ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАСТАРЫ КЕШКІ УАҚЫТЫН ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АРНАДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАСТАРЫ КЕШКІ УАҚЫТЫН ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АРНАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастамаға Түркістан қаласы әкімі аппаратының жас мамандары өз үлестерін қосты.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған шараға қызметкерлер кешкі серуен уақытын арнады. Жұмыс уақыты біткен соң мамандар шаһардың туристік аймағы саналатын мәдени-рухани орталық аумағын қоқыстан тазартуға шықты.

Сенбілік барысында республикалық акцияның тазару мен жаңару маусымы саналатын көктем мезгілінде бастау алуының маңызы зор екендігі айтылды. Сонымен бірге, қатысушылар тазалық барысында халық әндерін шырқап, сергіту сәтін өткізді.

Акцияға қатысушы қала әкімі аппаратының жас маманы Ердәулет Төрехан: Тазалықтың ту еткен жобаның тұрғындарға берері мол. Табиғатты аялау, тазалықты ұстау ол тек қала үшін ғана емес, бәріміз үшін ортақ дүние. Ортақ үйіміздің тазалығын қамтуға әрбір тұрғын міндеттіміз, - деді.

Сенбілік соңында мамандар облыс тұрғындарына "Таза Қазақстан" республикалық акциясына атсалысуға шақырып, арнайы челлендж жолдады.

Айта кетейік, 10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Түркістанда «Таза өлке – Түркістан» науқаны өтеді. Әр аптаға арнайы ат беріліп, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...