2023 жылдың 10 қараша күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты "Мерей" бөбекжай-бақшасының логопед маманы Толеш Баян "Педагогикалық идеялар понарамасы", "Ерте сауаттылық" бағыты бойынша байқауда І орынды иеленіп, Республикаға жолдама алды.
Тақырыбы: "Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту кезеңдері".
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда ойын түріндегі тапсырмалар мен әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, баланың ірі және ұсақ қол моторикасын дамыту, ойлауын, есте сақтауын, қиялын дамыту, зейінін тұрақтандыру, сонымен қатар, АКТ- ны қолдана отырып, суреттерге қарап сөйлем құрау, шағын әңгімені мазмұндай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: жалпы танымдық қабілеттері яғни есте сақтауы,ойлауы,қиялы,сөйлеуі дамиды. Зейіні тұрақталады. Жолақшалармен жүру арқылы ірі моторикасын дамиды,кеңістікті бағдарлай біледі.Нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы ұсақ қол моторикасы дамиды. Графамоторика арқылы ирек, түзу, қисық сызықтарды сызуға дағдыланады.
Айта кететін, болашақта өркениеттi дамыған елдердiң қатарына кiру үшiн заманауи бiлiм қажет. Өйткенi, бiлiм беру Тәуелciз Қазақcтанды бәcекеге қабiлеттi елу елдiң бiрiне айналдырады. Cондықтан дамудың заманауи кезеңi бiлiм беру жүйеciнiң алдына оқу процеciн технологияландыру өзектілігін қояды.
Қоғамымыздың қазiргi даму кезеңi бiлiм беру жүйеciнiң алдына оқыту процеciн технологияландыру проблемаcын қояды. Оқытудың әртүрлi технологиялары әзiрленуде, бiлiм беру мекемелерiнiң практикаcына енгiзiлуде. Жаңа технологияларды игеру мұғалiмнiң зияткерлiк, кәciби, адамгершiлiк, рухани, азаматтық және баcқа да адами қаcиеттерiнiң қалыптаcуына жағымды әcер етедi. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденген және ic жүзiнде жақcы нәтиже бередi. Ұстаздар дәрежесін көтеру мақсатында еңбек ақы көтеріліп жатыр, демек бізге ұстаздарға артылатын үміт те, жауапкершілік те жоғары.
Оқу орындарындағы білім беру сапасын жоғарылату үшін, ең бірінші, ұстаздар біліктілігі жеткілікті дәрежеде өсіп, кәсіби шеберлік шыңына талпынған тұлға болуы тиіс. Оқушының қабілетін терең жетілдіру, оның шығармашылығын, қызығушылығын дамыту үшін ұстаз өзі жан – жақты дамыған адам болуы керек. Сондықтан қазіргі таңдағы оқытушы қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға сай, білімді, инновациялық ойлау қабілеті бар, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, көпшілікпен ынтымақтасуға қабілетті адам болуы керек. Ол үшін ұстаз оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздеп, өз ісінің шебері болуы керек. Қазіргі таңдағы бәсекеге қабілетті қоғамдағы ұстаз моделі-өмірлік көзқарасы, құндылық қасиеттері бар, оқушыларын өмір талаптарына сәйкес тәрбиелейтін, өз бетінше жоспарлай және шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға.
Әдістемелік әдебиеттерде мұғалім мен оқушы арасындағы "кері байланыс" бағалау деп аталады, бұл мұғалім пәнді оқытудың тиімділігі туралы ақпарат алатын оқу процесінің кезеңі.
Осыған сәйкес оқушылардың білімі мен дағдыларын бағалаудың келесі мақсаттары бөлінеді:
- оқушылардың білімі мен дағдыларын диагностикалау және түзету;
- оқу процесінің жекелеген кезеңінің нәтижелілігін есепке алу;
- әртүрлі деңгейдегі оқытудың қорытынды нәтижелерін анықтау.
Педагогикалық ортадағы адамгершілік қатынастардың маңызды формаларының бірі-сабақта оқитын оқушылардың пәні.
Мұғалімдер сабақта тәртіпті әр түрлі қолдайды: кейбіреулері қатаңдық пен қатыгездікпен, басқалары сабақты шебер құрумен және т. б.
Білім алушылардың білім сапасын арттырудың бір жолы - оқу процесін ұйымдастыру.
Қазіргі сабаққа жоғары талаптар қойылады. Сабақ тек сабақ беріп қана қоймай, терең білім береді. Сондықтан сабақта оқытудың ең жақсы әдістері мен тәсілдерін өздері үшін емес, тек жетілдірілгендіктен емес, сабақтың сыртқы сұлулығына ұмтылу үшін емес, сабақтың ең жақсы тиімділігіне қол жеткізу үшін қолдану қажет. Сабаққа себілген әрбір білім дәні оны дамытуға деген ұмтылыспен қоректенсе, өскін береді.
Мұның бәріне қол жеткізуге болады, егер:
– оқушыға педагог рөлінде болуға мүмкіндік берсе (өзін-өзі тексеру, өзара тексеру);
- оқушының оқу дәрежесіне ғана емес, өзіне де шынайы қызығушылық таныту;
- оқушыға материалды таңдауға, жауап жоспарын, жұмыс алгоритмін құруға көмектесу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деп атап көрсеткен болатын. Бұл ұлттық жобаның түпкі мақсаты – әрбір баланың сапалы білім алуына қолайлы жағдай тудыру. Бала ештеңеге алаңдамай тек сабағын оқып, білімді де білікті болып шығуы тиіс.
2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда төмендегі міндеттерге назар аударылды. Білім алушылардың білімін толықтыру; қауіпсіздік және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету; білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету; цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау; инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.