ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАРДЫҢ АСЫҚТАРЫ АЛШЫСЫНАН ТҮСІП ТҰР

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАРДЫҢ АСЫҚТАРЫ АЛШЫСЫНАН ТҮСІП ТҰР

Қытай елінің Тайань қаласында таэквондодан халықаралық лицензиялық іріктеу турнирі өз мәресіне жетті. Халықаралық додада еліміздің ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына 2 жолдама жеңіп алды.

Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған оңтүстіктің жас спортшысы – 58 келіде өнер көрсеткен Самирхон Абабакиров туған жерге оралды. Оларды Шымкент қаласының әуежайынан спорт саласының мамандары мен спорт жанашырлары және туған-туыстары зор құрметпен қарсы алды.

Сондай-ақ, шараға Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының Оқу әдістемелік және жоғары спорт жетістіктері бөлімінің басшысы Шоқан Шырынханұлы қатысып, құттықтау сөзін жеткізді.

Айта кетейік, 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Самирхон Абабакиров 3 айқаста да қарсыласынан басым түсті.

Жарыс жолындағы қарсыластары:

1/8 финал

Нұрхан Самидинов 2:0

1/4 финал

Танакрит Йодрак 2:0

1/2 финал

Курт Бриан Барбоса 2:0

 

Одан бөлек, шымкенттік каратэ спорты да қарыштап дамып келеді. Мәселен, Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирі өтіп жатыр.

2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы қазақстандық каратэші Софья Берульцева Түркияда қарсылас шақ келтірмей, қатарынан үш спортшыны жеңіп, ширек финалға өтті. Іріктеуде 68 келіден жоғары салмақта Берульцева белгиялық Мулоло Офелиямен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Екінші жекпе-жекте Титта Кейнаненді (Финляндия) ойсырата ұтты. Есеп: 3:1.

Ал үшінші бәсекеде Аустралия өкілі Салливан Ханнаны жерлесіміз 3:0 есебімен жеңді. Осылайша ширек финалға шықты. Ширек финалда қарсыласы португалиялық Рита Оливейрадан айласын асыра алмады. Жұбаныш кездесуінде жерлесіміз қарсыласын ойсырата ұтып, қола жүлдені қанағат тұтты. Құттықтаймыз!

Айта кетейік, Софья Берульцеваның бас бапкері Тоқсейітов Бақтияр.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР...

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады, деп...

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық...

Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық...