КҮЙ ОЙНАДЫ КҮМБІРЛЕП

КҮЙ ОЙНАДЫ КҮМБІРЛЕП
20 наурызда білім басқармасына қарасты мекемелер мен білім беру ұйымдарының қатысуымен «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті. Шымкентегі Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінде өткен бұл челленджге осы мектеп пен тыс мекемелердің 300-ден астам оқушысы Ә.Желдібаевтың «Ерке Сылқым», Дәулеткерейдің «Көрұғлы» және Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындады.
Ұлттық өнерді насихаттау мақсатында өткен күй челенджіне қаладағы 2 мыңнан аса білім мекемесінен 21 мыңнан аса оқушы, студент, ұстаздар қатысты. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында, бір уақытта күмбірлеген домбыра үні ұлтымызды ұлықтап, мерекелік ләззат сыйлады. 
Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде, Арбат алаңы мен Абай саябағында «Ордабасы – бірліктің туы», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» атты тарихи мультфильмдермен қатар «Ұлы дала таңы», «Көшпенділер», «Жау жүрек мың бала» көркем фильмдері ұсынылды.
Домбырашылар челленджі – 2023 жылдан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан Наурыз қарсаңындағы ауқымды республикалық жоба. Челлендждің мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу.
Бұл челлендж былтыр алғаш рет өткен болатын. Домбыраның күмбірлеген үні бір уақытта барлық білім беру ұйымдарында ойнап, ұлт байлығын насихаттаған жоба еліміздің мәдени өмірі үшін елеулі оқиға болды. Мейрамның онкүндігі аясында тақырыптық челлендждер, жалпыұлттық экологиялық акциялар және ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылып келеді.
Игі шара өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, елдің мәдени мұрасын жалғастыруға, балалар арасында домбырада ойнауды насихаттауға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...