ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Шымкент қаласының Көрме орталығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша көрме ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған көрмеге қала әкімі, бас мердігерлер қатысып, ұлттық жоба аясында салынып жатқан мектептерді жабдықтауға арналған жиһаздар ұсынылды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиһаз түрлерімен танысып, мектептерді ұлттық жоба талаптарына сәйкес жабдықтау бойынша нақты тапсырмалар берді.

«Өндіріс орындарының қуаттылығына қарай кәсіпкерлерге заң шеңберінде мүмкіндіктер беріледі. Тиісті талаптарды қатаң сақтап, ең бастысы, жиһаздардың оқушыларға қолайлы әрі сапалы болуын қадағалаңыздар. Білім нысандарының заманауи талаптарға сай жабдықталуын назарға алу қажет», – деді Шымкент қаласының әкімі.

Жиһаз өндірушілер өндірістік қуаттылықтары мен мүмкіндіктерін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді. Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар аясында көмек көрсетуде бірқатар тапсырма берді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі дирекция ретінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жиһаз-жабдықтарды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардан сатып алады. Яғни, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысу үшін тауар өндірушілердің СТ-KZ немесе индустриалды сертификаты болуы тиіс. Себебі, білім беру саласындағы осы пилоттық ұлттық жобаға сәйкес мектептің барлық ғимараттары мен жиһаздары ыңғайлы, қауіпсіз болуы тиіс және еліміздің заңдары бойынша тиімді оқыту процесін ұйымдастыру үшін білім алушылар мен педагогтердің оқу-тәрбие қажеттіктеріне сәйкес келуі керек», – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Айта кетейік, көрмеге шымкенттік «Mega Smart», «Ақниет Holding», «Alem Luxury», «Шымснаб 13», «СК Аймақ», «Қыдырбаев», «Shymloft» фабрикалары қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Подробно обсуждены вопросы, касающиеся крушения пассажирского самолёта авиакомпании «Азербайджанские авиалинии» 25 декабря вблизи города Актау в...

Заместитель премьер-министра и глава правительственной комиссии Канат Бозумбаев в беседе с корреспондентом Tengrinews.kz прокомментировал информацию о том, что на Казахстан в...

Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да...

Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында жүзеге асырылған мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба жоғары...