БӘЙДІБЕК: Б.ТӘЖІБАЕВ БӘЙДІБЕКТЕГІ БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

БӘЙДІБЕК: Б.ТӘЖІБАЕВ БӘЙДІБЕКТЕГІ БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың Бәйдібекке сапар барысында аудандағы білім нысандарының жай-күйімен танысты. Әуелі Алғабас ауылындағы Майбұлақ жалпы орта мектебінде де болды. Білім нысанының сыртқы әрлеу жұмыстары, акт залы мен бірқатар сынып бөлмелерін жөндеуден өткізу үшін жоспарға енгізу қажеттігін айтып, жауапты басқарма және бөлімге жүктеді. Жөндеу жүргізіліп жатқан «Айсана» балабақшасының жұмыстарын аралау барысында сала мамандарына сапалы және уақтылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.
Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Боралдай ауылдық округіне қарасты О.Тайманов және Н.Арапов атындағы жалпы орта мектептеріндегі жүргізіліп жатқан жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылады.
Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебінің жайлары 1986-1987 жылдары жергілікті халықтың күшімен салынған. Ыңғайластырылған 2 жайдан тұрады. Қосалқы 3-ші жайы 1964 жылы салынған. Мектепте 7 сынып бөлмесі бар. Бұл бөлмелердің сыйымдылығы сыныптағы оқушыларға қажетті мөлшерден төмен. Негізгі мектепті аралап көрген соң жауапты аудандық және облыстық басқармаға жаңа типтік жобадағы мектеп құрылысын жоспарға енгізу, жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға қаржы қарастыру тапсырылды.
Б.Тәжібаевтың Бәйдібек ауданындағы білім насандарының жай-күйімен танысу барысында аудан әкімі Е.Нұрмаханов бірге жүрді.
Айта кететін, білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.
Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:
1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;
3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;
4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.
Ал, мұның барлығы мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің, шығармашыл педагогтің өз қызметіне, оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді.
Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бастап, елімізде ғылым мен білімді дамытып, білім ке­ңіс­тігінің қалыптасуына айрық­ша көңіл бөлініп келеді. «Халық пен халықты теңестіретін – білім» деп ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай, бәсекеге қабілетті шә­кірт, маман дайындау – біздің негізгі мақсатымыз.
«Білім туралы» ҚР Заңындағы: «Білім беру жү­йесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалып­тас­тыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қа­жетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ха­лық­аралық ғаламдық коммуника­ция­лық желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғалімнен ізденісті, білімділік пен біліктілікті қа­жет етеді.
Білікті ұстаз ғана шәкіртін бі­лім нәрімен сусындата алады. Бұл көпшіліктің көңілінде жатта­лып қалған ұғым. Ал ұстаз біліктілігі мен білімділігін қалай қам­тамасыз ету керек? Республи­ка­ның Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов жалпы білім беру ісінің жақсаруын осы саланы қаржыландырудың түпкілікті өзгеруімен байланыстырады. Ол үшін қаржыландырудың тиімді және түсінікті болуына қол жеткізу қажеттігін айтып келеді. Осы орайда мұғалім маман­дығының мәртебесін көтеру ба­ғы­тында біршама игілікті істер атқарылмақ. Ең бастысы, мұға­лім­нің еңбекақысы жұмыс нәти­жесіне байланысты төленетін бо­лады. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының бас­ты ұстанымы – тыңдаушылардың кәсіби біліктілігін арттыру. Инс­титут қызметкерлері курс бары­сында облыс педагогтарының ше­берлігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаның, интернеттің мол ақпараттық мүмкіндіктерін тиімді қолданады. Қазіргі білім беру мазмұны­ның жаңа парадигмасына сай оқы­тудың сапасын, нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында инс­титутта облыстық лицензия жә­не сараптама қызметі жүйелі түр­де жұмыс істеп келеді. Бұл ли­цензиялық кеңестен облыс мұға­лімдердің өз іс-тәжірибесіне бай­ла­нысты оқу-әдістемелік, еуростандарт үлгісі бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жинақта­ры, мемлекеттік аралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жасауға байланысты ұсыныстар, әртүрлі пәндерді оқы­туға арналған әдістемелік нұс­қаулықтар мен көмекші құралдар шығарылып отырады. Қостанай қалалық білім бөлімі әрбір мектеп үшін веб-сайттар ашып, қала көлемінде виртуалды әдістеме­лік көмек көрсетіп келеді. Со­ны­мен қатар әдістемелік кабинетте желілік педагогикалық қоғам жұ­мыс атқарады. Мұндай тәжірибе­лерді республика көлемінде тарату қолға алынып отырғаны белгілі. Тәуелсіз еліміздің болашағы – бүгінгі бүлдіршіндер. Оларды жан-жақты білімді, интел­лек­туал­ды жастар етіп қалыптастыр­ған­да ғана қазақ елі бәсекеге қа­білетті мемлекеттер қатарынан көрінбек. Әңгіме жас ұрпақты жан-жақты жетілген тұлға етіп тәрбиелеуде болып отыр.
Білім саласында жүрген қызметкерлер ғылыми жұ­мысқа аз тартылған. Педагоги­калық жоғары оқу орнына тү­сетіндерден психологиялық, пе­да­гогикалық қабілеттерін тексеру мақсатында емтихан енгізу ұсы­нысын да өте дұрыс деп са­най­мыз. Мектепте өткізілетін пе­да­гогикалық практикада студенттер болашақ маман ретінде тәжірибе жинақтамайды. Практикадан өт­кен мұғалімдерге жоғары оқу орны тарапынан, әсіресе әдісте­ме­лік жағынан көмек аз көрсеті­леді. Сол себепті жеке меншік жоғары оқу орындарын қысқарту керек деген мәселе орынды деп ойлаймыз. Қазіргі білімнің мазмұны санмен емес, сапамен өлшенетін ке­зең. Бір кездері аса құрметті де қадірлі болған осы мамандықтың бұл күнде беделі төмендеп кеткені ешкімге де жасырын емес. Жоғары оқу орнына түсуге тал­пын­ған талапкерлер мұғалім ма­ман­дығын менсінбейді. Көпшілік мұғалім мамандығы беделінің тү­сіп кетуін олардың әлеуметтік жағдайымен, еңбекақысының аз­ды­ғымен немесе мектептің тех­ни­калық жабдықталу жағдайы­мен байланыстырады. Халқымыз ұстазды ерекше ұлықтап, қадір­леген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...