НАУРЫЗ АЙЫ ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ҮШІН ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ

НАУРЫЗ АЙЫ ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ҮШІН ОЛЖАЛЫ БОЛДЫ
 
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен турнирде Париж Олимпиадасына Махмұд Сабырхан лицензия жеңіп алса, таэквондошы Қытайдағы іріктеу жарысында ел қоржынына Самирхон Абабакиров жолдама салды.
 
Фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласында мәресіне жеткен Еуропа кубогінің кезеңінде жерлесіміз Шерзод Хаширбаев үздік шығып, алтын және қола медаль жеңіп алды.
 
Қазақстан құрамасы WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League - Antalya 2024 халықаралық турнирінде София Берульцева қола жүлде жеңіп алды.
 
Афинада /Греция/ өткен Халықаралық турнирде біздің мектептің спортшылары топтық жаттығудан 8 команда арасында 2 алтын және 1 қола медальдарын жеңіп алды. Жекелей сында Парфилова Милана күміс және қола медальді қанағат тұтты.
 
Астана қаласында Грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында қазақтың аңыз спортшысы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнирде 130 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балуанымыз Джохар Узаровқа қола жүлде бұйырды.
 
Ел чемпионатына келсек, Шымкент қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы (2003 және одан кейінгі жылдары туғандар арасы) Қазақстан Республикасының чемпионатында Елизавета Безрукова Қазақстан рекордын жаңартты. 19 алтын, 9 күміс, 9 қола алған жерлестеріміз жалпы командалық есепте 1-ші орын алды. Ал, Теміртау қаласында өткен конькимен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының Кубогының 2 кезеңінде жерлестеріміз 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль қоржынымызға салып, командалық есепте үздік үштіктен көрінді.
 
 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық...