Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру үшін бірыңғай платформа құрылды

Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру үшін бірыңғай платформа құрылды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы жастардың жұмыс іздеуіне арналған Jobfair365 бірыңғай платформасын іске қосты. Қызметтер тізімін өзінің сайтынан көруге болады.

Бағдарлама үш аспектіні қамтиды - жастарға өз мамандығы бойынша жұмыс табуға көмектесетін жұмысқа орналастыру қызметі, білім беру бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін тегін курстар қызметі және қаламыздың жастарына арналған ақпараттық портал.

 

Сонымен қатар сайтта сертификат беретін орыс және қазақ тілдеріндегі қысқа мерзімді курстар бар.

Қысқамерзімді курстардың тізімін анықтау үшін еңбек нарығындағы сұранысқа талдау жүргізілді. Талдау жастарды табысты жұмысқа орналастыру үшін қажетті өзекті әрі сұранысқа ие мамандықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Осылайша, курстар ақпараттық технология, цифрлық маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, жобаны басқару, кәсіпкерлік, дизайн, сату менеджері, SMM менеджері, мобилограф, графикалық дизайнер, таргетолог, туроператор, гид, курьер, хаускипер және т.б. салаларды қамтиды.

 

Курстың бағытына байланысты сабақ 20-дан 30 адамға дейінгі топқа өткізіледі. Пайдаланушылар аптасына 3 рет 2-3 сағат оқиды, онда оқытудың теориялық бөлігі 1 айдан 1,5 айға дейін созылады.

Қазіргі уақытта порталда 3,7 мың бос жұмыс орны бар және 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелген. Бүгінде 10,2 мың адам оқытылды, оның 9,2 мыңы жұмысқа орналастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ