ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЗАРЫҚ САЯЖАЙЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЗАРЫҚ САЯЖАЙЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі - Ғабит Сыздықбекұлы аудан аумағын аралау барысында “Бозарық” саяжайы Жаңақұрылыс аумағы тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында елді мекен халқын алаңдатып отырған маңызды мәселелер талқыланды. Оның ішінде елді мекеннің инженерлік жүйелерінің проблемасы жиі көтерілді.
Бұл мәселені шешу мақсатында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, 2023 жылдың III тоқсанында құрылыс жұмыстарын бастады. Бүгінгі таңда электр жарығы бойынша құрылыс жұмыстары (абоненттеу) жүргізілуде.
Ал, ауыз су және табиғи газ жүйесінің құрылысын 2024 жылдың II жартыжылдығында аяқтау жоспалануда. Жобаға сәйкес, “Бозарық”саяжайы жаңақұрылыс аумағындағы 1 200 абонент инфрақұрылымдық жүйемен толық қамтамасыз етілетін болады.
Еске сала кетейік, аталған елді мекенде тұрғын үй-жайлар саны - 1 960, халық саны-8 400, мектептер саны-1 (№131 мектеп, 2000 оқушы), балабақшалар саны-3 (жеке меншік), спорт алаңдарының саны-2.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...