Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды.
Ең алдымен аудан әкімдігі ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Қабылдауға келген жеке кәсіпкер Ақылжан Сарбасов Зертас елді мекеніне арнайы спорт кешені қажет екенін айтты.
Аппарат басшысы Зертас елді мекенінен құны 517,8 млн теңгелік спорт кешендерінің жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, тиісті салалақ басқармалардан оң қорытындысы алынып қаржыландыруға ұсынылғанын айтып, мәселені шешуге ықпал ететінін жеткізді.
Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекайдар Тойлыбаев балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін қосымша лагерь қажеттігін атап өтіп, бұл саладағы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Төлеби ауданында жалпы 29 мың оқушы білім алуда. 2023 жылы оқушылар жазғы демалысын «Қуаныш», «Тау шыңы», «Біркөлік шатқалы», «Тау гүлі», «Көктөбе» және Қазығұрт ауданында орналасқан «Тұрбат» лагерлерінде өткізді. Балалардың демалуына мүмкіндік жасайтын қосымша лагерь құрылысын жүргізу үшін Киелітас ауылдық округінде орналасқан «Спутник» лагерін ұсынды.
Ол тұрғынға аталған мәселемен таныс екеніне тоқталып, лагерьдің қазіргі кезде тозығы жетіп, ғимараты күрделі жөндеуді қажет екенін айтып, қажетті құжаттары облыстық салалық басқармаларға ұсынылғанын және оны шешу жолдары қарастырылатынын түсіндірді.
Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастырып белсенділігін арттыруға арналған.Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттыруға бағытталған.
Қазiргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. Сол себептен де білім беру саласы қызметкерлерінің алдында – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру міндеттері қойылып отыр.
Ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Жаңа модельдегі ұстаным балаларды коммуникативті, өз өзіне сенімді, төзімді, дені сау, ашық және креативті ойлайтын, еңбекқорлық пен білімге құштарлық құндылықтарын бойына сіңіріп балабақшадан тәрбиеленіп шығуды көздейді.
Өткен жылы жаңа 39 мыңға жуық орынға арналған 458 балабақша іске қосылды. Жекеменшік балабақшалардың 93%-на мемлекеттік тапсырыс берілді. Нәтижесінде 2-6 жастағы балаларды қамту 89,4%-ға, ал 3-6 жаста 99,4%-ға артты. Былтыр балалардың дағдыларын, зерттеу қызметін дамыту және дамытушы орта құру үшін оқу және ойын материалдарының тізбесін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдарды жарақтандыру нормалары бекітілді.
Tәрбие жұмысын күшейту үшін тұжырымдамалық негіздер әзірлене бастады. Ұлттық тәрбие ұлт болашағын қалыптастырудың қайнар көзі. Бұл орайда әр білім мекемесі ең алдымен тәрбие мәселесіне жіті назар аудару қажет. «Үлкенге - құрмет, кішіге-ізет» ұстанымы бала тәрбиесінде жеке орын алуы тиіс. Бұл бағытта барлық балабақша, мектеп, колледж басшылары жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 3,4 млн кітап сатып алынды, 6 мыңнан астам мектеп кітапханасының материалдық-техникалық жағдайы жақсарды.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 125 мың жас мемлекеттік тапсырыс бойынша колледждерге түсті. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыстың 50%-ы техникалық мамандықтарға (металлургия, машина жасау, IT, құрылыс, көлік және т.б.) қайта бағытталды. Квота санатының ұлғаюының арқасында 2022 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан білім алушылар саны 60%-дан асты (75 мың адам). Сондай-ақ бүгінгі таңда колледждердің 48%-ы ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін тең жағдайлар және кедергісіз орта жасалды.
Одан кейін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активімен өзекті мәселелер бойынша кездесті. Кездесуде аудан аумағындағы шешімін күткен мәселелер негізінде аудан әкімінің орынбасарлары баяндады. Онда ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет саласы, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер талқыланды.
Еркеғали Әлімқұлов Ленгір қаласындағы Қ.Дүйсемұратұлы және Базар көшелеріндегі тозығы жеткен тұрғын үйлердің қазіргі жағдайын көзбен көрді. 1936 жылы қабырғасы ағаш конструкциядан тұрғызылып, ескіріп, тозығы жеткен 2 қабатты 8 тұрғын үйдегі 125 пәтерде 700-ден астам адам тұрады. Облыс әкімдігі мен салалық басқармалардың қолдауымен 125 пәтерлі 8 тұрғын үйдің орнына Ленгір қаласының I мөлтек ауданы, Қапал Батыр көшесінің бойынан 156 пәтерлі бес қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысын бастауға көзделіп отыр. Қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстарына қатысты жұмыстар 2024 жылы жалғасын табады.
Сондай-ақ Ленгір қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлерімен кездесіп, спортшылармен тілдесті. Аудан көлемінде спорт саласы бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, бұл саладағы бастамаларды жандандыруды тапсырды.