АРЫС: ҚАЛА ӘКІМІ АҚҚАЛАҒА БАРДЫ

АРЫС: ҚАЛА ӘКІМІ АҚҚАЛАҒА БАРДЫ

Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Аққала елді мекені тұрғындарымен кездесті. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісіп, аққалалықтармен бірге өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.
«Аққала, Жиделі елді мекендеріне газ жүргізу үшін магистральді құбырдың құрылысы жүріп жатқанын білесіздер. Енді Аққала, Жиделі елді мекендері ішіне газ жүйесінің құрылысын жүргізу үшін, республикалық бюджетке сұраныс бердік. Бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Тиісті қаржы бөлінді, биыл құрылысы басталады,» - деді қала басшысы.
Биыл Жиделі ауылында 120 орындық кітапхана мен ауыл клубы пайдалануға берілді. Енді Жиделі елді мекенінен спорт зал салу үшін республикалық бюджетке қаржыға ұсыныс енгізілді. Алдағы уақытта қаржыға байланысты құрылысы жүргізілетін болады. Сәтін салса, ауылда мәдениетпен бірге спорт қатар дамитын болады.
Айта кететін, кітап оқуға деген сүйіспеншілік адамдарды жақындастырады. Ғасырлар бойы кітап қоғамда өзінің белгілі бір функциясын ұстап тұрды. Ал оқу мәдениеті — адамның білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, шығарманың өн бойына еніп, түсіну, қабылдау қабілеттерін өздігінен игеруіне мүмкіндік туғызды.
Кітап оқу — өнер деп айтып жатамыз. Шындығына келгенде, кітаптың нақ өзі үлкен өнер туындысы деуге толық негіз бар. Өйткені, кітаптың көз тартар мұқабасынан бастап, оның ішіндегі безендірілуі, дизайндық ерекшеліктері өзінше бір бөлек өнер дейтін болсақ, ал ондағы жазылған мәтіннің мән-мағынасы, кітап ішіндегі оқиғаның оқырманды елітіп әкетуінде де үлкен өнер әрі еңбек жатыр. Кітапты басып шығаруда көптеген қызметкерлер еңбектенеді. Және өз оқырманының жүрегіне жол табатын дүниені табады. Жасыратыны жоқ, ең әуелі кез келген оқырман кітаптың мұқабасына зер салады. Ал мұқабадағы суреттің кітап ішінде маржандай тізілген мәтіннің мағынасын ашуы да көп ізденісті, өнерге деген ықыласты қажет ететіні сөзсіз. Баспа кітаптарының сапалы әрі көп данамен басылуының өзі бұл өнер туындысына деген сұраныстың жоғары екендігін айқындайды.
Кітап өнері кітап мәдениетімен тығыз байланысты. Жоғарыда атап өткен әсем безендірулер, жарқын иллюстрациялар, сәнді мұқабалар кітап мәдениетінде де айрықша рөл атқарады. Кітаптағы мәтін арқылы адамда мәдениет қалыптасады. Басылымның тутул бетіндегі мәліметтердің дұрыс әрі стандартқа сай болуы да, кітаптың мәдениетін арттырмаса төмендетпейді. Осы орайда біз кітап, оқу мәдениетінің тұлғаның рухани және әлеуметтік дамуының құралы ретінде қарастырамыз. Өйткені, кітап білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Ұлттық мәдени кодымыздың өзі кітап арқылы қалыптасады. Жалпы кітапты мәдениеттен, өнерден алшақ қарастыру мүмкін емес. Өйткені, түрлі өнердің бәрі адамзатқа кітап арқылы насихатталып, тарлан тарихымыздың өзі осы өнер туындысы арқылы бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Бізде ауыз әдебиеті өте жақсы дамыған: жырлар, дастандар, жаңылтпаш, қисса, аңыз, хикаят, ана әлдиінің өзі. Халқымыз ауыз әдебиетіне қанығып өскен. Қазіргі таңда сол қисса, әңгімелерді кітаптан оқып беруге болады. Сондықтан перзентханадан шыққан күннен бастап, баланың құлағына ақырын-ақырын құя беру керек. Кейін бала белгілі бір жасқа жеткен кезде кітапты қолына алып оқи бастайды. Жалпы кішкентай күнінен дағдыландырған дұрыс. Шекспирдің бір сөзі бар ғой «мен бос уақытымда кітап оқымаймын, мен кітап оқуға арнайы уақыт бөлемін» дейді. Бізде «жапондар былай жасайды екен», «испандар олай жасайды екен» деп өзгенің салтына, өзге елдің дүниесіне көзіміз ашық, құлағымыз түрік болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын.
Биыл Түркістанда өткен Құрылтайда мемлекет басшысы «Елімізді алға жетелейтін білімді ұрпақ тәрбиелеу» туралы арманын ортаға сала келе, «Идео­логия жұмысындағы басты бағыт­тың бірі – кітап басып шығару ісі», – деген болатын.
Кітап – рухани азық. Рухы мықты адам, руханият көкжиегі кең ұлт қана ұлы мақсат­тар жолында ешкімге есесін жібермейді. Біз осы тұрғыда кітап шығару ісін, оны тарату жолдарын, халық арасында кітап оқу мәдениетін арт­тыру үшін тынбай жұмыс істеуіміз қажет. Бұл бір жекелеген адамның, белгілі компаниялардың мүддесі ғана емес, мемлекет­тің тұтас бір жұмысына айналу керек. Себебі, кітапты қалқан, қару еткендер ғана рухани азат бола алады. Халқымызда «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген тәмсіл бар.
Міне, енді барлық облыс пен қалаларда, тіпті үлкен аудан орталықтарында да осы жылдың соңына дейін жергілікті «Аманат» партиясының кеңселік ғимарат­тары жанынан қол жетімді бағада түрлі бағыт­тағы кітаптар сату ісін жолға қою ниетінде «Кітап – Аманат» дүкендері ашылуда. Бұл тұрғыда Қазақстанның Ұлт­тық мемлекет­тік кітап палатасы да үлкен қолдау білдіруде.
Қазіргі таңда еліміздің аудан орталықтарының бірде-бірінде кітап дүкендері жоқ деген сорақы мәлімет, тәуелсіздік алған соңғы 30 жыл ішінде әбден күйреуге түскен кітап оқу мен кітап тарату ісінің деңгейінің нақты көрсеткіші болса керек.
Бұдан бөлек, «3-К-1» каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, республикалық бюджетке сұраны берілді. Ал, округке қарасты «3-К-3» каналына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Дайын болған күйде тиісті қаржыға ұсыныс енгізілетін болады.
Сондай-ақ, Жиделі елді мекенінің ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге де ұсыныс енгізілген. Тиісті қаржы бөлінген соң, бұл жұмыстар да жүзеге асырылатын болады.
Кездесуде тұрғындар жол салып беруді, Аққалаға ойын алаңша мен воркаут алаңын салуды, жарықшамдарды іске қосып беру секілді мәселелер қозғалды. Қала әкімі әр көтерілген мәселені назарға алып, шешу жолдарын ауыл халқымен бірге талқылады.
Әрі қарай тұрғындар жеке мәселелері бойынша қабылдауға қатысып, көкейдегі мәселелерді шешудің жолдарын бірлесе талқылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...