Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Бұған дейін «Nur Otan» партиясының қатарынан шығып, өз алдыма бөлек партия құрамын деген Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында хабарланған.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылғаны туралы «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын», - делінген ОСК қаулысында.

«Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев Әлтаевтың мәселесі күн тәртібінде қаралғанын және бірауыздан партия қатарынан шығарылғанын мәлімдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...