ТАРАЗДА ӨТКЕН ЖАС ҒАЛЫМДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ТАРАЗДА ӨТКЕН ЖАС ҒАЛЫМДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы университеті базасында 5-11 сынып оқушылары, колледж бен университет студенттеріне арналған «Мектеп пен университет: ғылыми ынтымақтастық қырлары» атты XV Республикалық ғылыми -тәжірибелік конференциясы қорытындыланды.

Аталмыш конференцияны М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз  өңірлік   университеті,  «Халықаралық педагогикалық   шығармашылық   пен   ғылымның   дамуын   қолдау   қоры» Қоғамдық  қоры  және М.Әуезов атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  ғылыми-зерттеу университеті бірлесіп ұйымдастырды. Конференция аясында жүзден аса оқушы өз жобаларын ұсынып, бақтарын сынады. Қатысушылар жаратылыстану мен гуманитарлық бағытта жобаларын қорғады.

Республикалық конференцияның ашылу салтанатында Дулати университеті, Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директоры Сәуле Құрмантайқызы сөйлеп, іс-шара қатысушылардың қабілетін шыңдауға, ғылыми жобаларын қолдауға бағытталғанын жеткізді. Мектеп оқушыларына 65 жылдық тарихы бар Дулати университеті туралы, ғылыми әлеуеті мен материалдық-техникалық базасы жайында ақпарат беріп өтті.

Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті ректорының м.а. Илья Воротынцев онлайн арқылы байланысқа шығып, «Я – химик, я создаю будущее» тақырыбында презентация жасады.  Дулати университеті базасында ашылатын РХТУ филиалы туралы мәлімет беріп өтті. Химия саласында маман даярлаудың өзектілігі мен қажеттілігін баса айтып, түлектерді  оқуға шақырды.

Д.И. Менделеев атындағы РХТУ «Өндірістік экология» кафедрасының зертхана меңгерушісі Сергей Азопков сөз алып, ғылыми жобалармен айналысудың маңыздылығын сөз етті. Сондай-ақ, «Менделеев сыныптары» туралы мәліметімен бөлісті. Жоба аясында ғылыми экспедициялар ұйымдастырылатынын, бұндай шаралар болашақ ғалымның қалыптасуына үлкен әсер ететінін жеткізді. 

Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаз Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің 9 "В" сынып оқушысы Убайдулла Камшат Ерболқызы қатысып, жүлделі I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тазабекова Гүлмира Балабекқызы.
Сонымен қатар, жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар қаржылай сыйлықтарға ие болып, қатысушылар жүлделі диплом және сертификаттармен марапатталды

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі салалар бойынша оң өсімге қол жеткізілді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын...