Келес ауданында жаңа білім ошағын ашу мәселесі тұрғындармен кездесулерде көтерілді. Бүгінде ауданда бірқатар елді мекенде түйткілді мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.
Соның бірі – Бесқұбыр елді мекеніндегі №25 С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің қосымша 300 орындық мектеп ғимараты салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелерінің орта жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында тас шағал төселіп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңақоныс елді мекенінің ішкі көшелеріне, Қарабура елді мекенін Б.Момышұлы көшесіне орта жөндеу және Мақташы елді мекеніндегі И.Есенберлин көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Айта кететiн, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде мұғалімдер даярлау ісін арттыру үшін пәрменді шаралар қабылдап, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға басымдық беруді тапсырды. «Білім беру саласында ұстаз – ең басты тұлға. Оның қоғамдағы абырой-беделін арттыра беруіміз керек. Алайда мұғалімдердің, директорлардың және педагогикалық оқу орындары түлектерінің көпшілігі Ұлттық біліктілік емтиханынан өте алмады. Маған кейбір тәжірибелі ұстаздар тиісті министрлік дайындаған тапсырмалар тым күрделі деп шағымданды. Бәлкім, оны жеңілдету, жетілдіру керек шығар. Бұл салада қатып қалған қатаң ереже болмауы керек. Бірақ негізі, ұстаздарға қойылатын талап жоғары болуға тиіс.
Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез-келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет»,- деді Президент.
Оқыту мен оқудың сапасына көптеген факторлар әсер етеді. Негізгі факторларға мектептен тыс факторлар да (отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ата-аналардың білімі, үйдегі кітаптар саны, ресурстарға қол жетімділік), сондай-ақ мектеп факторлары да (мұғалімдердің білімі мен біліктілігі, басқару деңгейі мен директорлар құрамы, мектептің ресурстары мен материалдық жабдықталуы, жеке сыныптағы оқушылар саны) жатады. Соңғы 50 жылдағы көптеген эмпирикалық зерттеулер оқушының үлгерімі мен оқу жетістіктерінің ең маңызды факторы мұғалім екенін дәлелдеді. Көптеген дамыған білім беру жүйелері саяси шешімдер қабылдауды дәлелді негізге, яғни зерттеулерге негіздейді, сондықтан мұғалімнің маңыздылығы мен оқыту мен оқудың сапасына баса назар аударуды талап етеді.
Мұғалім заман ағымына ілесуде өз жұмысында жаңашылдық пен әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы, материалды еркін меңгеруі керек. Балаларға мейірімділікпен, қамқорлықпен қарап, білім нәрін сіңіруге барынша күш жұмсаса, еңбегі жемісті болмақ.
Қазіргі ұстаздар оқушылардың білім алуға деген құштарлығын оятып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, өз бетінше шешім қабылдауға, материалды оқыту барысында сұрақ құрастыруға үйрететін, алған білімін жан-жақты іске асыра алатын тұлға. Заманауи мұғалім үнемі өзіне, «Оқушыға білімді қалай сіңіруге болады? Неден бастап үйрету керек? Қандай нәтижеге жетемін?» деген сұрақтарды қойғаны жөн. Заманауи мұғалім өз мамандығына және шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, шәкірттерінен де үйренуге қабілетті. Әр баланың жан дүниесіндегі ең жақсы қасиеттерді ашып, шәкірттерінің қоғамдағы орнын айқын түсініп, осы бағытта жұмыс істеуі үшін алған біліміне қанағаттануға баулу керек.
Сонымен қатар, ұлттың адастырмас темірқазығы, айнымас бағдыры - тіл. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы ұлттың тарихта қалуы немесе жоғалуына ықпал ететін бірден-бір фактор ретінде халықтың өзін тілге тиек етеді. Тіл мемлекет иесі – елдің біртұтас болмысын сақтау үшін аса керек. Ал біз конституцияда жазылған мемлекеттік тілдің мәртебесін қаншалықты лайықты көтеріп отырмыз. Бұл – өте өзекті мәселе.
Айта кететін, тіл саясаты тұжырымасының «тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту» атты 1-бағытын іске асыру нәтижесінде 3 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген:
Бірінші, мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгерген тұрғындардың үлесі. Жобаға сәйкес, 2029 жылға дейін Қазақстан халқынының 84 пайызы қазақ тілін білуі тиіс.
Екінші, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 43 пайызды құрауы керек.
Үшінші индикатор – мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі. Олардың қатары 2029 жылға қарай 50 пайызан кем болмауы шарт.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 2029 жылға қарай 94 пайыз құрауы тиіс.
Биыл Қарабура елді мекені табиғи газға қол жеткізсе, Бесқұбыр ауылындағы емхана қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшірілді. Алдағы уақытта Жаңақоныс, Бесауыл ауылдарының ішкі көшелері орта жөндеуден өткізілсе, Алғабас елді мекенінде жаңадан спорт алаңшасы салынып, ел игілігіне табысталды.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, түйткілді мәселелерді талқылауда.