Аудан әкімі Шаян ауылының тұрғындарымен өткен кездесуінде көтерілген мәселелер бойынша орталықтағы жаңадан төселіп жатқан асфальт жолдардың жұмыстарын бақылады. Мердігерлер тарапынан жіберілген кемшіліктерді қалпына келтірту жөнінде жауапты бөлімге тапсырма берді.
М.Әуезов көшесіндегі жөндеуден өтіп жатқан көп қабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Өтініштерін тыңдап, назарға алды. Бірқатар көшелерді аралап көріп, алдағы жылы Шаянда атқарылатын жобаларды талқылады.
Сонымен қатар Ерлан Нұрмаханов «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 300 орынға арналған мектептің құрылысымен танысты. Мердігермен кездесіп, құрылыс сапасын басты назарда ұстауды ескертті.
Айта кететін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деп атап көрсеткен болатын. Бұл ұлттық жобаның түпкі мақсаты – әрбір баланың сапалы білім алуына қолайлы жағдай тудыру. Бала ештеңеге алаңдамай тек сабағын оқып, білімді де білікті болып шығуы тиіс.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады. Жаңа технология арқылы бала білім алу мен қатар өз бетінше шешім қабылдауға дағдыланады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білім дайын күйінде берілмейді, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, яғни оқушылармен өзара қоян — қолтық қарым — қатынаста болып, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан — жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін арттыруға, өзін — өзі өзектендіруге, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу — танымдық ынтасын жетілдіруге, әрі жеке тұлғаны жан – жақты дамытуға жетелейді. Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу оның шеберлігіне байланысты.
Оқу орындарындағы білім беру сапасын жоғарылату үшін, ең бірінші, ұстаздар біліктілігі жеткілікті дәрежеде өсіп, кәсіби шеберлік шыңына талпынған тұлға болуы тиіс. Оқушының қабілетін терең жетілдіру, оның шығармашылығын, қызығушылығын дамыту үшін ұстаз өзі жан – жақты дамыған адам болуы керек. Сондықтан қазіргі таңдағы оқытушы қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға сай, білімді, инновациялық ойлау қабілеті бар, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, көпшілікпен ынтымақтасуға қабілетті адам болуы керек. Ол үшін ұстаз оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздеп, өз ісінің шебері болуы керек. Қазіргі таңдағы бәсекеге қабілетті қоғамдағы ұстаз моделі-өмірлік көзқарасы, құндылық қасиеттері бар, оқушыларын өмір талаптарына сәйкес тәрбиелейтін, өз бетінше жоспарлай және шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға.
Әдістемелік әдебиеттерде мұғалім мен оқушы арасындағы "кері байланыс" бағалау деп аталады, бұл мұғалім пәнді оқытудың тиімділігі туралы ақпарат алатын оқу процесінің кезеңі.
Осыған сәйкес оқушылардың білімі мен дағдыларын бағалаудың келесі мақсаттары бөлінеді:
- оқушылардың білімі мен дағдыларын диагностикалау және түзету;
- оқу процесінің жекелеген кезеңінің нәтижелілігін есепке алу;
- әртүрлі деңгейдегі оқытудың қорытынды нәтижелерін анықтау.
Алайда, кез-келген пәнді оқыту процесінің басты кейіпкері-оқушы, оқу процесінің өзі-оқушылардың білімі мен дағдыларын игеру, сондықтан сабақта болып жатқанның бәрі, соның ішінде бақылау шаралары оқушының мақсатына сәйкес келуі керек, ол үшін жеке маңызды болуы керек.
Білім сапасының төмендеуінің негізгі себептері:
- сабақта қызық емес, өйткені балаларды белсенді оқытудың пассивті формалары (фронтальды, ұжымдық) басым (топтық, жобалық, жүйелік-белсенділік, пікірталас, интерактивті және интеграцияланған оқыту);
- мұғалімдер құрамы тарапынан білім алушылардың жауабына қойылатын талаптардың бірлігінің болмауы (ештеңе білмесем де 3 қояды, ал сызу, дене шынықтыру, технология, музыка бойынша – 4 немесе 5);
- балалардың оқуға деген ынтасының болмауы; оқушылардың өз білімдерін қолдану перспективасын көрмеуі, немқұрайлылық (анам немесе әкем ештеңе істей алмайды, жаза жоқ);
- өз жұмысын ұйымдастыра алмау (тіпті іс-қимыл алгоритмі берілген кезде мәтінмен қарапайым жұмыс: оқу, табу, таңдау, жазу; қашықтықтан оқу);
- үй тапсырмасын орындамау;
- жас кезеңі (анам айқайлайды, ұрысады, бірақ мағынасы жоқ; әкем жұмыстан келді, шаршады, ұлымен айналысуға уақыты жоқ);
-жеке мәселелер немесе отбасылық жанжалдар (мысалы, көптеген отбасыларда аналар немесе әкелер балаларды өздері тәрбиелейді );
- сыныптан тыс үйірмелерде, секцияларда төмен жұмыспен қамтылуы;
- интернеттің виртуалды әлеміне толық енуі;
- ата-аналардың бақылауының әлсіреуі;
- ата-аналардың пән мұғалімдерімен әлсіз байланысы;
- сабақты сырқаттанушылық, сондай-ақ Ескертпе бойынша 3 күнге мүмкіндік беретін себептер бойынша өткізіп жіберу (ауырған, бірақ үйде емделген, іші ауырған, басы ауырған, уланған, температурасы 37, туған күні және т. б.).
Білім сапасының төмендеу себептері оқушыға, мұғалімге және ата-ананың бақылауына байланысты.
Білім сапасын көтеру – егемен елдің білім саласының, Жаңа Қазақстанның жақсы мұғалімінің ең үлкен мақсаты. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейте түскен абзал. Яғни сапалы білім беру ісі жаңа заманауи технологиялармен, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен толық жарақтандырылып, оқыту мен тәрбиелеудің үрдісі үздіксіз жалғаса берсе, баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруге саналы ғұмырын сарп ететін мұғалімнің рөлі арта түссе, ұлағатты ұстаздарымыз өз біліктілігін ұдайы арттырып отырса, білімнің сапасын көтеруге болады. Білім сапасының жоғары болуы мен оқушылардың ынта-жігерін арттыруда үйдегі ата-ананың да ықпалы зор. Білім сапасын арттыру үшін басты мақсат – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру, үздіксіз білім алу арқылы сапалы білім беру көзделеді. Мұғалім кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында ғана сапалы білім беруге ұмтылады. Өркениет көшінен қалмай, білім беру ісін зор ізденушілікпен жұмыс жасағанда ғана оқушының білім сапасы артады. Жаңартылған білім беру мазмұны мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар оқушылар жаңа идеяларды әртүрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алады. Мұғаліммен бірге ең алдымен оқушы да өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға атсалысуы керек.
Білімді ұрпақ – ел болашағы. Оқушы күшпен қуатты да, шабыт пен дарынды да ұстаздан алады. Сондықтан бүгінгі таңда ақпараттық жаңашыл технологиялармен қаруланған педагог өскелең ұрпақтың толық қанды білім алуына, ізгілік қасиеттерді бойына сіңіруге, ұлтжанды, тәрбиелі жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.