“ЖЫР ЖАЗАМЫН ЖҮРЕГІММЕН” АТТЫ АҚЫННЫҢ КЕШІ ӨТТІ

“ЖЫР ЖАЗАМЫН ЖҮРЕГІММЕН” АТТЫ АҚЫННЫҢ КЕШІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында ақын Сайлаухан Жолановтың «Жыр жазамын жүрегіммен» атты кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Түркістан облысы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облысы бойынша төрағасы, ақын, журналист Айдар Сейдәзім, «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің басқарушы директоры, журналист Тельман Бейсен, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі, ақын, Бауыржан Ерман тағы басқа қонақтар қатысып, ақынның 45 жасқа толуымен құттықтады.

Сайлаухан Есболатұлы 1979 жылы 4 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қожамберді ауылдық жалпы орта мектебін бітіріп, 1999-2001 жылдары Қапшағай қаласында әскери борышын өтеген. 2003-2008 жылдары Түркістан қаласындағы «Қазақстан-Ресей» университетінің филология мамандағы бойынша тәмамдаған.

2008 жылы Оралхан Бөкей атындағы облыстық «Көркемсөз оқу шебері» байқауының жүлдегері. 2016-2018 жылдары Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдени тынығу жұмыстары» бойынша мамандығын алған. Облыстық салт дәстүр орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқауда режиссерлік жасап, «Бақсы» атты сценариімен өзі басты кейіпкерді сомдап, екінші орынды иеленген.

Көптеген патриоттық әндерге сөз жазған дарынды сазгер. Бүгінде Сайлаухан Жоланов республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген ұлағатты ұстаз. Қазіргі таңда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Сауран аудандық мәдениет үйінің режиссері қызметін атқарып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ