2023 жылдың 27 қараша күні Шымкент қаласы, "Jana Dauir" мектеп-интернатының базасында 2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Облыстық кезеңге Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан шығармашыл 7 оқушымыз қатысты.
Ғылыми жобалар конкурсына 16 секциядан тұратын 4 бағытта қатысты.
І бағыт «Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны»
Секциялар: физика; техника; Жер және Космос туралы ғылымдар.
ІІ бағыт «Экономикалық және әлеуметтік процесстердегі математикалық модельдеу»
Секциялар:математика; қолданбалы математика; информатика; экономика.
ІІІ бағыт «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі»
Секциялар: химия; биология; қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.
ІVбағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі.
Аталған байқаудың қорытындысы бойынша Түлкібас ауданының дарынды оқушылары алдыңғы қатардан көрініп, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтар болсақ:
Рахматилла Балым, Ш. Мұртаза ат. ШЖМГ-ның 9 сынып оқушысы, тарих пәнәнен -ІІ орын;
Андақұл Жанерке , Ш. Мұртаза ат. ШЖМГ-ның 9 сынып оқушысы, биология пәнінен - ІІ орын;
Бекпулатов Азизбек, М. Ломоносов ат. МГ-ның 9 сынып оқушысы, ағылшын тілі пәнінен - ІІІ орын;
Таған Абдулкадыр, Б. Садықов ат. ЖББМ-нің 9 сынып оқушысы, тарих пәнінен - ІІІ орын;
Кадыхан Сабина , М. Ломоносов ат. МГ-ның 10 сынып оқушысы, ағылшын тілі пәнінен - Мақтау қағазы;
Қайратбек Ақмарал , Ш. Мұртаза ат. ШЖМГ- ның 9 сынып оқушысы- қазақ тілі пәнінен - І орын;
Жақсибай Айнұр, Б. Момышұлы ат. ЖББМ -нің 11 сынып оқушысы- тарих пәнінен - ІІ орын;
Ауданымыздың намысын қорғаған дарынды, шығармашыл оқушыларымызды және жетекшілерін Жеңістерімен құттықтаймыз!
Айта кететін, ғылымды дамыту – мемлекет дамуын анықтайтын басты көрсеткіш. Сондықтан кез келген ел үшін білім мен ғылым саласы басты назарда тұратыны сөзсіз. Біздің еліміз үшін де солай.
Ғылым саласында ғылымды басқарудың жаңа моделін енгізу, зияткерлік әлеуетті нығайту, ғылыми инфрақұрылымды және цифрландыруды жаңғырту, ғылыми-зерттеу университеттерін, қолданбалы ғылымды және ғылыми, ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру экожүйесін дамыту жоспарланған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлерін жан-жақты қолдау мәселелеріне назар аударады. Осы жылдан бастап отандық ғылымның дамуындағы жаңа кезең басталады. Біздің 1200-ге жуық ғалым гранттарды жеңіп алғанына немесе алмағанына қарамастан жалақы алатын болады. Кепілдендірілген қаржыландыру үздіксіз зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз гранттық және мақсатты қаржыландыру тетіктерін өзгерттік. Соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру екі есеге жуық өсті. Біз үшін барлық рәсімдердің ашықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ету маңызды», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі үздік ғалымдарды марапаттау рәсімінде.
Ал Ұлттық ғылым академиясының академиктері қаржы мәселесіне қатты мән беріп, ғылымды дамыту үшін барын салмақ. Бұл туралы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Президент жанындағы ұлттық құрылтай мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев әңгімелеп берді. Оның айтуынша, ғылым мен білімді екінші орынға қойған мемлекет ешқашан, ешбір салада бірінші орынға шыға алмайды. Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігі жақсы қағида дайындағанын, ол бойынша ұлттық бағдарламаларға бөлінетін гранттарға қатысатын ғалымдардың 40 пайызы жастар болуы керегін айтты. Екіншіден, академиктің пікірінше, үлкен академик-профессорлардан бөлек, ғалымдарға грант жариялағанын, шетелге тағылымдамадан өту үшін жыл сайын 500 грант бөлінгенін жақсы жаңалыққа балайды.
«Еліміздегі 22 мыңнан астам ғалымның 35 пайызы жастар. Алдағы уақытта ғылымдағы жастардың үлесін 52 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Мәселен, соңғы бірнеше жылда ғылым саласына мыңнан астам жастар келді. Ғылым саласындағы өзекті мәселенің бірі – орта буын өкілдерінің тым аздығы.
Тіптен үзіліп қалуы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан үлкен жұмыс істеліп жатыр. Қазақстандағы ғылымды дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданып, Үкімет қаулысымен бекітілді. Онда бүгінгі ғылымның жай-күйі, мәселесі мен оны еңсеру жолдары тайға таңба басқандай әлемдік тәжірибемен ұштастырыла отырып қарастырылып жатыр.
Дамыған елдер бәсекеге қабілетті қоғамды қалыптастырудың іргелі құрылыс материалы ретінде ғылымның маңыздылығын халықаралық деңгейде мойындауда. Бұл қалыпты құбылыс. Солай болуы керек те. Бүгінгі таңда ғылымның эволюциясы әлемдік білім беру кеңістігінде, әсіресе цифрлық қоғам дәуірінде жаңа сипаттамаларға ие. Бұл тұрғыда ғылымға қарқынды инвестиция салатын елдер тиімді ғылыми жаңалықтарды құрып қана қоймай, сонымен қатар өз ұстанымдарын нығайту және күштерін арттыру арқылы осы процестен пайда көруде. Біз де қалыс қалмауымыз қажет. Ол үшін идея мен инновацияның арасын жалғаушы ғылыми зерттеулерге үлкен акцент қоюымыз қажет. Осы тұрғыда Қазақстандағы университеттер, зерттеу институттары мен инновациялық орталықтар әртүрлі салалар бойынша зерттеулермен белсенді айналысуда. Бұл зерттеулердің нәтижелері болашақ инновациялық жобаларға негіз болары сөзсіз.
Президент бұл қадам қосылған құнның өсуіне ықпал етіп қана қоймай, бизнестің және бүкіл елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтатынын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Елдегі ғылымды қаржыландыру 0,13%-ды құрайды, бұл көрсеткіш 2,5%-ға жеткен дамыған елдерге қарағанда айтарлықтай аз. Біздің ғылымға жұмсаған шығындарымыз өте жеткіліксіз және бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігі көп нәрсені қалайды» деген болатын. Сарапшылар ғылымды қаржыландыру кезінде ЖІӨ-нің 1,5%-дан азы толық қайтарымды күтуге болмайтынын айтты. Президент бұл мәселеге Үкіметтің назарын аударғанын атап өтіп ғылымның дамуына келтіретін кедергілерді жою үшін бірлесіп жұмыс істеуге әрі дамыған елдердің әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, жеке секторды ғылыми зерттеулерге тартудың түрлі тетіктерін әзірлеуге шақырды. Бұл мәселелер биліктегілер мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының назарында. Келесі қадам «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңын ілгерілетудің маңыздылығын түсініп, берілген тапсырмаларды орындау. Осы тарапта Мемлекет басшысы «Академия ғылыми ой-тұжырым орталығына айналуға тиіс. Сондай-ақ, сараптама жасайтын беделді мекеме болуы керек. Қара шаңырақтың рөлін арттыру аса маңызды. Сондықтан оған мемлекеттік мәртебе береміз…», – деп Ұлттық Ғылым академиясына мол сенім артуда. Өз кезегінде Ұлттық Ғылым академиясы Президенттің тапсырмасын орындау барысында, отандық ғылымдағы түйткілді мәселелерді шешу жолында ғылымның басым бағыттары бойынша механизімді іске қосты. Бүгінде осы бағыттар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.