ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ МIНДЕТ

ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ МIНДЕТ

Еске саларлық, облыс әкімі Тұран бағында болып, көгалдандыру ісіне оң баға берді. Бұл аймақта 14 гектарға түрлі ағаш отырғызылып, 3 су мұнарасы орнатылған.
Түркістан қаласын көркейту жұмыстары облыс басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында. Аймақ басшысы қаланы абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы атқарылған жұмыстарды тексеріп, мердігер мекеме басшыларына сын-ескертпелер жасады. Облыс әкімі жауапты басшыларға жобалардың сапасына аса мән беруді ескертті.
– Саябақтар мен гүлзарлар жалпы қолданыстағы нысандар болғандықтан, сыртқы көрінісімен қатар, сапасына да аса көңіл бөлген дұрыс. Ондағы әрбір орнатылған нысан, ойын алаңшасы халық игілігіне ұзақ мерзім бойы жарауы керек. Жобаны алып, жұмысты бастаған соң, соңына дейін абыроймен атқарыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістанды одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы мектеп аумағындағы 1,75 гектар жерге түрлі ағаштар отырғызылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. 1072,0 м2 жерге ойын және спорт алаңшалары салынып жатыр. Сонымен қатар Б.Саттарханов даңғылынан әуежай бағытындағы 10,15 гектар аумаққа жайғасқан желілік саябақтың абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Аумаққа 836 ағаш егіліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Мұнда арка, субұрқақ және шатырлар қарастырылған. Ал 159 м2 аумаққа ойын алаңдары салынады.
«Отырар» мөлтек ауданын абаттандыру жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Мұнда 2,34 гектар аумақты алып жатқан субұрқағы бар гүлзар мен Яссы көшесі бойын жағалай орналасқан гүлзар құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Жоспар бойынша мөлтек аудандағы 3 аулаға ойын алаңшалары, 3 аулаға спорт алаңшалары салынады. Қозғалмалы орындықтар мен түрлі дизайндағы мафтар аула ажарын аша түспек.
Бүгінде шаһардағы санитарлық тазалық жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС мен «ШымкентСпецкомплекс» ЖШС-тері атқаруда. Сонымен қатар, әр сектор тұрғындары жеке кәсіпкерлермен бірге келісім шарт жасасуда.
Одан бөлек, секторлар тарапынан санитарлық тазалық бойынша "Белгіленбеген аумаққа қоқыс төгу", "Бекітілген кестеден бұрын үйден қоқыс шығармау" жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау – 5 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленгені тұрғындарға түсіндірілуде.
Сондай-ақ, Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы әрекеттер қай жасалған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке ұлғаятыны ескертілуде.
Жыл басынан бері әр секторда күнделікті тазалық сақтау жұмыстары тексерілді. Көрсеткіштер бойынша, Отырар секторында – 14 адамға, Сауран секторында – 21 азаматқа, Бірлік тұрғын алабында – 15 азаматқа айыппұл салынған. Ал, қалған Шауғар секторында – 156 дерек анықталса, Бекзат тұрғын алабында – 99 азаматқа, Яссы секторында – 52 тұрғынға хаттама толтырылып, айыппұл жазылған.
Сондай-ақ, тұрғындар жайлылығын қамту үшін биыл 43 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жоспарланған болатын.
Қазіргі таңда, 38 көшеде жаяу жүргінші жолы салынды. Аталған жұмыстардың дені әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерде жүзеге асты.
Жыл басынан бері, шаһарда 78 шақырымды құрайтын 79 көшеге тас төселді.
Қоғамдық көліктер қатынасы бойынша тұрғындар сұранысына сәйкес бірқатар бағыттарға өзгерістер енгізілді. Соңғы бес жылда облыс орталығына жалпы 134 жаңа автобус әкелінген.
Сиымдылығы жоғары жаңа автобустар №1, 1а, 2а, 6, 10, 14, 15, 17, 18, 20, 30, 5, 5а бағыттарында іске қосылып, қосымша №16 бағыт жұмысын бастады.
2023 жылы шаһардағы жарықшаммен қамтылған көшелер үлесін 86 пайыздан асыру жоспарланып, биыл 184 көшеге жарықшам орнатылды.
Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар.
2018 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 23,5 пайызды құрайтын немесе 199 шақырым жолдар асфальтталған болатын.
Биылғы меже - бұл көрсеткішті 39,5 пайызға жеткізу, яғни асфальтталаған жолдардың ұзындығы 334 шақырымға жетеді.
Тас төселген жолдардың үлесі соңғы 5 жылда
31 пайыздан 59 пайызға дейін жетіп, 502 шақырымды құрады.
2018 жылы сапалы ауыз сумен тұрғындардың 94,1 пайызы қамтылған болатын, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 4,8 пайызға артып 98,9 пайызды құрады.
Қала аумағында 4 нысанның құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.
Нәтижесінде, тұрғындардың 99,5 пайызы таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Қала аумағында орталықтандырылған кәріз жүйесімен тұрғындардың 32,2 пайызы қамтылған.
Ағымдағы жылы 11 нысанның құрылысы жүргізілуде, 2 нысан жыл қорытындысымен пайдалануға тапсырылып, қамту деңгейі 36,3 пайызға жетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...