"КВИЗИУМ -2023" сайысының бірінші кезеңі өтті

"КВИЗИУМ -2023" сайысының бірінші кезеңі өтті

"Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты М.Әуезов атындағы мектеп - гимназиясында мұғалімдер арасында 2023 жылдың 02 желтоқсан күні мектептің өндірістік жоспарына сай 20-40 жас аралығында "КВИЗИУМ-2023" сайысының бірінші кезеңі болып өтті.
Квизиум ойынының мақсаты: мұғалімдердің танымдық интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашыл әрі еркін ойлай алатын ұстаздар ортасын қалыптастыру.
Бірінші кезеңге: 6 топ қатысты.
Алты топ мына ереже бойынша бақ сынасты:
Топтың аты, ұраны, әнін айтты.
1. Сергіту сәтінде қатысушылар жеңіл сұрақтар бойынша әртүрлі сұрақтарға жауап берді.
2. Викториналық сұрақтар арқылы ойлау қабілеті, ой шапшаңдығы, тапқырлығы және жылдамдығы анықталды.
3. Музыка кезеңі бойынша, әннің атын, орындаушысын, топтың атын анықтады.
4. Кино кезеңі бойынша қай фильмнен үзінді екенін айтып, кейіпкерлері кім екенін тапты.
Нәтижесінде:
І-орынды "Ынтымақ - 1" тобы.
ІІ-орынды "Ынтымақ -2" тобы.
ІІІ-орынды "Әуезов жұлдыздары" тобы иеленіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кететін, мұғалімнің кәсіби шеберлігі,ең алдымен, мақсат-міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Қазіргі білім мен техниканың дамыған кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз шетелден еніп келе жатқан түрлі мәдениет ағымына көміліп қалмас үшін, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті етіп тәрбиелеу – басты мақсат болып табылады. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, оқушыларға тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін дамыту.
Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.
Оқушының оқылатын пәнге деген қарым-қатынасын, көзқарасын анықтаушы бірден-бір адам – мұғалім. Кез-келген оқушы әуелі мұғалімді, сосын барып пәнді не мәңгілік сүйіп, не өмір бойы жек көріп кетеді. Сол себепті мұғалім оқушының өміріне өзгерістер енгізеді. Жанына жақын пәннің мұғалімі көңіліне жақпаса, оқушы ол пәннен алшақтай береді де, жат дүние болуы мүмкін. Сондықтан әр ұстаз оқушының көңіл пернесін дәл басуы, өз пәнін екі жаққа да тиімді әдістермен өткізуі тиіс. Нағыз кәсіби шеберлік осыдан бастау алса керек. Ал оқушыға бір нәрсені мойындату біраз еңбекті қажет етеді. Әсіресе ХХІ ғасыр «ойыншықтары»- интернет, теледидар, онлайн, т.б. қасында мұғалім беделін арттыру оңай шаруа емес. Олай болса,жаңа мұғалім қандай болуы керек?
Біріншіден, менің ойымша, мұғалім жан-жақты жаңашыл, қызықтыра алар қабілетті болуы керек. Өйткені оқушының айналасы қызылды-жасыл дүние: теледидар, компьютер, ғаламтор ойындары. Осылармен жарыса жаңарып отыру керек, олардың көлеңкесінде қалып қойып, пәніңіз де, өзіңіз де оқушы өмірінде екінші, үшінші орынға шығып қалсаңыз жағдайды түзету оңайға соқпайды. Жаңашыл болудан қорықпаңыз, оқушылармен бірге олардың өміріне еніп кетіңіз: олар көретін фильмдерін, тыңдайтын музыкаларын, ойнайтын ойындарын, табынатын әнші, әртістерінен түгелдей хабардар болуға тырысыңыз. Оқушымен өз тілінде сөйлесіңіз. Сонда ғана оқушы көңілі сізге ауады. Ал оқушы көңілі сізде болғаннан кейін пәніңізге де қызығушылығы артады. Қызығу бар жерде ынта, ықылас болады. Ынта бар жерде сапа бар. Ал, керісінше, оқушыға есінен тандыра ұрсып, бала санасына сіңген дүниені сыпырып тастаймын деуден сіз де шаршайсыз, бала да шаршайды. Қайта оқушы өзіңізден алшақтап, тәрбие бұлағын мүлде басқа ортадан табуы мүмкін. Жасөспірімдердің түрлі діни секталарға қосылып немесе суицидке бой алдыруы осыдан келуі де мүмкін. Мұғалімін сыйлайтын оқушыға кез-келген ақпаратты сіңіріп, соның жемісін талап етуге болады. Яғни, бір сөзбен айтқанда, оқушының қалыптасуынан қалып қоймауымыз керек.
Екіншіден,ешқашан баланы қинап оқыта алмаймыз. «Қайтсең де осы өлеңді немесе ережені жаттап ал, әйтпесе келуші болма» деген сияқты сөздерден оқушының пәнге деген жиіркеніші оңай туады. Өз санасының жетегімен істелмеген дүние оның көкейіне мүлде қонбайды. Түсінбеген дүниені түйсіну мүмкін емес. Мұндайды болдырмау үшін тағы да оқушымен «өзінің тілінде» сөйлесіңіз. Қызықтырыңыз, түсіндіріңіз, бірақ қинамаңыз.
Үшіншіден,оқушыдан талап еткенді өзіңіз де орындайтын болыңыз. Оқушы әуелі сізді үлгі етеді. Қызығуын тудырған мұғалім не жасаса, оқушы соны жасауға әрекет қылады. Тақырып барысында өтетін өлеңді жаттап алыңыз, әңгіменің үзіндісін жаттап алыңыз. Түсіндіру барысында қазақ тілінің бар мүмкіндігін қолданып, барынша шұрайлы, барынша сусынын қандыра сөйлеңіз. Оқушыны ақпараттың астында қалдыра бермей, жай ғана негіз салушы болыңыз. Міне, осы үш нәрсені ескерсек, ХХІ ғасыр «ойыншықтарының» алдына шыға аламыз, олардан озық отырсақ, сапалы білім, саналы тәрбие берер кәсіби маман бола алмақпыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...