ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ҚЫТАЙДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ҚЫТАЙДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының туристік әлеуеті Қытайда таныстырылды. Шымкент қаласының туристік ағынын арттыру және туристік өнімді жарнамалау мақсатында Пекин қаласында туристік бизнес өкілдеріне ақпараттық «Road Show» ұйымдастырылды.

Роуд-шоуға түрлі туристік және әуе компаниялардың 40-тан астам өкілі қатысты. Қатысушыларға Шымкенттің көрікті жерлерінің табиғи пейзаждары мен бейнероликтер көрсетіліп, ұлттық тағамдардың гастрономиялық дәмін тату және «Шымкент шайы» ұсынылды. Жақында Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енген болатын. Бұл екі ел азаматтары үшін жеке істер, туризм, ем қабылдау, халықаралық тасымалдар, транзиттік және іскерлік мақсаттар бойынша шекара асатын жағдайда визалық талаптардан босатылып, туристік қатынастарда үлкен потенциал бермек. Бүгінде 6 айлық статистикалық есептік көрсеткіш бойынша Шымкентке 215 098 турист келген. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 400 мыңнан асыру жоспарлануда. Соның ішінде сырттан келуші турист санын арттыруға аса мән беріліп отыр.  Айта кетейік, іс-сапар барысында туризм саласы өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.

Іскерлік шара аясында еліміздің әрбір өңірі қытайлық туроператорларға, көрме ұйымдастырушыларына және кәсіпкерлеріне өзінің туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін ұсынады.

Форумда Шымкент қаласының стенді ұлттық нақышта безендірілді. Қонақжайлық дәстүрі көрсетіліп, келушілерге қазақтың ұлттық тағамдары – қазы, бауырсақ, наурыз көже ұсынылды.

Стендтің құрметті қонақтарының бірі Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев болды.

Форумның панельдік отырысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов баяндама жасап, тарихи ескерткіштер мен көрікті жерлер, қолайлы климат пен қонақжайлылық сияқты мегаполистің туристік артықшылықтарын атап өтті.

Инвестициялық әлеуетке келетін болсақ, қалада инвесторлар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сәуір-мамыр айларында Шымкентке Қытайдан туроператорлар делегациясы келіп, қаланың инфрақұрылымымен танысатын болады.

Еске салайық, Қытайдағы Қазақстанның Туризм жылы деп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы ҚХР-ға ресми сапары барысында жарияланған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...