РЕТСІЗ САУДАҒА ЖОЛ ЖОҚ!

РЕТСІЗ САУДАҒА ЖОЛ ЖОҚ!
Шымкент қаласы Ш.Рашидов көшесі бойында орналасқан №98, №108, №110, №112 көпқабатты үй тұрғындары сол аумақтағы құрылыс дүкендеріне келетін ауыр жүк көліктерінің дауысы мен жағымсыз иісінен, үздіксіз кептелістерден шаршағандарын айтып, тұрақты шағым білдіріп келген, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ тілшісі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Осы орайда Шымкент қаласы әкімі аталған аумақты аралау барысында Ш.Рашидов көшесінің бойындағы құрылыс сататын дүкендердің алдындағы ретсіз сауданы ретке келтіру бойынша тапсырма берген болатын.
Аталған тапсырмаға сәйкес Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мамандары, аудандық полиция басқармасы, Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті, Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасыны мен аудандық кірістер басқармасының қызметкерлерінен құрылған комиссия мүшелерімен бірлесе зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар барысында Ш.Рашидов көшесі бойындағы құрылыс сататын дүкендердің меншік иелері тарапынан заңсыз құрылыс, жерді өз бетінше иелену, жерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбау, қаланың абаттандыру қағидаларын бұзу, белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасау фактілер анықталды.
Нәтижесінде құзырлы мекеме өкілдері тарапынан кәсіпкерлік нысан иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505 және 204 баптарына сәйкес барлық ескерту хаттамалары толтырылды.
Алдағы уақытта Ш.Рашидов көшесінің бойындағы ретсіз сауда орындары толығымен жойылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Құрметті қала тұрғындары мен кәсіпкерлері!
Аяқжолдарда және басқа да белгіленбеген орындарда сауда жасауға жол берілмейтіндігін ескертеміз. Заңсыз сауда орын алған жағдайда 102 нөміріне немесе учаскелік инспекторға хабарласуларыңызды сұраймыз! Қаланың қолайлы ету баршамызға ортақ тірлік.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...