С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде көрнекті жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің кенже саласы сатираның бағын ашқан даңқты сатирик С.Адамбековті екінші ғасырға аяқ басқан жасына орай "Күлкінің күміс күмбезі" тақырыбында 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен еске алу әдеби кеші өткізілді. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі ұйымдастырды.
Мақсаты: Ардақты атамыздың көркем дүниелері мен еңбектерін білім алушылардың жадында сақтауға, жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейтіндігін ұғындыру.
Жазушының қаламынан туған бірнеше шығармалары бар.
Атап айтар болсақ "Қырманға кел, қалқатай", "Маржанқыз" әндері де сахнада өз тыңдарманын тапқан туындылар. Осы әндерін 8 "А"сынып оқушысы Жаңабай Шапағат орындаса, өзге қатысушылар жазушыға арнаған шығармалары мен естеліктерін орындады.
Кеш қонақтары қатысушылар мен ұйымдастырушы ұстаздарға алғыстарын білдіріп, Садықбек Адамбековтің ізін жалғастырушы ұрпақтары бар екеніне тағы бір көз жеткізді.
Айта кететін, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
Тіл - кез келген мемлекеттің басты құндылығы саналады. Еліміз тәуелсіздігін алысымен мемлекеттік тілді дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. “Тіл туралы” Заң қабылданды, мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануға арналған мемлекеттік бағдарламалар әзірленді. Осының нәтижесінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейді, ана тілімізге деген құрмет пен тілді меңгерушілер қатары өсті. Сонымен қатар ел азаматтарын, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілде тегін оқыту курстарымен қамту мақсатында республика бойынша мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ашылды. Мәселен, Байзақ ауданы “Тілдерді оқыту орталығында” 3 тіл (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) бойынша курстар жүргізіледі. Ағымдағы жылдың жеті айында 241 өзге ұлт өкілі қазақ тілі курсынан өтсе, ағылшын тілінен 22 тыңдаушы, орыс тілінен 60 тыңдаушы дәріс алуда. Курстар тегін жүргізілетін болғандықтан талапкерлер қатары жыл сайын артуда.
Елімізде азаматтардың мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, IELTS, TOEFL тәрізді «Қазтест» бағалау жүйесі енгізілгені баршаға белгілі. «Қазтест» жүйесі арқылы мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау үшін жыл сайын тестілеу өткізіліп отырады.
Қазан айында Қазақстанда Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Қазақстан Үкіметі өз қаулысымен Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Тұжырымдамада 2029 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін 84 пайызға жеткізу көзделген.
Мемлекеттік телеарналардағы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың үлесі 2029 жылға қарай 84 пайызды құрауы тиіс.
Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі 94 пайызды құрауы тиіс.
Қазтест жүйесі бойынша В2 деңгейінде қазақ тілін меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2029 жылы 50 пайызды құрайды.
Осы мақсаттарға қол жеткізу тұжырымдамасында басқалармен қатар, халыққа қазақ тілін үйрету курстарын ашу, бейнесабақтар өткізу, жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламаларын жаңарту ұсынылады.
Сонымен қатар, құжатта жаңа сөздіктер мен анықтамалықтар әзірлеп, басып шығару, түрлі курстар мен семинарлар ұйымдастыру ұсынылады.
Сондай-ақ, Тоқаев орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым туралы келісімнің жобасын мақұлдаған болатын.
Құжатқа сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымының ресми немесе жұмыс тілі және негізгі құралы ретінде, әр түрлі мемлекеттердің халықтары үшін ұлтаралық қатынас тілі - орыс тілінің рөлі атап өтілді.