ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы Азия чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады. Ләззат Тәжиева атындағы №4 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Нью-Кларк-Сити қаласында өткен суға жүзу спортына қатысып, Максим Сказобцов 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алса, ал Даниил Черепанов 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль ұлттық құрама қоржынына алып келді.
 
Басқарма басшысы мен Суға жүзу спорты федерациясының президенті Қозбахов Шыңғыс спортшыларды құттықтап, арнайы ақшалай сыйлықтарды табыстады. Сондай-ақ, өз алғыстарын білдіріп, алда болатын додаларда сәттілік тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Басымдық берілетін туристік бағыттардың жай-күйін бағамдау мақсатында өңірлерге жұмыс сапарын жалғастырған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек...