2024 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін 50,0 млрд теңгеге жеткізу көзделуде. Осы орайда, кіші және орта бизнестің инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарының үлестері орасан. Шымкент қаласы әкімінің тарапынан қаламыздың кәсіпкерлеріне қолдау шараларын күшейту, оларға мемлекеттік органдар тарапынан рұқсатнама құжаттарын алу барысында бюрократиялық кедергілерді болдырмау, бизнесін жандандыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында жәрдем беру бойынша тапсырмалар берілген.
Аталған бағытта аудан әкімі аппаратының қызметкерлері Әл-Фараби ауданы аумағындағы кіші және орта бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіліп, шешімін таппай жүрген өзекті мәселелерін тыңдап, бағыт бағдар беру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.