Жастардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын оятып, білім деңгейлерін көтеру мақсатында облыстық деңгейдегі «БІЛІМ БӘЙГЕ» сайысы ұйымдастырылды. Білімділік пен шапшаңдықты талап ететін кіл жүйріктердің додасын аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ жоғары деңгейде өткізді. Интеллектуалды сайыстың салтанатты ашылуында сөз алған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысушыларға сәттілік тіледі.
-Бұл интеллектуалды сайыс ауданымызды жаңа бағытпен өркендету жолына септігін тигізуде. Жастардың арасында зияткер буын қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндіктер жасауда. Қазір елімізде зияткер жастарды қалыптастыру үдерісі қарқын алуда. Жастардың сапалы білім алып, спортпен, өнермен шұғылданып еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы – біз үшін ерекше маңызды. Алдағы уақытта да зияткерлік сайыстар ұйымдастыруға қолдау көрсетуге дайынбыз. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймын, – деді әкім.
Білімді жастарының басын қосқан сайысқа "AMANAT" партиясы Сауран аудандың филиалының төрағасы Сағынбек Жақсыбекұлы, Сауран ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Абылайқызы мен аудандық мәслихат депутаты Сәбит Дайрабайұлы мен Сауран жастар ресурстық орталығының басшысы Дүйсенбекова Айгерім Ералықызы қатысып, әділ қазылық жасады.
Сайыс 4 кезең бойынша өтті. Қатысушылар салт-дәстүр, өнер және жалпылама сұрақтар бойынша сынға түсті. Облыстық деңгейде өткізілген білім жарысына Түркістан, Арыс қалалары мен Отырар, Сауран аудандарынан 22 құрама қатысты. Әр кезең бойынша жауап беруге 1 минут уақыт берілді.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Сауран ауданының “Жібек жолы” командасы иеленді. Ал, екінші орынға Түркістан қаласының «The best leaders» командасы тұрақтады. Бірінші орынды Арыс қаласының «Арыс арулары» командасына бұйырды. Барлық командаларға аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Айта кететін, 2021 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
«Сапалы білім» Білімді ұлт» ұлттық жобасы бес міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 шарадан тұрады. Жоба 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Қазақстан халқына Жолдауында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру шаралары қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдауды талап ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталады.
Қазіргі әлемде педагогикалық мамандықтар көбінесе беделді болмайды, бедел сәнге тең, бірақ төмен жалақы, үлкен жауапкершілік, қоғам алдындағы құқықтарды минималды иелену және мұғалімнің сенімсіздігі, бұл сәнді де, беделді де емес деген пікір бар. Қазір бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу өте маңызды. Зерттеу нәтижесінде алынған мұғалімдердің қоғамдағы әлеуметтік мәртебесі туралы объективті ақпарат негізделген басқару шешімдерін қабылдауға және қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан шараларға қатысты уақтылы кері байланыс алуға мүмкіндік береді, оның барысында мұғалімдердің идеяларының динамикасы, олардың кәсіптің беделін қабылдауы мен еңбекке қанағаттанушылығының қоғамның кең ауқымының идеяларымен байланысы талданады. Кәсіби қызмет адамның өмір сүру уақытының жақсы бөлігін алады, оның барысында кәсіби маман ретінде оның жеке басының белсенді дамуы жүреді. Инновациялық жағдайда жұмыс істеу қазіргі мұғалімнен құзыреттілікті дамытуды, максималды жұмыс қабілеттілігін және пайда болған өзгерістерге тез бейімделуді талап етеді. Кәсіби қызметті жүзеге асырудағы негізгі проблемалардың бірі-уақыттың жетіспеушілігі және оны тиімді бөлудегі қиындықтар. Осыған сүйене отырып, мұғалім мақсатқа жету үшін жұмыс уақытын және жеке уақытын дұрыс және ұтымды ұйымдастыруды үйренуі керек, бұл тиісінше жұмыс қабілеттілігін сақтауға және стресстің пайда болу мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді. Осылайша, қазіргі мұғалімге уақытты басқару негіздерін білу қажет. «Уақытты басқару» ұғымы уақытты басқаруды, яғни уақытты дұрыс жоспарлауды, дұрыс басымдықтарды белгілеуді, орындалған жұмысты уақытында бақылауды жүзеге асыруды және қажет болған жағдайда белгілі бір сабаққа жіберілген уақыт шеңберін түзетуді білдіреді.
Кәсіби ортада және қоғамда педагог қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру, сөзсіз өте өзекті мәселе, өйткені кәсіби қызмет адамның өмір сүру уақытының жақсы бөлігін алады, оның барысында кәсіби тұлға ретінде оның жеке басының белсенді дамуы жүреді. Инновациялық жағдайда жұмыс істеу қазіргі мұғалімнен құзыреттілікті дамытуды, максималды жұмыс қабілеттілігін және пайда болған өзгерістерге тез бейімделуді талап етеді.
Кәсіби қызметте мұғалімдердің алдында көбінесе төмен жалақы, бос жұмыс кестесі, авторитарлық көшбасшылық стилі, әріптестердің немқұрайлылығы, басшылардың көмегі мен қолдауының болмауы, кәсіби мәселелерді өз бетінше шешуге құзыреттіліктің қалыптаспауы және соның салдарынан кәсіптен көңілі қалуы, кәсіби өсу қажеттілігін түсінудегі нәрестелік сияқты проблемалар туындайды.
Білім сапасын көтеру – егемен елдің білім саласының, Жаңа Қазақстанның жақсы мұғалімінің ең үлкен мақсаты. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейте түскен абзал. Яғни сапалы білім беру ісі жаңа заманауи технологиялармен, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен толық жарақтандырылып, оқыту мен тәрбиелеудің үрдісі үздіксіз жалғаса берсе, баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруге саналы ғұмырын сарп ететін мұғалімнің рөлі арта түссе, ұлағатты ұстаздарымыз өз біліктілігін ұдайы арттырып отырса, білімнің сапасын көтеруге болады. Білім сапасының жоғары болуы мен оқушылардың ынта-жігерін арттыруда үйдегі ата-ананың да ықпалы зор. Білім сапасын арттыру үшін басты мақсат – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру, үздіксіз білім алу арқылы сапалы білім беру көзделеді. Мұғалім кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында ғана сапалы білім беруге ұмтылады. Өркениет көшінен қалмай, білім беру ісін зор ізденушілікпен жұмыс жасағанда ғана оқушының білім сапасы артады. Жаңартылған білім беру мазмұны мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар оқушылар жаңа идеяларды әртүрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алады. Мұғаліммен бірге ең алдымен оқушы да өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға атсалысуы керек.
Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойып отыр. Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде білім, ғылым салалары айрықша даму жолына түсті.