығы жұмыс жоспарына енгізіліп, бақылауға алынып жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Тұрғындардың өтініші негізінде ағымдағы жылы қала аумағында 15 жерге спорт және балалар ойын алаңшасын және 10 жерге тек ойын алаңшасын салуға бюджеттен қаржы қаралып, мердігермен келісім шарт түзілген. И.Байзақ көшесінде ойын алаңшасын салу бойынша ұсыныс түскен, алайда көше бойында бос жер телімі болмағандықтан Яссы тұрғын алабындағы №24 мектепке ойын алаңшасы салынды, Көккөл көшесіне де алаңша салу жоспарлануда. Айта кетерлігі 2022 жылы Яссы тұрғын алабына қарасты Аралбай, Саққорған көшелерінде ойын алаңшаларының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. С.Болыс көшесіне ойын алаңшасын салуға орны бекітіліп, құрылысын бастау тамыз айына жоспарланды.
Осы және өзге де атқарылған жұмыстар жөнінде қала әкіміне сала жетекшісі баяндап, есеп берді.
Тұран мөлтек ауданындағы гидрант жүйесінде анықталған кемшіліктер мердігерге ескертіліп, қайта қалпына келтіру үшін мерзім берілегенін де тілге тиек етті.
Сатарханов көшесі мен Қазыбек би көшелерінің аралығындағы жүргізілген гидрантты жүйелер су қабылдауға әзір. «Арыс-Түркістан» каналынан су келгенше қазіргі таңда бекітілген кестеге сәйкес көшелердегі көшеттер мен көгалдарды суаруға арнайы техникалар жұмылдырылуда.
Қазіргі таңда шаһардағы су құбырларының жалпы ұзындығы 2078 шақырымды құрайды. Мұнан бөлек, ауыз суға арналған, сыйымдылығы 46,0 мың текше метр болатын алты резервуардың құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұған дейін Түркістанда сыйымдылығы 26 мың текше метрді алатын бес сұйық су қоймасы болса, қазіргі су сыйымдылығы 72 мың текше метрге жетті. Ондағы таза ауыз судың көлемі шаһар тұтынушыларының қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға қауқарлы. Мақаламыздың басында облыс орталығындағы ауыз сумен қамтамасыз ету 100 пайыз шешімін табатынын айтқан болатынбыз. Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков сәуір айында өткізген брифингінде 2023 жылы 4 нысанның құрылысын аяқтау көзделіп отырғанын жеткізген еді. Жоба құны 5160,8 млн. теңгені құрайтынын да жасырмаған болатын қала әкімі.
Түрленген Түркістанды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын су алу көздері Біресек және Мырғалымсай су жинау резервуарлары. Қала тіршілігі үшін аталған аса маңызды нысандарда 72000 шаршы метр су жиналып, халыққа беріліп келеді. Резервуарлардағы таза суды елге жеткізу күн тәртібіндегі елеулі мәселелер тізбегінен түспек емес. Атқарылған жұмыстардың көптігімен қоса, облыс орталығына қоныс аударып, ай санап артып келе жатқан халық саны да естен шықпауы керек. Демек, жасалынар жұмыстардың да бір сәтке тоқтамасы сөзсіз.