ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Шымкент қаласы Абай ауданың әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандағы қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін проблемалық мәселелер талқылау мақсатында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Нашақорлыққа жол жоқ», «Зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары» атты тақырыптарда жиын өткізілді.
Жиынға Абай ауданы прокурорының орынбасары, Абай аудандық жергілікті полиция қызметкерлері, Абай ауданы жастар орталығы, денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, ауыл билері, тұрғын үй басқарушылары қатысты.
Жиналыс барысында болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы, ең алдымен ата-анадан, отбасынан басталатыны айтылды.

Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:

  • Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді.
  • Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынасы қиын жасөспірімдер көбінесе сыныпта оқшауланып, өздерін бөтен сезінетіндігімен, әдетте қиын жасөспірімдер нашар оқитындығымен күрделене түседі. Оқуы қиын жасөспірімдерді сынып ұжымында оқшаулау олардың құқық бұзушылық жолына түсуіне ықпал ететін басты себептердің бірі болып табылады.
  • Көше. Отбасында және мектепте қолдау мен көңіл бөлінбей өскен кәмелетке толмаған адам қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыра алатын басқа ортаны іздейді. Жас-өспірім, әдетте, көшеде қарым-қатынастың жетіспеушілігін толтыруға тырысады. Егер мұнда ол «жаман» әсерге ұшыраса, онда оның қалыптасуы теріс болуы мүмкін. Әдетте, мұндай жасөспірімдердің тұрақты қызығушылықтары жоқ, спорттық және басқа үйірмелер мен секцияларға қатыспайды, мақсатсыз уақытты өткізуге мәжбүр болады.
Құзырлы органдар тарапынан құқыбұзушылықтың алдын алуда профилактикалық шаралар жүйелі және жиі өткізіліп жатқандығын, орын алған оқиға бойынша қатаң шаралар қабылданғандығы туралы ескертілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...