ТҮЛКІБАС: БАЛАБАҚША ПЕДАГОГТЕРІМЕН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС: БАЛАБАҚША ПЕДАГОГТЕРІМЕН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Түркістан облысы "Білім беруді дамыту орталығы" КММ жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты МК "Аяулым" ЖШС бөбекжай-бақшасында "Құзыреттілік орталықтарының және мобильді топтың қызметін үйлестіру" тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинарына Түлкібас ауданынан білім бөлімінің әдіскері Ж.Буралхиева,мобильді топ мүшелері К.Алгатаева, Р.Лепесханова және құзыреттілік орталық тізіміне енген "Таңшолпан" бөбекжай-бақшасының әдіскері А.Курпеева қатысты.
Оқыту семинары барысында Облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту кафедрасының меңгерушісі Г.Кульбаева мобильді топтардың жұмыс жүргізу ережелерімен, мақсат- міндеттерімен таныстырды, сонымен қатар, Республика бойынша құрылған құзыреттілік орталықтарының тізіміне енген облыстағы 3 балабақшалардың жұмыстарымен танысты.
"Таңшолпан " бөбекжай-бақшасының әдіскері А.Курпеева атқарылып жатқан жұмыстары, қай бағытта жұмыс жүргізіп отырғандары туралы түсінік берді. Осындай нәтижеге бағытталған жұмыстар өз жалғасын таба бермек.
Айта кететін, 2021 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
«Сапалы білім» Білімді ұлт» ұлттық жобасы бес міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 шарадан тұрады. Жоба 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Қазақстан халқына Жолдауында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру шаралары қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдауды талап ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды» деп атап көрсеткен болатын. Бұл ұлттық жобаның түпкі мақсаты – әрбір баланың сапалы білім алуына қолайлы жағдай тудыру. Бала ештеңеге алаңдамай тек сабағын оқып, білімді де білікті болып шығуы тиіс.
Білім сапасын көтеру – егемен елдің білім саласының, Жаңа Қазақстанның жақсы мұғалімінің ең үлкен мақсаты. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейте түскен абзал. Яғни сапалы білім беру ісі жаңа заманауи технологиялармен, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен толық жарақтандырылып, оқыту мен тәрбиелеудің үрдісі үздіксіз жалғаса берсе, баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруге саналы ғұмырын сарп ететін мұғалімнің рөлі арта түссе, ұлағатты ұстаздарымыз өз біліктілігін ұдайы арттырып отырса, білімнің сапасын көтеруге болады. Білім сапасының жоғары болуы мен оқушылардың ынта-жігерін арттыруда үйдегі ата-ананың да ықпалы зор. Білім сапасын арттыру үшін басты мақсат – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру, үздіксіз білім алу арқылы сапалы білім беру көзделеді. Мұғалім кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында ғана сапалы білім беруге ұмтылады. Өркениет көшінен қалмай, білім беру ісін зор ізденушілікпен жұмыс жасағанда ғана оқушының білім сапасы артады. Жаңартылған білім беру мазмұны мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар оқушылар жаңа идеяларды әртүрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алады. Мұғаліммен бірге ең алдымен оқушы да өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға атсалысуы керек.
2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда төмендегі міндеттерге назар аударылды. Білім алушылардың білімін толықтыру; қауіпсіздік және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету; білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету; цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау; инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.
Білім ошақтарындағы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру үшін, мұғалімдердің оқу үдерісіндегі инновациялық жұмыстарды бірлесе атқарып, анықталған проблемаларды ортаға салып шешу жолдарын ақылдаса отырып бірлікте жүргізудің тиімділігі байқалды. Әдістемелік орталық мамандары шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдермен бірлесе отырып кез келген мұғалімнің сабағына қатысатын жақсы үрдіс қалыптастырдық. Оны тексеру деп емес, керісінше көмекші құрал ретінде қабылдап, кемшін тұстарын түсіндіру, әдістемелік қолдау көрсету деп түсінген абзал. Мектеп, ата-ана, оқушы үштік одақтың байланысын жақсарту – басты міндеттеріміздің бірі. Өйткені бұл байланыс орнықпай нәтиже табысты болмайды. Әр ашық сабақ кезінде ата-аналар ғана емес, ата-әжелер де қатысып, мектепке, мұғалімге, сабаққа қатысты сұрақтарын ашық қойып, тиісті жауаптарын алды. Осының нәтижесінде педагогтердің деңгейі байқалып жатыр. Кері байланыс береміз, мектеп директоры мен оның орынбасарларына мұғалімнің сабағы жайлы пікірімізді жасырмай айтамыз. Сабағын дұрыс өткізе алмаған мұғалім туралы да пікірімізді мектеп басшылығына жеткіземіз. Ол келесі жылы оған сағат бөлгенде, басқалай да жағдайларда өзінің шешімін қабылдайтын болады.
Сонымен қатар балабақшаларда да жоба аясында 20 балабақшада ашық есік күндері өткізіліп, онда 200 педагог қамтылды. Бұл да дәл мектептердегідей ережемен, талаппен жүзеге асты. Қазақ елінің болашағы білікті ұстаз бен білімді жастардың қолында екендігі даусыз. Осы саладағы мамандардың кәсібилігін арттырып, Жаңа Қазақстанның жаңаша өркендеуіне үлес қоса алсақ онда еңбегіміздің еш кетпегені.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...