Сауран ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің 3-4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты:
Математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау,
Олимпиада резервін қалыптастыру;
Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға, жаратылыстануға баулу;
Оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру;
Жеңімпаздарды анықтап, ынталандыру.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне 52 мектептен 203 оқушы қатысты.
Олимпиаданың тапсырмалары екі бөлімнен тұрады:
- Тест түрінде берілген 10 есептің әр дұрыс жауабына 5 ұпай, жалпы ұпай саны 50 ұпайды құрайды.
- Бос орынды толтыру,10 есеп беріледі, мұнда оқушылар тек жауаптарын толтырады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі, жалпы ұпай саны 50.
Олимпиада нәтижесінде жоғары ұпай жинаған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.
Сонымен қатар, ғылым саласы елдің даму көрсеткішінің алғашарттарының бірі. Адам өмірін жеңілдететін технологияларды әзірлеу білімді қажет етеді. Бұл сала елдің стратегиялық бағытының маңызды бағыты болып есептелетіндіктен, экономикалық өсімге де ерекше әсер етеді. Қазақстандағы ғылымның жағдайы қандай екенін саралап көруді жөн көрдік.
Сондай-ақ, ғалымның әлеуметтік мәртебесін көтеру үшін жетекші ғалымдарға арналған әлеуметтік жеңілдіктер пакетін пысықтау ұсынылады.
Жас кадрлардың ғылымға келуін ынталандыру үшін жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына 500 қазақстандық ғалымды тағылымдамадан өткізуге, академиялық жазуды, ағылшын тілін, цифрлық дағдыларды оқытуға, ғылыми өтінімдерді әзірлеуге және басқа да қажетті құзыреттер мен дағдыларға, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтарды ғылыми ұйымдарға тартуға, қазіргі заманғы ғылым менеджерлерін даярлауға кешенді шаралар іске асырылмақ.
Сонымен қатар, ғалымдарды ынталандыру үшін ғылымға қосқан үлесі үшін жыл сайын 2 мың АЕК (6 млн теңгеден астам) мөлшерінде 50 «үздік ғылыми қызметкер» анықталып, марапатталады.
Сондай-ақ ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен сыйлықтар беру арқылы ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдарды көтермелеу жалғасады.
Сонымен қатар, алдағы кезеңге 2023-2025 жылдарға ғылымды қаржыландырудың көлемін үш есе үлкейту мәселесін Қаржы министрлігі де пысықтап жатқан көрінеді.
Аталған шараларды іске асыру үшін мегагранттарға жаңа конкурстар жарияланады. Ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне аккредитациялық талаптар күшейтілген. Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бізге арналған. Аталған тұжырымдама мен ұлттық жобада көрсетілген көрсеткіштерге жетпей, қазақ елі ғылыми жетістіктерімен әлі де мақтана алмайтыны анық. Айтқанымыздай, әзірге қазақстандық ғылымның шарықтау шегі мен жеңісі пандемия кезінде ғалымдардың ойлап тапқан вакцинасы. Одан кейін әлемге паш ететіндей жаңалық, өнертапқыштық жүйе есімізде жоқ. Сондықтан да Үкәмет бұл салаға қыруар қаржы бөліп, әліптің артын бапқпақшы. Мәселен, ұлттық жобадағы ғылым блогын жүзеге асыратын адамдар санын 21 мыңнан 34 мыңңға арттырудың өзі экономикаға айтарлықтай септігін тигізеді. Ұлттық жоба бойынша жалпы ғылым саласын қаржыландыру 832,9 млрд теңгені құрайды. Бұл бөлінген қаражат нәтиже көрсете ме жоқ па, бұл уақыттың еншісінде. Жаңа Қазақстан ғылымды жаңа деңгейге шығара ала ма? Оған жауапты көп жылдан кейін алатынымыз анық.