ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ТАЛАНТТАР «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ТАЛАНТТАР «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының соңғы кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған жоба өскелең ұрпақты, оның ішінде этнос өкілдерінің жас жеткіншектері арасында қазақстандық бірегейлікті мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру арқылы дамытуға бағытталған.
Салтанатты іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен «Мың бала» жобасының өңірлердегі жеңімпаздары қатысты. Солардың қатарында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Ербас Өтегенов бастап барған өңірдің жас таланттары да бақ сынап, өнер көрсетті.
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов өз сөзінде мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде ілгерілетудің маңыздылығына баса назар аударып, Министрліктің әлеуметтік желілерде этносаралық тақырыпқа қатысты сапалы қазақ тілді контентті дамытуға, түрлі әлеуметтік-мәдени топтардың жастары үшін бірыңғай мәдени кеңістікті қалыптастыруға бағытталып, іске асырылып жатқан жобалар туралы айтты. «Мың бала» жобасы аясында барлық аймақта жыл бойы түрлі бағыттар бойынша қазақ тілін меңгеруге арналған 6 мыңнан астам іс-шара мен байқаулар өткізілді. Биыл жобаға 320 мыңнан аса бала қатысты.
«Мың бала» жобасының қорытынды кезеңінде вокал, домбыра мен қобыздағы орындаушылар «Өнерлі өрге жүзер», ал мәнерлеп оқитындар мен жас ақындар «Жарқыра, жас дарын!» номинациялары бойынша барлығы 35 өңірлік жеңімпаз марапатталды. Бұл орайда түркістандық Дильноза Тоджимет «Өнерлі өрге жүзер» байқауында жеңімпаз атанып, ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілхановтың Алғыс хатымен мапапатталды. Дильнозаның жетекшісі – Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта мектебінің «Домбырамен ән айту» ақылы үйірмесінің жетекшісі Ұлжалғас Әбілдахан. Тағы бір жерлесіміз Шахсанам Рустамова «Жарқыра, жас дарын!» байқауында топ жарып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның Алғыс хатымен мапапатталды. Шахсанамның жетекшісі – Е. Иззатуллаев атындағы жалпы білім беретін мектептің Қазақ тілі және әдебиет пәнінің жетекшісі Ләззат Утешова.
Іс-шара соңында жеңімпаздар қазақ ақындарының шығармасын оқып, мәдениет қайраткерлерінің музыкалық шығармаларын орындады. Сонымен қатар, өздері шығарған өлеңін айтып беріп, өнер көрсетті.
Айта кететін, тіл саясаты комитеті “Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдасын бекіту туралы” Үкімет қаулысының жобасын дайындады.
Құжат мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласында қолдану аясын кеңейтуге және оның мәртебесін арттыруға тікелей ықпал етеді деп көрсетілген.
Тұжырымдаманың мақсатына қол жеткізу шеңберінде 13 негізгі нысаналы индикатор және 5 күтілетін нәтиже айқындалған.
2029 жылға қарай күтілетін негізгі нәтижелер:
1. 84% – республика бойынша қазақ тілінде сөйлейтін тұрғындардың үлесі;
2. 32% – үш тілде сөйлейтін тұрғындардың үлесі;
3. 15% – жаңа әліпби мен емле ережесін оқыту курсымен қамтылған тұрғындар үлесі;
4. 94% – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі;
5. 40% – қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиінің емле ережесіне негізделген терминологиялық қордың үлесі (өсу қорытындысымен).
Тұжырымдама 6 бөлімнен және іс-қимыл жоспарынан тұрады.
Құжатта қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары қазақ әліпбиі мен емле ережесі тиісті нормативтік құжаттармен бекітілгеннен кейін кезең-кезеңімен іске асырылатыны жазылған.
“Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесінде келесі проблемалар бар:
- қазақ әліпбиі мен емле ережелері тиісті нормативтік құжаттармен бекітілмеді;
- кейбір ғалымдардың, қоғам мүшелерінің әліпби құрамындағы кейбір таңбаларға байланысты пікір алшақтығы бар;
- қоғамның тілдік әркелкілігіне байланысты латын әліпбиін енгізу ұзақ мерзімге созылуы мүмкін;
- латын әліпбиін енгізу төңірегінде БАҚ-та оны қабылдаудың жағымсыз тұстары жөнінде субьективті пікірлер көп”, - делінген тұжырымдамада.
Елімізде 2029 жылға қарай қазақ тілін меңгерген азаматтардың саны 84 пайызға дейін артуы тиіс. Қазақстан Үкіметі өз қаулысымен Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Тұжырымдама бойынша келесі межелерге қол жеткізу көзделген.
- Тұжырымдамада 2029 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін 84 пайызға жеткізу қажет.
- Мемлекеттік телеарналардағы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың үлесі 2029 жылға қарай 84 пайызға жетуі тиіс.
- Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі 94 пайызды құрауы тиіс.
- Қазтест жүйесі бойынша В2 деңгейінде қазақ тілін меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2029 жылы 50 пайыз болады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу тұжырымдамасында басқалармен қатар, халыққа қазақ тілін үйрету курстарын ашу, бейнесабақтар өткізу, жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламаларын жаңарту ұсынылады.
Сонымен қатар, құжатта жаңа сөздіктер мен анықтамалықтар әзірлеп, басып шығару, түрлі курстар мен семинарлар ұйымдастыру ұсынылады.
Қазақ тілі мемлекеттің жауапкершілігіндегі ғана құндылық емес. Қазақ тілі – қазақтың қаны мен жаны. Сондықтан да қазақ тілі арқылы қазақ қазақ болып өмір сүреді. Бұл сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың да мәселесі. Оның жауапкершілігі мемлекеттен аз емес. 2021 жылы “Қазақ тілі” ұйымы құрылды. Президент осы іске бастамашыл болған кезде қандай мақсатты көздеді? Қазақ тілі осы қоғамдық ұйымдар арқылы ағып жатқан су сияқты барлық жерге баруы керек. Бұған қоғамдық ұйымдар араласпаса мемлекеттің шамасы жетпейді. Көп жағдайда мемлекеттің іс-әрекеті халықты қазақ тіліне бейімлеудің орнына керісінше қазақ тілінен қашырудың әрекетін жасайды. Ең бірінші, қазақ тіліне деген кедергіні ментальдік тұрғыда жою мәселесін алға қойған жөн. Не себепті біздің қазақ тілі қызықсыз? Не себепті өзге халықтар қазақ тілін бірден игеріп кетпейді? Өйткені олардың кеудесінде 70 жылдан бері қалыптасып қалған мұз бар. Бұны орнына келтіретін өзіміз. Біз ғылым саласында, бизнес саласында, әлеуметтік лингвистика саласында қазақ тілін көркем тұрғыда пайдалануымыз тиіс.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...